Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында:
103-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 102-тармағында тізбеленген барлық құжаттар болған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті қабылдайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |