Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 442 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына өкілдері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі тағайындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев