Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 753 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі ─ кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

      2) әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев