Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 858 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) 622 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы;

      2) 1706 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылғы 1 тамызға және 2019 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп берсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев