Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуiрдегi № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 122-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары бекітілсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |