Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережелерінде:
5-3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы берген Қазақстан Республикасына әкелуге арналған рұқсаттың көшірмесін ұсыну (тіркеу сынақтарын жүргізу үшін ветеринариялық препарат үлгілері әкелінген жағдайда);".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының ІІремьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |