Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев;";
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;";
4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев;";
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев.";
2) "Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов тағайындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |