Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.04.2020 № 196 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 506-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
"
7. | "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын агенттік облигациялар |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |