"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 қаулысы

Қолданыстағы

      "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже;

      2) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 690 қаулысымен
бекітілген

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерін (бұдан әрі – инновациялық кластер) дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды жүзеге асырады.

      2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Кеңестің негізгі функциялары

      3. Кеңестің негізгі функциялары:

      1) инновациялық кластерді дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау;

      2) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      4. Кеңес өз құзыреті шегінде:

      1) инновациялық кластерді дамытумен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

      2) консультациялар жүргізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;

      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерге құқылы.

4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңестің құрамын Кеңестің жұмыс органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      6. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңестің төрағасы болып табылады.

      8. Кеңес төрағасы:

      1) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

      3) Кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі;

      4) Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді;

      5) Кеңес отырыстарының күн тәртібін айқындайды және хаттамаларына қол қояды;

      6) Кеңес мүшелерінің оның қызметін жетілдіру және Кеңестің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;

      7) нормативтік құқықтық актілерде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9. Кеңес хатшысы:

      1) Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асырады;

      2) төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртібінің жобасын енгізеді;

      3) қорытындыны талап ететін материалдарды Кеңестің сарапшылық кеңесіне немесе тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;

      4) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды Кеңес мүшелері мен басқа да мүдделі адамдарға жібереді;

      5) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10. Кеңестің жұмыс органы "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры болып табылады.

      11. Кеңестің жұмыс органы:

      1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      2) Кеңес ұсынымдарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өтетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      4) Кеңестің жұмыс жоспарларының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      12. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      13. Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның бастамасымен шақырылады.

      14. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      15. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      16. Кеңес мүшесі немесе мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

      17. Кеңес шешімдері төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

5. Кеңес қызметін тоқтату

      18. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 690 қаулысымен
бекітілген

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға


      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары


      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы


      Алматы қаласының әкімі


      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)


Новачук

Олег Николаевич

-


"КAZ Міnеrаls РLС" тобының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Құлыбаев 

Тимур Асқарұлы

-


"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы (келісім бойынша)

Машкевич

Александр Антонович

-


"Еurаsіаn Resources Group s.a.r." Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Рақышев

Кеңес Хамитұлы

-

"Sat & Соmраnу" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Рахымбаев

Айдын Жұмаділұлы

-

"Вuіld Іnvestmеnts Grоuр" Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Стивен Францен

-

"IDС"-дің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлері бойынша аға вице-президенті (келісім бойынша)

Оспанов
Ерлан Маратұлы

-


"Верный капитал" компаниялар тобының бас директоры және басқарушы әріптесі (келісім бойынша)

Фрэнк Монстрей

-

"Nostrum Oil and Gaz" Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)