2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысымен бекiтiлген |
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауды;
3) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын;
4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеудi қамтиды.
2-тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзiрлеу
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
3-тарау. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері және республикалық бюджет, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының мөлшері негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу
7. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру арқылы өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражаттың игерілмеуіне әкеп соқтырған себептер;
1-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылында стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер және стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелері;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті берген тұжырымдар мен ұсынымдар ескеріледі;
4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болған экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингтеу және бағалау нәтижелері ескеріледі;
5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;
6) нысаналы даму трансферттері бойынша – нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламалар жобаларында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді талдау.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2019 № 407 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.9. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.
10. Республикалық бюджет шығыстары базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарға бөлiнедi.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және мемлекеттiң басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялардың, өкiлеттiктердiң және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
11. Республикалық бюджеттің базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарының көлемiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негiзiнде Республикалық бюджет комиссиясы бөледi.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдерін қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдардағы шығыстарының бекiтiлген көлемiнің негiзiнде айқындалады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген елдiң даму басымдықтары, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторингi нәтижелерi, есептi қаржы жылында стратегиялық жоспарды iске асыру туралы есептер, нәтижелердi бағалау ескеріле отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлуге жатады.
12. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебiнен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстары қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
13. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер жасалмайды.
Осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер үшiншi жылға ғана жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша жоспарланатын жоспарлы кезеңнің жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.
14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін есепке ала отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нысаналы индикаторларды таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежесінің дұрыстығы нысанына сәйкестігін;
2) стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу дәрежесі нысанасына қарайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады және оны ағымдағы қаржы жылының 15 маусымынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындылары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды енгізеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
Республикалық бюджет комиссиясы Қағидалардың 14-тармағында және осы тармағында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдайды.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарауға дайындаған материалдарды Республикалық бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайтын және Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілетін жоспар-кестеге сәйкес қарайды. Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілген жоспар-кесте республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің назарына жеткізіледі.
17. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейiнгi мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-тарау. Республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу
18. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге арнап республикалық бюджетті әзірлейді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
19. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының республикалық бюджет жобасы бойынша ұсыныстары негізінде республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне қарауға ұсынады.
20. Республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 71-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.
21. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын;
2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
4) екі есепті қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыштың түрлері бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;
5) екі есепті қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректерді;
6) жергілікті бюджеттік инвестициялар мен шығыстардың атауын көрсете отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде екі есепті қаржы жылында республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану туралы ақпаратты;
6-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
7) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде мыналарды:
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын;
екі есепті қаржы жылында бюджеттік бағдарламалардың орындалуының және қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасын, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражатының көлемінен ауытқуы туралы мәліметтерді (себептерін, салдарларын);
республикалық бюджет жобасында олардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екі есепті қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
алдыңғы қаржы жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстар көрсетілген, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпаратты қамтитын ақпаратты ұсынады.
Түсіндірме жазбаға, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын есепке алу туралы ақпарат енгізіледі.
Түсіндірме жазбаға, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.05.2018 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2019 № 407 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2020 № 230 қаулыларымен.