"2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 886 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 22 және 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22

Мемлекеттік тілдің латиницаға өтуі үшін латын графикасын пайдаланудың бірың ғай стандартын әзірлеу

Қазақ жазуын ұлттық әліпбиді латын графикасына көшіру негізінде түбегейлі реформалауды талдамалық және социологиялық зерттеуді жүргізу, қазақ жазуын әліпбиді латиницаға ауыстыру негізінде реформалаудың фонетика-фонологиялық, сингармонологиялық, орфографиялық және орфоэпиялық, грамматикалық, лексикологиялық, тарихи-ареальдық, ономастикалық, терминология-лық, этнолингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, лингвомәдениет танымдық негіздерін анықтау, латын графикасында дұрыс жазудың нормативтік қағидаларын жасау бойынша жұмыстарды талдау және генерациялау, латын графикасына бейімделген оқулықтарды және оқу құралдарын дайындау бойынша дайындық жұмыстарының деңгейін көтеру

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" РМҚК

001 "Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру"
103 "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтинг тік қызметтер көрсету"

141043

23

Ғылы ми негізде "Қазақ стан халқы" интерактивті карта сын әзірлеу

Географиялық ақпараттық жүйе мен WEB (дүниежүзілік тор) технологияларды пайдалана отырып, "Қазақстан халқы" электрондық картасын әзірлеу бойынша ақпараттық талдамалық зерттеу жүргізу. Оның таныстырылы-мын 2018 жылғы алғыс айту күніне қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМҚК

001 "Білім беру және ғылым саласында ғы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру"
103 "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету"

80 000

      ";

      реттік нөмірі 73-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

73

Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, Қазақ стан Республикасында қорғалған PhD диссертациялары туралы есептерді мемлекеттік есепке алу

Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, Қазақстан Республикасында қорғалған PhD диссертациялар туралы есептерді мемлекеттік есепке алу. Жобалық және есептілік құжаттаманы мемлекеттік есепке алу негізінде ақпараттық қорларды қалыптастыру. Ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік тіркеу. Мемлекеттік тіркеу нәтижелері бойынша қорларға қолжетімділік-тің телекоммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелілігінің мониторингі. Ғылыми техникалық ақпарат саласында ақпараттық материалдармен алмасуды қамтитын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министр лігі (Ғылым комитеті)

"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы" АҚ

219 "Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогика лық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету"
101 "Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету"

143770

      ".


      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев