Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын:
"
44. | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ |
";
2) "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
мына:
"
Мамин Асқар Ұзақбайұлы | – |
Қазақстан Республикасы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Досаев – Қазақстан Республикасы
Ерболат Асқарбекұлы Премьер-Министрінің орынбасары
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |