Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 17), 23), 52), 101), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 117), 118), 119), 150), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 185), 186), 187), 188), 189), 190), 191), 192), 193), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209), 210), 211), 212), 213), 214), 215), 216), 217), 218), 219), 220), 221), 398), 401), 407), 408), 411), 438), 449), 450), 451), 452) және 456) тармақшаларын және 17-тармағының 64) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының 77) тармақшасы 2014 жылғы 21 қарашаға дейін қолданыста болады, Ереженің 16-тармағының 230), 453), 454) және 455) тармақшалары және 17-тармағының 414), 415) және 416) тармақшалары Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болады.
Ереженің 16-тармағының 71-3), 71-4) тармақшалары және 17-тармағының 30-4) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Ереженің 17-тармағының 191-2) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне көлік мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
251) тармақша алып тасталсын;
270) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"270) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби дипломның растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту;";
275-3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 309-1) және 309-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"309-1) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту;
309-2) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;";
мынадай мазмұндағы 320-1) тармақшамен толықтырылсын:
"320-1) қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін бекіту;";
мынадай мазмұндағы 337-1) тармақшамен толықтырылсын:
"337-1) жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін бекіту;";
410) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"410) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту;";
411), 412), 414), 416) және 418) тармақшалар алып тасталсын;
421-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"421-6) азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларын бекіту;";
427) және 428) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"427) азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
428) азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;";
430) тармақша алып тасталсын;
432) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"432) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту;";
436) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"436) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту;";
447) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"447) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;";
461) тармақша алып тасталсын;
482) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"482) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту;";
484) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"484) әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларын бекіту;";
486) және 487) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"486) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
487) азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;";
500) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"500) радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тестілеу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 500-1), 500-2), 500-3), 500-4), 500-5), 500-6), 500-7), 500-8), 500-9), 500-10), 500-11), 500-12), 500-13), 500-14), 500-15), 500-16), 500-17) және 500-18) тармақшалармен толықтырылсын:
"500-1) авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту;
500-2) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту;
500-3) азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту;
500-4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторларының санаттарына жатқызу қағидаларын бекіту;
500-5) әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту;
500-6) азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
500-7) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшу схемаларын (маршрутын) бекіту;
500-8) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту;
500-9) азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту;
500-10) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту;
500-11) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту;
500-12) авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту;
500-13) әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бекіту;
500-14) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесе отырып, әуежай қызметiнiң құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) тізбесін бекіту;
500-15) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен бірлесіп әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
500-16) Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту;
500-17) ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту;
500-18) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлеу;";
503) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"503) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша авиакомпаниялардың (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) оқиғалар, төтенше жағдайлар орындарына құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын тасымалдау және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу бойынша қызметтер көрсетуі туралы шешім қабылдау;";
505) және 506) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) шет мемлекеттердің авиациялық биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, азаматтық авиацияға қатысты ақпарат және тәжірибе алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 191-1) және 191-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"191-1) Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімін жүргізу;
191-2) темiржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып тексеруді жүзеге асыру;";
194-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"194-1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде шетелдік сыныптау қоғамын тану туралы шешім қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 194-3) және 194-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"194-3) порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау
194-4) порт құралдарын күзетуді бағалау туралы есеп пен порт құралдарын күзету жоспарын және оларға түзетулерді мақұлдау;";
206) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"206) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс істеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдану;";
216) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"216) көлік оқиғасы туралы уәкілетті органды құлақтандыру, кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексерулерді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты және дәлелдемелерді жинау;";
мынадай мазмұндағы 231-1), 231-2), 231-3), 231-4), 231-5), 231-6), 231-7), 231-8 және 231-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"231-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығару;
231-2) әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру кезінде азаматтық-әскери үйлестіру жүйесін орнату және ұстау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
231-3) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
231-4) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді және аккредиттеу туралы куәлікті беруді, сондай-ақ ондай куәлікті беруден бас тартуды жүзеге асыру;
231-5) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту;
231-6) әуе кемелерін пайдаланушылардың, әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың, қарап тексеруді жүзеге асыратын авиациялық қауіпсіздік қызметінің, авиациялық медициналық орталықтардың, авиациялық медициналық сарапшылардың қызметіне қадағалауды жүзеге асыру;
231-7) нұсқамалық материалды пайдалана отырып, азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестікке сертификаттық зерттеп-қарауды жүзеге асыру;
231-8) пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы ұсынған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту, сондай-ақ пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылау;
231-9) жасалған келісімдер негізінде шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне жүргізілген перрондық тексерулер бойынша ақпарат жинауға және оны шет мемлекеттермен алмасуға қатысу;";
241) тармақша алып тасталсын;
244) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"244) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшада көзделген авиация персоналына жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиациялық персоналына жататын адамға оның қажетті бiлiмi мен дағдыларының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын, кәсiптiк қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін беру, куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту, мұндай куәлiктi қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру, куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізу;";
248) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"248) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру;";
250) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"250) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелеріне құқықтарды, сондай-ақ қайтарылмайтын өкiлеттiктердi мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру;";
252), 253) және 254) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"252) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу, иелері сертификаттау талаптарын сақтамаған кезде сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) беруден бас тарту, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) қайтарып алу, олардың қолданылуын тоқтата тұру;
253) шет мемлекет Қазақстан Республикасының азаматына берген авиация персоналының куәлiгiн не тиiстi куәлiктi бере отырып, жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиация персоналының куәлiгiн, не Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған экипаж мүшелерінің куәліктерін тану;
254) Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды жүргізу;";
260) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"260) шет мемлекет берген азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы куәліктерін (сертификаттарын) тануды жүзеге асыру;";
265) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"265) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыштармен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асыру, сондай-ақ ондай куәлікті тану, өзгерту, шектеу, қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу;";
272) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"272) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, сондай-ақ егер әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тарту;";
279) және 280) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"279) әуежай мен Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды келісуді жүзеге асыру;
280) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтардың барлық оқиғалары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;";
282) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"282) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды жүзеге асыру және сертификат беру, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын кері қайтарып алу не мұндай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) қолданылу аясын толығымен немесе ішінара тоқтата тұру;";
мынадай мазмұндағы 282-4), 282-5), 282-6), 282-7), 282-8), 282-9), 282-10), 282-11), 282-12), 282-13), 282-14), 282-15), 282-16), 282-17), 282-18) және 282-19) тармақшалармен толықтырылсын:
"282-4) авиациялық медициналық орталықты сертификаттауды жүзеге асыру және сертификат беру;
282-5) тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылар санын, әуе кемелерінің типін және қону санын, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін ескере отырып, есептеу әдісіне негізделген, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перрондық тексерулер жүргізудің жылдық графигін қабылдау;
282-6) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған радиоаппаратураны пайдалануға арналған рұқсатты жарамды деп тану;
282-7) егер аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттау талаптарынан уақытша ауытқулар, белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелетін болса, мұндай ауытқуларға келісім беру;
282-8) әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістердің тізбесін алдын ала келісу;
282-9) пилотсыз ұшу аппараттарын есепке алуды жүзеге асыру;
282-10) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) бекіту;
282-11) шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын тану;
282-12) шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға рұқсат беру, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік, жалға алушы немесе жалға беруші тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылаудың не пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекет тарапынан қадағалаудың болмағаны анықталған жағдайларда, ондай рұқсатты қайтарып алу;
282-13) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларды тағайындау;
282-14) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылардың жұмыс істеуіне рұқсат беру;
282-15) азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтарының сертификаттарын тану;
282-16) әуеайлақтың пайдаланушысы әуеайлақта ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда, жекелеген технологиялық аяқталған объектілердің әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға уақытша рұқсатқа келісім беру;
282-17) авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру туралы шешім қабылдау, рұқсат беруден бас тарту, бұрын берілген рұқсатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу;
282-18) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру;
282-19) сертификаттар беру арқылы авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау, мұндай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) қолданылу аясын толығымен не ішінара тоқтата тұру, сондай-ақ егер қолданылу тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса, авиациялық медициналық сарапшы сертификатын қайтарып алу;";
288) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"288) нұсқамалық материалды пайдалана отырып шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексеруді және егер осындай әуе кемесінің бортында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдалану шектеулері сақталмайды деп есептеуге негіз болса, шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесіне жоспардан тыс перрондық тексеруді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 306-1) және 306-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"306-1) жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдану;
306-2) жай-күйі жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келмейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұруды жүзеге асыру;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |