"Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 757 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 622 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 22.08.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013ж., № 65, 882-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ИКАО Конвенциясына 1-қосымшаның талаптарына сәйкес авиация персоналының қолданыстағы тиісті куәліктері болуға тиіс мемлекеттік авиация инспекторлары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес біліктілігін сақтау және олардың жарамдылығы мерзімін ұзарту үшін оқудан өтеді.

      Әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге, оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты мемлекеттік авиация инспекторлары кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған жарамды куәлiгi болған және денсаулық жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жіберіледі.

      Мiндеттi медициналық куәландырылуға жататын мемлекеттік авиация инспекторларына денсаулық жағдайы бойынша қойылатын талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негiзiнде әзiрленген және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында белгiленедi. Авиация персоналына жататын адамның денсаулық жағдайының сәйкестігі авиация персоналы куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылатын медициналық қорытындымен расталады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев