"2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 658 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2016 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 775 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Мемлекет басшысының қатысуы мен өтетін іс-шаралар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған мерекелік іс-шараларды және салтанатты концерттерді, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберіндегі іс-шараларды, халықаралық конкурстар мен фестивальдерді өткізу, Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері шеңберінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТҮРКСОЙ, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазақәуендері" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу"

5828159

      ".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев