"Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамы мен "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 450 қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамы оған "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. №13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері респуликалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Ақмола облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 13-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-9 "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені" АҚ";

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-58-жол алып тасталсын;

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 307-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 308-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "308. "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені" АҚ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев