РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
"
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
159 017** |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 158 987 |
";
17), 21), 22), 23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"
17) | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 87 729,5 |
21) | ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы | 590 |
22) | ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы | 478 |
23) | ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы | 300 |
24) | ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты | 234 |
";
ескертпеде үшінші, төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |