"Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы № 1131 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қыркүйектегі № 584 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы № 1131 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 462-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев