Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 645 қаулысы.

Қолданыстағы

      Астана қаласын негізгі отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Жол картасының тиiсінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жол картасының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын, 10 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жол картасының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

   


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 645 қаулысымен
бекітілген

Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасы

Жол картасының паспорты

Жол картасының атауы
 

Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасы
 

Әзірлеу үшін негіздеме
 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 17-01-7.3 тапсырмасы
 
 

Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
 
 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
 
 

Жол картасының мақсаты
 

Астана қаласының азық-түлік белдеуінің аумағында өндірісті дамыту және республиканың басқа өңірлерінен азық-түлік тауарларының тұрақты жеткізілімін құру негізінде отандық азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету
 
 

Жол картасының міндеттері
 

Азық-түлік белдеуі аймағында, оның ішінде тұрақты шикізат базасын құру есебінен өндірісті дамыту.
Астана қаласының нарығына республиканың басқа өңірлерінен тамақ өнімдерінің негізгі түрлерінің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
Астана қаласы мен оған жақын маңда орналасқан өңірлер аумақтарында сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.
 
 

Іске асыру мерзімдері
 

2017 – 2018 жылдар
 
 

Нысаналы индикаторлар
 

Жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2018 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілетін болады:
- жақын маңда орналасқан аудандарда аққауданды қырыққабат өндіру көлемін 23 %-ға өсіру;
- Астана қаласының азық-түлік белдеуі аумағында кәсіпорындардың қуаттылығын ет өнімдерін өндіру бойынша 72 %-дан 80 %-ға дейін; сүт пен сүт өнімдерін өндіру бойынша 54,6 %-дан 60 %-ға дейін арттыру;
- 3 көтерме-тарату орталығын (Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында) құру.
 
 

Қаржыландыру көздері және көлемі
 

Қаржыландыру қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын болады:
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы;
- "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылатын көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы, сондай-ақ "Қазагро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Қазагро" ҰБХ" АҚ) еншілес акционерлік қоғамдары қаржыландыратын және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өз қаражаты мен қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі басым бағыттарды іске асырудың 2017 жылға арналған жоспары шеңберінде.
Жобаны іске асыруға қосымша қаражат талап етілмейді.
 

   
 

            1. Ағымдағы ахуалды талдау

1.1. Астана қаласы тұрғындарының негізгі тамақ өнімдері түрлерін тұтынуын талдау

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында 1 002,8 мың адам тұрады.
      Соңғы бес жылда Астана қаласы халқының тауық жұмыртқасын, нан өнімдері мен жарма өнімдерін тұтынуы 5%-ға, қант пен кондитерлік өнімдерді тұтынуы 4,6%-ға, ет пен ет өнімдерін тұтынуы 4,1%-ға, көкөністерді тұтынуы 3,4%-ға, сүт пен сүт өнімдерін тұтынуы 2,8%-ға, май мен тоңмайды тұтынуы 2,6%-ға, картопты тұтынуы 1,4%-ға артуы байқалады. Балық және балық өнімдерін тұтыну 17,4%-ға, жемістерді тұтыну 6,4%-ға төмендегені тіркелді.
      Қаланың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен оның әл-ауқатының жыл сайын өсуін есепке ала отырып, тиісінше халық санының өсуі болжануда, бұл тамақ өнімдерін тұтынудың өсуіне әкеледі.
      Мәселен, 2018 жылы халық санының 19,2 мың адамға өсуі болжануда, тиісінше негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну көлемі 2 %-ға артады.
      Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана қаласының маңында өндірістік азық-түлік белдеуін құру басымдылық болып табылады.
 
            1.2. Астана қаласының аумағындағы негізгі тамақ өнімдері түрлерінің өндірісін талдау
      Астана қаласының аумағында 55 өңдеуші кәсіпорын, оның ішінде ұн өндіретін 9 кәсіпорын, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіретін 39 кәсіпорын, макарон өнімдерін өндіретін 1 кәсіпорын, шұжық өнімдерін өндіретін 5 кәсіпорын және ірімшік өндіретін 1 кәсіпорын жұмыс істейді.
 
            1-кесте. Астана қаласы аумағында орналасқан кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпарат
 

Өңдеу өнеркәсібінің түрі
 

Зауыттар саны
 

Шикізатты өңдеудің жиынтық қуаттылығы, жылына тонна
 

Қуаттылықтардың нақты жүктелуі, %
 

Дайын өнім өндіру көлемі, тонна
 

Ұн өндірісі
 

9
 

260 623
 

60
 

157 213
 

Нан, нан-тоқаш, кондитерлік және ұннан жасалған басқа да өнімдердің өндірісі
 

39
 

66 707
 
 

60
 

40 024
 

Макарон өнімдерінің өндірісі
 

1
 

38 000
 

70
 

26 429
 

Етті өңдеу
 

5
 

2 124
 

71
 

1 510
 

Ірімшік өндірісі
 

1
 

3 000
 

37
 

1 116
 

      Дереккөз: Астана қаласының әкімдігі
      Тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына сәйкес аталған кәсіпорындар Астана қаласы халқының ұнға, бидайдан жасалған нанға, макарон өнімдеріне деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.
      Астана қаласының аумағында күріш, қарақұмық жармасы, қант, өңделген сүт, қышқыл сүт өнімдері (ірімшіктен басқа), сары май, күнбағыс майы және шай сияқты азық-түлік тауарлары өндірілмейді. Астана қаласының тауық жұмыртқасына деген қажеттілігі қала аумағында орналасқан шаруашылықтар есебінен жабылады.
      Қалған азық-түлік тауарлары бойынша өндіріс көлемі тамақ өнімдерін тұтынудың шекті деңгейінен төмен.
 
            2-кесте. Астана қаласы тұрғындарының азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі
 
 
 
 

Өнімнің атауы
 

Ең төменгі нормалар жылына 1 адамға кг
 

Астана қаласының ең төменгі нормалар бойынша бір жылға арналған қажеттілігі, тонна
 

Өнім өндіру көлемі, тонна
 

Қамтамасыз етілуі, %
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

1 с. бидай ұны
 

13
 

13 036
 

157 213
 

1206,0
 

Макарон өнімдері
 

4,41
 

4 422
 

26 429
 

597,6
 

Жұмыртқа, мың дана
 

0,142
 

142 398
 

185 000
 

130
 

Шұжық өнімдері
 

3
 

3 008
 

952
 

31,6
 

Сүзбе
 

4,89
 

4 903
 

691
 

14
 

Қызанақ
 

5
 

5 014
 

431
 

8,6
 

Қияр
 

5
 

5 014
 

417
 

8,3
 

Картоп
 

95
 

95 266
 

2 017
 

2,1
 

Балық
 

8,4
 

8 424
 

81
 

0,9
 

Жылқы еті
 

3,2
 

3 209
 

26
 

0,8
 

Қызылша
 

5
 

5 014
 

30
 

0,6
 

Сәбіз
 

20
 

20 056
 

80
 

0,4
 

Сиыр еті
 

15
 

15 042
 

63
 

0,4
 

Алма
 

25
 

25 070
 

73
 

0,3
 

Қой еті
 

6,3
 

6 318
 

18
 

0,3
 

Шошқа еті
 

9
 

9 025
 

9
 

0,1
 

Пияз
 

20
 

20 056
 

18
 

0,1
 

Аққауданды қырыққабат
 

25
 

25 070
 

27
 

0,1
 

Құс еті
 

5
 

5 014
 

2
 

0,0
 

      * 2017 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1 002,8 мың адамды құрады
      1.3. Астана қаласына жақын маңда орналасқан аудандардың азық-түлік тауарлары өндірісін талдау
      Астана қаласының халқын отандық өндірістің сапалы және балғын азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағамен тұрақты қамтамасыз ету және импорттық өнімдерді біртіндеп ығыстыру мақсатында азық-түлік белдеуінің қатысушыларын іріктеу қаладан 300 шақырым радиуста жүзеге асырылды. Тиісінше бұл шартқа Ақмола облысының 17 ауданы (Аршалы, Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Сандықтау, Шортанды, Бурабай) мен Қарағанды облысының 4 ауданы (Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров) кірді.
      Осы аудандар аумағында күріш, қарақұмық жармасы, қант, балық және шайдан басқа негізгі азық-түлік тауарлары өндіріледі.
      Негізгі егіс алқаптарының алаңы бидай және азықтық дақылдарға тиесілі. Өсімдіктен алынатын өнімдердің егіс алаңдарының құрылымы 3-кестеде келтірілген.
 
            3-кесте. Астана қаласына жақын маңда орналасқан аудандардың 2016 жылғы егіс алаңдарының құрылымы
 

Облыстың атауы
 

Өнімнің түрі
 

Егіс алаңдары, мың га
 

Өнімділігі,
 

ц/га
 

Жалпы жиналым, мың тонна
 


 
 

   Ақмола облысы
 
 

бидай
 

3833,6
 

11,1
 

4 255,2
 

арпа
 

398,6
 

15,8
 

629,7
 

сұлы
 

41,5
 

15,6
 

64,7
 

майлы дақылдар
 

208,2
 

8,3
 

172,8
 

картоп
 

16,7
 

150,5
 

251,4
 

көкөністер
 

3,78
 

161,1
 

60,8
 

азықтық дақылдар
 

161,8
 

112,4
 

1818,6
 


Қарағанды облысы
 

бидай
 

560,2
 

11,9
 

666,6
 

арпа
 

112,1
 

13,8
 

154,6
 

сұлы
 

15,6
 

19
 

29,6
 

картоп
 

9,4
 

219,3
 

206,4
 

көкөністер
 

1,7
 

311,6
 

52,9
 

азықтық дақылдар
 

264,3
 

180
 

4757,4
 

      Дереккөз: Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
 
            Осылайша, жақын маңда орналасқан аудандардың ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі Астана қаласының аққауданды қырыққабат, пияз және алмаға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.
 
            4-кесте. Жақын маңда орналасқан аудандардың өндірісі есебінен Астана қаласын қамтамасыз ету мүмкіндігі
 

Өнімнің
 

атауы
 

Жалпы жиналымы, тонна
 
 

300 шақырымға дейінгі радиустағы аудандардың
 

(өзінің тұтынғанын алып тастағанда) қамтамасыз ету мүмкіндігі, тонна
 

Астана қаласының ең төменгі нормалар бойынша қажеттілігі, тонна
 

Қамтамасыз етілуі, %
 

Картоп
 

457 920
 

392 390
 

95 000
 

413
 

Қызылша
 

21 135
 

17 686
 

5 000
 

353
 

Қызанақ
 

15 433
 

11 984,4
 

5 000
 

240
 

Қияр
 

13 900
 

10 450,6
 

5 000
 

209
 

Сәбіз
 

30 887
 

17 091,2
 

20 000
 

85,4
 

Аққауданды қырыққабат
 

26 164
 

8 919,5
 

25 000
 

35,6
 

Пияз
 

1 805,5
 

0
 

20 000
 

0
 

Алма
 

699
 

0
 

25 000
 

0
 

      Дереккөз: Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
      Табиғи-климаттық жағдайларға және осындай жағдайларда пияз бен алма өсіру тиімсіз болатындықтан, олар жеткіліксіз мөлшерде өндіріледі.
      Сонымен қатар, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград, Шортанды және Ақкөл аудандарында қосымша 50 гектар және Қарағанды облысының Нұра ауданында 150 гектар енгізу жолымен аққауданды қырыққабат өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік бар.
      Мал шаруашылығында Астана қаласынан 300 шақырымға дейінгі радиустағы мал басының саны 824 мың бас қой мен ешкіні, 602 мың бас ірі қара малды (бұдан әрі – ІҚМ), 241 мың бас жылқыны, 8 789 мың құсты құрады, Ақмола облысында 5, Қарағанды облысында 4 құс фабрикасы жұмыс істейді.
      186 мал бордақылау алаңы бар, онда 16 201 бас мал, 468,4 сауылатын мал ұсталуда, сондай-ақ 57 асыл тұқымды шаруашылық бар. Жыл сайын шамамен 251,4 мың бас ІҚМ сою жүзеге асырылады (52 660 тонна сиыр еті) және 282 032 тонна сүт жиналады.
      Ақмола облысының 17 ауданының аумағында 270 өңдеу кәсіпорны, оның ішінде ұн өндіру бойынша 47 кәсіпорын, ет өнімдерін өндіру бойынша 15 кәсіпорын, нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша 192 кәсіпорын, сүт өнімдерін өндіру бойынша 14 кәсіпорын және күнбағыс майын өндіру бойынша 2 кәсіпорын жұмыс істейді.
      Қарағанды облысының 4 ауданының аумағында 56 өңдеу кәсіпорны, оның ішінде шұжық өнімдерін өндіру бойынша 4 кәсіпорын, нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша 47 кәсіпорын және сүт өнімдерін өндіру бойынша 5 кәсіпорын жұмыс істейді.
 
            5-кесте. Астана қаласынан 300 шақырымға дейінгі аудандар аумағындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар туралы ақпарат
 

Р/с №
 
 

Өңдеу өнеркәсібінің түрі
 

Зауыттар саны
 

Шикізатты өңдеудің жиынтық қуаттылығы, жылына мың тонна
 

Қуаттылықтардың нақты жүктелуі, %
 

Дайын өнім өндіру көлемі, мың тонна
 

Ақмола облысы
 





1
 

Ұн өндірісі
 

47
 

930 000
 

45,5
 

434 200
 

2
 

Нан, нан-тоқаш, кондитерлік және ұннан жасалған басқа да өнімдер өндірісі
 

192
 

87 000
 

32,7
 

28 500
 

3
 

Етті өндеу
 

15
 

20 500
 

70
 

15 235
 

4
 

Сүтті өндеу
 

14
 

83 700
 

56
 

46 876
 

5
 

Күнбағыс майының өндірісі
 

2
 

1 800
 

30
 

518
 

Қарағанды облысы
 





1
 

Нан, нан-тоқаш, кондитерлік және ұннан жасалған басқа да өнімдер өндірісі
 

47
 

2663
 

94
 

2 503
 

2
 

Етті өндеу
 

4
 

5844
 

65
 

3 800
 

3
 

Сүтті өндеу
 

5
 

3598
 

37,7
 

1 357
 

      Дереккөз: Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
      Астана қаласы маңында орналасқан аудандардың өндірісі көлемі Астана қаласының қой еті, шұжық өнімдері, балық, сүт, ірімшік пен сүзбе, сары май және күнбағыс майы бойынша қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.
 
            6-кесте. Жақын маңда орналасқан аудандардың өндірісі есебінен Астана қаласын қамтамасыз ету мүмкіндігі
 

Р/с №
 

Өнімнің
 

атауы
 

Өндіріс көлемі, тонна
 
 

300 шақырымға дейінгі радиустағы аудандардың
 

(өзінің тұтынғанын алып тастағанда) қамтамасыз ету мүмкіндігі, тонна
 

Астана қаласының ең төменгі нормалар бойынша қажеттілігі, тонна
 

Қамтамасыз етілуі, %
 

1
 

Құс еті
 

21 181
 

17 732
 

5 014
 

354
 

2
 

Жылқы еті
 

10 181
 

7 974
 

3 200
 

249
 

3
 

Сиыр еті
 

30 617
 

20 270
 

15 042
 

135
 

4
 

Шошқа еті
 

17 757
 

11 549
 

9 016
 

128
 

5
 

Тауық жұмыртқасы, мың дана
 


 

1 314 289
 

1 314 191
 

142 398
 

922,9
 

6
 

Қышқыл сүт өнімдері
 

5 234
 

3 027
 

3 209
 

106
 

7
 

Қой еті
 

6 547
 

2 201
 

6 318
 

34,9
 

8
 

Шұжық өнімдері
 

1 642
 

0
 

3 008
 

0
 

9
 

Сүт өнімі
 

39 174
 

0
 

84 737
 

0
 

10
 

Ірімшік пен сүзбе
 

654
 

0
 

7 250
 

0
 

11
 

Сары май
 

458
 

0
 

4 452
 

0
 

12
 

Күнбағыс майы
 

518
 

0
 

7 020
 

0
 

      Дереккөз: Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
      Осылайша, Астана қаласын сүтпен, ірімшік және сүзбемен, сары маймен, сондай-ақ қой етімен және шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану және сүт өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығын 60 %-ға дейін және ет өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығын 80%-ға дейін жеткізу қажет.
      Сүт өңдеуші кәсіпорындарды жеткілікті шикізат көлемімен қамтамасыз ету үшін 40 сүт қабылдайтын пункттен тұратын желі құру қажет: Қарағанды облысының Осакаров ауданында – 4 пункт, Абай – 3 пункт, Бұқар жырау – 5 пункт, сондай-ақ Ақмола облысының Ақкөл ауданында – 2 пункт, Аршалы – 1 пункт, Атбасар – 3 пункт, Астрахан – 1 пункт, Бұланды – 2 пункт, Егіндікөл – 1 пункт, Бурабай– 2 пункт, Еңбекшілдер – 2 пункт, Ерейментау – 1 пункт, Есіл – 1 пункт, Жақсы – 2 пункт, Жарқайың – 1 пункт, Зеренді – 3 пункт, Сандықтау – 1 пункт, Целиноград – 3 пункт, Шортанды – 2 пункт.
      Астана қаласы халқының қой етіне қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласының азық-түлік белдеуі аумағында ұсақ мал басының өсімін есепке алғанда жеткілікті мал саны бар (2016 жылы Астана қаласының азық-түлік белдеуі аумағында ұсақ мал саны 1,5 млн. басты құрады).
      Шұжық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үшін жалпы 1 326 бас ірі қара мал басы бар 6 мал сою пунктін (Нұра ауданында 4 пункт, Осакаров – 1 пункт және Астрахан – 1 пункт) және 81 мал бордақылау алаңын (Нұра ауданында 14 алаң, Осакаров – 16 алаң, Ақкөл – 6 алаң, Аршалы – 7 алаң, Астрахан – 8 алаң, Егіндікөл – 5 алаң, Қорғалжын – 7 алаң, Целиноград – 8 алаң, Шортанды –10 алаң) құру қажет. Осы бордақылау алаңдары, сондай-ақ көрсетілген аудандардағы бар мал басы өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын қажетті деңгейге дейін жүктеуге мүмкіндік береді.
 

1.4. Астана қаласы мен оған жақын маңда орналасқан аудандардың дайындау және сақтау инфрақұрылымы

      Астана қаласының шегінде сыйымдылығы 42 748 тонна болатын 8 көкөніс және картоп сақтау қоймасы жұмыс істейді. Аталған көкөніс сақтау қоймаларының жүктелуі 31 %-ды құрайды, ал сақтау қажеттілігі 175 мың тонна.
      Қарағанды облысының 4 ауданында сақтау сыйымдылығы 201 630 тонна болатын 72 көкөніс және картоп сақтау қоймасы, Ақмола облысының 17 ауданында жалпы сыйымдылығы 71,6 мың тонна болатын 54 арнайы сақтау қоймасы бар.
 
            1.5. Астана қаласын қамтамасыз етуге қажетті республиканың өзге өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін талдау
      Атап өткендей, Астана қаласының, Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағында күріш, қарақұмық жармасы, қант, шай өндірілмейді.
      Сонымен қатар, өсімдік майы, балық және балық өнімдері болмашы көлемде өндіріледі.
      Негізгі тамақ өнімдері түрлерінің жеткіліксіз көлемі өзге өңірлерден жеткізу және импорттық өнім есебінен қанағаттандырылады.
 
            7-кесте. 2016 жылғы республиканың басқа өңірлеріндегі өнім өндірісінің көлемі және Астана қаласы үшін оларды жыл сайын жеткізу мүмкіндігі
 

Өнім атауы
 

Республика бойынша өндіру көлемі, тонна
 

Астана қаласының ең төменгі нормалар бойынша қажеттілігі, тонна
 

Ықтимал жеткізу көлемі, тонна
 

Күріш
 

179 727
 

8 524
 

7 417,3
 

Қарақұмық жармасы
 

14 281
 

2 006
 

323
 

Қант
 

410 897
 

18 050
 

15 707
 

Шай
 

17 869
 

672
 

584,7
 

Күнбағыс майы
 

126 897
 

7 020
 

6 108,3
 

Балық
 

37 273
 

8 424
 

7 500
 

      Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті және өңірлердің әкімдіктері
 
            Республика бойынша күріштің өндірілген көлемі 2016 жылы 179,7 мың тоннаны құрады. Күріштің негізгі өндірілетін көлемі Қызылорда облысына тиесілі, 2016 жылы ол 169,5 мың тоннаны құрады, осы тауардың профициті ең төменгі тұтыну нормаларына сәйкес 163,0 мың тоннаны құрады, бұл республиканың қажеттілігін 153,1 мың тоннаға қанағаттандырады.
      Республика бойынша қарақұмық жармасының өндіріс көлемі 2016 жылы 14,2 мың тоннаны құрады, республиканың қажеттілігі 36 мың тонна. Қарақұмық жармасы өндірісінің анағұрлым көп көлемі Павлодар облысында 8,9 мың тонна болды, профициті 7,4 мың тоннаны құрады.
      Республика бойынша құрақ қанттың және қызылшадан жасалатын қанттың өндіріс көлемі 2016 жылы 410,8 мың тоннаны құрады. Қант өндірісінің негізгі көлемі Алматы облысында 19,4 мың тоннаны, Жамбыл облысында 387,6 мың тоннаны құрады. Бұл республиканың қажеттілігін 125 %-ға қанағаттандырады.
      Қазақстанның өсімдік майына қажеттілігі 126 мың тонна болғанда, оның өндірісі 126,8 мың тоннаны құрады. Өсімдік майының негізгі өндірушісі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады, 2016 жылы өндіріс көлемі 59,4 мың тоннаны құрады.
      Балық және балық өнімдері ең көп көлемде Атырау облысында өндіріледі, мәселен, 2016 жылы барлығы 37,2 мың тонна балық және балық өнімдері өндірілді, оның ішінде Атырау облысында 12,9 мың тонна немесе бұл жалпы өндіріс көлемінің 34,7% болып табылады.
      Маусымаралық кезеңде қияр мен қызанақ бағасын тұрақтандыру мақсатында осы өнімдердің қосымша көлемін жеткізу қажет. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде табиғи-климаттық қолайлы жағдайларды ескере отырып, қосымша жылыжайлар құрған жөн.
      Осы өңірлердің өндіріс әлеуеті Астана қаласының көрсетілген өнімдерге деген қажеттілігін қамтамасыз ете алады.
      Бұл ретте қала тұрғындарына азық-түлік тауарларының кең ассортиментін ұсыну үшін нарықта импорттық өнімнің болуы қажет, осыған негізінде, Астана қаласының нарығына ең төменгі тұтыну нормаларына сәйкес қаланың жылдық қажеттілігінің 10 %-ы көлемінде азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша есеп жүргізілді.
 
            2. Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу, сондай-ақ Жол картасының міндеттерін іске асыру үшін 2018 жылдың соңына дейін мынадай шараларды қабылдау қажет:
      1. Аққауданды қырыққабатты кемінде 1380 га алаңда өсіру.
      2. 40 сүт қабылдау пунктін құру.
      3. 81 мал бордақылау және 6 мал сою пунктін құруды қамтамасыз ету.
      4. Сүт өңдеу қуаттылықтарын кемінде 60 % деңгейінде және ет өңдеу қуаттылықтарын кемінде 80 % деңгейінде жүктеу.
      5. 3 көтерме-тарату орталығын құруды қамтамасыз ету.
      6. Негізгі азық-түлік тауарлары түрлерінің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
      7. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 97 отбасылық жылыжай құру.
      Бұл шараларды Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген шараларды орындау арқылы іске асыру көзделеді.
      3. Астана қаласының нарығына өңірлерден азық-түлік тауарларын тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету шаралары
      Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысатын азық-түлік тауарларын өндірушілердің өнімдерін, сондай-ақ өзге өңірлердің өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін мынадай ынталандыру шаралары қолданылатын болады:
      1. Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге "Астананың азық-түлік белдеуінің қатысушысы" деген мәртебесі беріледі, ол:
      1) субсидиялау қағидаларында субсидия төлеуде;
      2) "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес акционерлік қоғамдарының кредит беруі кезінде;
      3) коммуналдық базарларды қоса алғанда, өткізу нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуде басымдық көздеуге мүмкіндік береді.
      2. Әрбір өңірде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан үкіметтік емес ұйымдар арқылы "Астананың азық-түлік белдеуінің қатысушыларын" іріктеу тетігін енгізу.
      3. Заманауи форматтағы сауда желілеріне басым түрде отандық тауар өндірушілерінен, ал "Астананың азық-түлік белдеуінің қатысушысы" мәртебесі белгіленгеннен кейін астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардан өнімді сатып алған жағдайда айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну.
      4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген негізде (жалға алу төлемінен 30 %-дан артық емес), оның ішінде коммуналдық базарларда сауда алаңдарын беру.
      5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егу және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшін Астана қаласының базарларына қаланың тұрғындарын қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік тауарларының белгілі бір көлемін өткізу міндеттемесімен "Қазагро" ҰБХ" АҚ еншілес акционерлік қоғамдары арқылы жеңілдетілген кредит беру.
      6. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көкөніс және картоп сақтау қоймаларын салуға жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну.
      7. Астана қаласының тұрақтандыру қоры арқылы халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық-түлік тауарларының қажетті көлемін кепілді сатып алу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                      4. Астана қаласының тұрғындарын негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету
 

Р/с №
 
 

Өнімнің
 

атауы
 
 

Астана қаласының барлық тұрғындарының ең төмен нормалар бойынша жылдық қажеттілігі, тонна
 

Астана қаласының өндіріс көлемі,
 

тонна
 
 

Астана қаласының өндіріс көлемін алып тастағанда барлық тұрғындарының жылдық қажеттілігі, тонна
 

(ең төменгі норма)
 

Ақмола облысының 17 ауданының жылдық өндіріс көлемі,
 

тонна
 
 

Қарағанды облысының 4 ауданының жылдық өндіріс көлемі, тонна
 
 

Ақмола және Қарағанды облыстарының өз тұтынуын алып тастағандағы қамтамасыз ету әлеуеті
 
 

Астана қаласының Ақмола және Қарағанды облыстарының әлеуеті есебінен қамтамасыз етілуі, %
 
 

Төменде қоса беріліп отырған жол картасына іс-шаралар жоспарына сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары
 
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

9
 

10
 




ҰЭМ СК
 

3-4-бағандар
 

Ақмола облысының әкімдігі
 

Қарағанды облысының әкімдігі
 

6+7-бағандар -осы облыстар тұрғындарының тұтынуы
 

8 баған/
5 баған*100
 


1.
 

Жұмыртқа, мың дана
 

142 398
 

185 000
 

0
 

729 708
 

584 581
 

1 314 191
 


талап етілмейді
 

2.
 

Бидай ұны
 

13 036
 

157 213
 

0
 

343 194
 

0
 

334 227
 


талап етілмейді
 

3.
 

Макарон
 

4 422
 

26 429
 

0
 

0
 

63
 

-2 979
 


талап етілмейді
 

4.
 

Картоп
 

95 266
 

2 017
 

93 249
 

251 457
 

206 464
 

392 390
 

421
 

жоспардың 45, 46, 47, 48, 49-тармақтары
 

5.
 

Құс еті
 

5 014
 

2
 

5 012
 

13 395
 

7 786
 

17 732
 

354
 

6.
 

Асханалық қызылша
 

5 014
 

30
 

4 984
 

6 306
 

14 829
 

17 686
 

355
 

7.
 

Қызанақ
 

5 014
 

431
 

4 583
 

11 836
 

3 597
 

11 984
 

261
 

39, 40, 41, 45, 46, 47, 48, 49-тармақтар
 

8.
 

Қияр
 

5 014
 

417
 

4 597
 

11 372
 

2 528
 

10 451
 

227
 

9.
 

Жылқы еті
 

3 209
 

26
 

3 183
 

6 966
 

3 216
 

7 974
 

251
 

45, 46, 47, 48, 49-тармақтар
 

10.
 

Сиыр еті
 

15 042
 

63
 

14 979
 

21 187
 

9 430
 

20 270
 

135
 

11.
 

Шошқа еті
 

9 025
 

9
 

9 016
 

9 715
 

8 043
 

11 549
 

128
 

12.
 

Қышқыл сүт өнімдері
 

3 209
 

0
 

3 209
 

5 062
 

172
 

3 027
 

94
 


13.
 

Сәбіз
 

20 056
 

80
 

19 976
 

11 400
 

19 487
 

17 091
 

86
 

14.
 

Аққауданды қырыққабат
 

25 070
 

27
 

25 043
 

14 161
 

12 003
 

8 920
 

36
 

4, 5, 45, 46, 47, 48, 49-тармақтар
 

15.
 

Қой еті
 

6 318
 

18
 

6 299
 

4 104
 

2 443
 

2 201
 

35
 

16.
 

Пияз
 

20 056
 

18
 

20 038
 

1 251
 

555
 

-11 990
 

0
 

45, 46, 47, 48, 49-тармақтар
 
 

17
 

Алма
 

25 070
 

73
 

24 997
 

598
 

100
 

-16 546
 

0
 

18.
 

Өңделген сүт
 

84 737
 

0
 

84 737
 

38 869
 

305
 

-19 114
 

0
 

7 – 24, 38, 45, 46, 47, 48, 49- тармақтар
 

19.
 

Ірімшік пен сүзбе
 

7 250
 

691
 

6 559
 

538
 

116
 

-4 333
 

0
 

20.
 

Сары май
 

4 452
 

0
 

4 452
 

445
 

13
 

-2 605
 

0
 

21.
 

Шұжық
 

3 008
 

952
 

2 056
 

1 204
 

438
 

-427
 

0
 

25 – 37, 45, 46, 47, 48, 49- тармақтар
 

22.
 

Балық
 

8 424
 

81
 

8 343
 

0
 

0
 

-5 794
 

0
 

45, 46, 47, 48, 49- тармақтар
 

23.
 

Күріш
 

8 524
 

0
 

8 524
 

0
 

0
 

-5 863
 

0
 

24.
 

Қарақұмық жармасы
 

2 006
 

0
 

2 006
 

0
 

0
 

-1 380
 

0
 

25.
 

Қант
 

18 050
 

0
 

18 050
 

0
 

0
 

-12 416
 

0
 

26
 

Күнбағыс майы
 

7 020
 

0
 

7 020
 

518
 

0
 

-4 311
 

0
 

   

      5. Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
 

Р/с №
 
 

Іс-шараларының атауы
 

Аяқталу нысаны
 

Орындалу мерзімі
 

Жауапты орындаушылар
 

Қаржыландыру көзі
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

Астана қаласының негізгі тамақ өнімдерімен және оларды сақтау бойынша сыйымдылықтармен қамтамасыз етілуін мониторингтеу және ағымдағы жағдайды талдау
 

1.
 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс штабтарының отырысын өткізу
 

отырыс хаттамасы
 

апта сайын
 

Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
 

талап етілмейді
 

2.
 

Мыналарға:
халықтың негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуіне;
азық-түлік тауарларын сақтау сыйымдылықтарына, көкөніс және картоп қоймаларына;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу бойынша кәсіпорындар қуаттылығының жүктелуіне талдау жүргізу.
Талдау қорытындылары бойынша қажетті шаралар қабылдау.
 

АШМ-ге ақпарат
 

тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін
 

Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
 

талап етілмейді
 

Астана қаласы азық-түлік белдеуінің жұмыс істеуін нормативтік-құқықтық реттеу
 

3.
 

"Астананың азық-түлік белдеуінің қатысушысы" мәртебесін беру мәселесін пысықтау
 

Үкіметке ұсыныстар
 

2017 жылғы IV тоқсан
 
 

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың және Астана мен Алматы
 

қалаларының әкімдіктері, ҰКП (келісім бойынша)
 

талап етілмейді
 






Астана қаласына жақын маңда орналасқан аудандарда негізгі тамақ өнімдерінің түрлерін өндіруді қамтамасыз ету
 

4.
 

Аққауданды қырыққабат егетін алаңды 50 гектарға ұлғайтуды қамтамасыз ету, оның ішінде:
Целиноград ауданында 20 гектар; Аршалы ауданында 20 гектар; Ерейментау ауданында 10 гектар.
 

алаңдағы егіс 891 гектардан кем болмауы керек, соның ішінде: Целиноград ауданында 332,9 гектардан кем емес; Аршалы ауданында 42 гектардан кем емес; Ерейментау ауданында 42,7 гектардан кем емес
 

2018 жылғы мамыр
 

Ақмола облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

5.
 

Нұра ауданында аққауданды қырыққабат егетін ауданды 150 гектарға ұлғайтуды қамтамасыз ету
 

Нұра ауданында егіс 200 гектардан кем емес
 

2018 жылғы мамыр
 

Қарағанды облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

6.
 

Осакаровка ауданында жалпы қуаттылығы жылына 1 080 тонна болатын 4 сүт қабылдау пунктін құру
 

4 сүт қабылдау
 

пункті
 

2018 жылғы қазан
 
 

Қарағанды облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

7.
 

Абай ауданында жалпы қуаттылығы жылына 810 тонна болатын 3 сүт қабылдау пунктін құру
 

3 сүт қабылдау
 

пункті
 

2018 жылғы қазан
 
 


шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

8.
 

Бұқар жырау ауданында жалпы қуаттылығы жылына 1 350 тонна болатын 5 сүт қабылдау пунктін құру
 

5 сүт қабылдау
 

пункті
 

2018 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

9.
 

Ақкөл ауданында жалпы қуаттылығы жылына 540 тонна болатын 2 сүт қабылдау пунктін құру
 

2 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

Ақмола облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

10.
 

Аршалы ауданында жалпы қуаттылығы жылына 270 тонна болатын 1 сүт қабылдау пунктін құру
 

1 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

11.
 

Атбасар ауданында жалпы қуаттылығы жылына 810 тонна болатын 3 сүт қабылдау пунктін құру
 

3 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

12.
 

Астрахан ауданында жалпы қуаттылығы жылына 270 тонна болатын 1 сүт қабылдау пунктін құру
 

1 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен
 






қарыз қаражаты
 

13.
 

Бұланды ауданында жалпы қуаттылығы жылына 540 тонна болатын 2 сүт қабылдау пунктін құру
 

2 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

14.
 

Егіндікөл ауданында жалпы қуаттылығы жылына 270 тонна болатын 1 сүт қабылдау пунктін құру
 

1 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

15.
 

Бурабай ауданында жалпы қуаттылығы жылына 540 тонна болатын 2 сүт қабылдау пунктін құру
 

2 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

16.
 

Еңбекшілдер ауданында жалпы қуаттылығы жылына 540 тонна болатын 2 сүт қабылдау пунктін құру
 

2 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

17.
 

Ерейментау ауданында жалпы қуаттылығы жылына 270 тонна болатын 1 сүт қабылдау пунктін құру
 

1 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

18.
 

Есіл ауданында жалпы қуаттылығы жылына 270 тонна болатын 1 сүт қабылдау пунктін құру
 

1 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз
 






қаражаты мен қарыз қаражаты
 

19.
 

Жақсы ауданында жалпы қуаттылығы жылына 540 тонна болатын 2 сүт қабылдау пунктін құру
 

2 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 


шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

20
.
 

Жарқайың ауданында жалпы қуаттылығы жылына 270 тонна болатын 1 сүт қабылдау пунктін құру
 

1 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

21.
 

Зеренді ауданында жалпы қуаттылығы жылына 810 тонна болатын 3 сүт қабылдау пунктін құру
 

3 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

22.
 

Сандықтау ауданында жалпы қуаттылығы жылына 270 тонна болатын 1 сүт қабылдау пунктін құру
 

1 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

23.
 

Целиноград ауданында жалпы қуаттылығы жылына 810 тонна болатын 3 сүт қабылдау пунктін құру
 

3 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

24.
 

Шортанды ауданында жалпы қуаттылығы жылына 540 тонна болатын 2 сүт қабылдау
пунктін құру
 

2 сүт қабылдау
 

пункті
 

2017 жылғы қараша
 

шаруашылық жүргізуші
 




субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

25.
 

Нұра ауданында жалпы қуаттылығы жылына 140 бас болатын 14 отбасылық бордақылау алаңын салу
 

14 отбасылық бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 
 

Қарағанды облысының әкімділігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

26.
 

Осакаров ауданында жалпы қуаттылығы жылына 160 бас болатын 16 отбасылық мал бордақылау алаңын салу
 

16 отбасылық бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 

Қарағанды облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

27.
 

Ақкөл ауданында жалпы қуаттылығы жылына 133 бас болатын 6 отбасылық бордақылау алаңын салу
 

6 отбасылық бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 

Ақмола облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

28.
 

Аршалы ауданында жалпы қуаттылығы жылына 152 бас болатын 7 бордақылау алаңын салу
 

7 отбасылық бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

29.
 

Астрахан ауданында жалпы қуаттылығы жылына 171 бас болатын 8 бордақылау алаңын салу
 

8 отбасылық бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

30.
 

Егіндікөл ауданында жалпы қуаттылығы
жылына 95 бас болатын 5 бордақылау алаңын салу
 

5 отбасылық
 

2017 жылғы
 

шаруашылық
 

жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

бордақылау алаңы
 

қараша
 


31.
 

Қорғалжын ауданында жалпы қуаттылығы жылына 152 бас болатын 7 бордақылау алаңын салу
 

7 отбасылық бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

32.
 

Целиноград ауданында жалпы қуаттылығы жылына 171 бас болатын 8 бордақылау алаңын салу
 

8 отбасылық бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

33.
 

Шортанды ауданында жалпы қуаттылығы жылына 152 бас болатын 10 бордақылау алаңын салу
 

10 отбасылық мал бордақылау алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

34.
 

Нұра ауданында жалпы қуаттылығы жылына 1000 тонна болатын 4 мал сою алаңын салу
 

4 мал сою алаңы
 

2017 жылғы қараша
 
 

Қарағанды облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

35.
 

Осакаров ауданында жалпы қуаттылығы жылына 250 тонна болатын 1 мал сою алаңын салу
 

1 мал сою алаңы
 


 

2017 жылғы қараша
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

36.
 

Астрахан ауданында жалпы қуаттылығы жылына 250 тонна болатын 1 мал сою алаңын салу
 

1 мал сою алаңы
 
 

2017 жылғы қараша
 
 

Ақмола облысының әкімділігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

37.
 

Ет өнімдерінің өндірісі бойынша қуаттылықтардың жүктемесін ұлғайту
 

қуаттылықты 80 %-ға дейін жүктеу
 

2018 жылғы қараша
 

Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

38.
 

Сүт өнімдерінің өндірісі бойынша қуаттылықтардың жүктемесін ұлғайту
 

қуаттылықты 80 %-ға дейін жүктеу
 

2018 жылғы қараша
 

Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 97 отбасылық жылыжайды құру жолымен қияр мен қызанақ өндірісін қамтамасыз ету
 

39.
 


Оңтүстік Қазақстан облысында қияр мен қызанақ өсіруге арналған жалпы қуаттылығы жылына 450 тонна болатын 75 отбасылық (шамамен 2 сотка алаңда) жылыжай салу
 

75 жылыжай
 

2017 жылы
 

30 қарашаға дейін
 

10 бірлік;
 

2018 жылы
 

30 тамызға дейін
 

20 бірлік;
 

30 қыркүйекке дейін
 

20 бірлік;
 

30 қазанға дейін
 

25 бірлік
 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, АШМ
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

40.
 

Жамбыл облысында қияр мен қызанақ өсіруге арналған жалпы қуаттылығы жылына 90 тонна болатын 15 отбасылық (шамамен 2 сотка алаңда) жылыжай салу
 

15 жылыжай
 

2017 жылы
 

30 қарашаға дейін 5 бірлік; 2018 жылы
 

30 тамызғы дейін 5 бірлік;
 

30 қыркүйекке дейін 5 бірлік
 

Жамбыл облысының әкімдігі, АШМ
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

41.
 

Алматы облысында қияр мен қызанақ өсіруге арналған жалпы қуаттылығы жылына 42 тонна болатын 7 отбасылық (шамамен 2 сотка алаңда) жылыжай салу
 

7 жылыжай
 

2017 жылы
 

30 қарашаға дейін 2 бірлік;
 

2018 жылғы
 

30 тамызға дейін 5 бірлік
 

Алматы облысының әкімдігі, АШМ,
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

Азық-түліктің негізгі түрлерін дайындау, сақтау және өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру
 

42.
 

Мыналар:
- азық-түлік тауарларының көтерме партияларын қалыптастыру, сақтау және кейіннен оларды Астана қаласына жеткізу үшін өтеусіз жер пайдалану құқығымен заттай грант ретінде жер учаскелерін беру;
- қажетті инфрақұрылымды жүргізу;
- инвестициялық преференцияларды беру арқылы республика бойынша бірыңғай желіге біріккен 3 көтерме-тарату орталығынан тұратын желі құру
 

3 КТО, оның ішінде:
 
 
 
 
 

    Астана қаласында
1 бірлік
 
 

Қарағанды облысында 1 бірлік
 


 
 
 
 
 
 

      2017 жылғы
 

желтоқсан
 
 
 

  2018 жылғы
 

желтоқсан
 

Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері, АШМ, ИДМ, Қаржымині
 

Астана қаласының әкімдігі
 
 
 

  Қарағанды облысының әкімдігі
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 



Ақмола облысында
 

1 бірлік
 

2018 жылғы
 

желтоқсан
 

Ақмола
 

облысының әкімдігі
 


43.
 

Астана қаласының аумағында азық-түлік тауарларын өткізу үшін 50 модульдік үлгілік павильон жасау және орналастыруды қамтамасыз ету
 

50 модульдік павильон
 

жыл сайын, 2017 жылдың соңына дейін
 

30 қазанға дейін 10 дана;
 

30 қарашаға дейін 20 дана;
 

30 желтоқсанға дейін 20 дана
 


 

Астана қаласы әкімдігі, АШМ, ИДМ
 
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

Астана қаласының нарығына өңірлерден азық-түлік тауарларын тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау
 

44.
 

Астана қаласы тұрғындарын негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік тауарларының көлемін айқындау
 

АШМ-ға ақпарат және Астана қаласы әкімдігінің сайтында орналастыру
 

желтоқсан жыл сайын
 

Астана қаласының әкімдігі
 

талап етілмейді
 

45.
 

Заманауи форматтағы сауда желілеріне басым түрде отандық тауар өндірушілерден, ал мәртебесі белгіленгеннен кейін астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардан өнімді сатып алған жағдайда айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну
 

"Аstana" ӘКК" ҰК" АҚ мен сауда желілері арасындағы шарт
 

жыл сайын
 

Астана қаласының әкімдігі және "Аstana" ӘКК" ҰК" АҚ
 

"Аstana" ӘКК" ҰК" АҚ қаражаты есебінен
 

46.
 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген негізде (жалға
алу төлемінен 30 %-дан артық емес), оның ішінде коммуналдық базарларда сауда алаңдарын беру
 

Астана қаласының
 

әкімдігі мен сауда объектілері арасындағы меморандум
 

жыл сайын
 

Астана қаласының әкімдігі және
 

"Аstana" ӘКК" ҰК"АҚ
 

талап етілмейді
 

47.
 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егу және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшін Астана қаласының базарларына қаланың тұрғындарын қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік тауарларының белгілі бір көлемін өткізу міндеттемесімен "Қазагро" ҰБХ" АҚ еншілес акционерлік қоғамдары арқылы жеңілдетілген кредит беру
 

"Қазагро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымы мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы шарт
 

жыл сайын
 

"Қазагро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымы
 

(келісім бойынша)
 

көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы
 

48.
 

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көкөніс және картоп сақтау қоймаларын салуға жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну
 
 

"Қазагро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымы мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы шарт
 

жыл сайын
 

"Қазагро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымы
 

(келісім бойынша)
 

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары қаржыландыратын,агроөнеркәсіптік кешендегі басым бағыттарды іске асыру жоспары шеңберінде
 

49.
 

Астана қаласының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын форвардтық сатып алу
 

"Аstana" ӘКК" ҰК" АҚ мен ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы шарт
 

жыл сайын
 

Астана қаласының әкімдігі және "Аstana" ӘКК" ҰК"
АҚ (келісім бойынша)
 

"Аstana" ӘКК" ҰК" АҚ қаражаты есебінен
 

   

            Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
 

ҰЭМ
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
 

Қаржымині
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
 

АШМ
 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
 

ИДМ
 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
 

"Аstana" ӘКК" ҰК" АҚ
 

"Аstana" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы "акционерлік қоғамы
 

"Қазагро" ҰБХ" АҚ
 

"Қазагро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
 

КТО
 

көтерме тарату орталығы