Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 79-1) және 79-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"79-1) Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
79-2) Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киім кию қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасы мен айырым белгілерін әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |