"Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 527 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінде:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін өңдеу және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқауларды жолдау" деген 1-бөлім алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Туристік виза:
бір мәрте 30 күнге дейін
көп мәрте 90 күнге дейін

30 АҚШ доллары
90 АҚШ доллары

8.

Транзиттік виза:
бір мәрте
көп мәрте

15 АҚШ доллары
30 АҚШ доллары

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерінде:

      реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 7, 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Көп мәртелiк виза және оның мерзімін ұзарту (туристік және транзиттік визалардан басқа)

1 – 1000
АҚШ доллары

1 – 950
еуро

1 – 810
ағылшын фунт стерлингі

1 – 1020
швейцар франкі

1 – 1350
канада
доллары

1 – 116440
жапон
иені

8.

Туристік виза:
бір мәрте 30 күнге дейін
көп мәрте 90 күнге дейін

1 – 60
АҚШ доллары
1 – 150 АҚШ доллары

1 – 60
еуро
1 – 115
еуро

1 – 60
ағылшын фунт стерлингі
1 – 110
ағылшын фунт стерлингі

1 – 65
швейцар франкі
1 – 160
швейцар франкі

1 – 90
канада
доллары
1 – 185
канада
доллары

1 – 7550
жапон
иені
1 – 15100
жапон
иені

9.

Транзиттік виза:
бір мәрте
көп мәрте

1 – 40
АҚШ доллары
1 – 90
АҚШ доллары

1 – 40
еуро
1 – 110
еуро

1 – 40
ағылшын фунт стерлингі
1 – 90
ағылшын фунт стерлингі

1 – 45
швейцар франкі
1 – 95
швейцар франкі

1 – 45
канада
доллары
1 – 110
канада
доллары

1 – 5660
жапон
иені
1 – 9435
жапон
иені

      ";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19.

Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болу) және ұлтын өзгертуге байланысты жағдайлардан басқа, атын, әкесiнiң атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде тиісті куәліктерді беру, сондай-ақ қажетті материалдарды ресімдеу.

25 – 100
АҚШ доллары

15 – 70
еуро

15 – 65
ағылшын фунт стерлингі

25 – 110
швейцар франкі

29 – 116
канада
доллары

2000 – 9450
жапон
иені

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев