Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 643-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Медициналық қызмет | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
";
реттік нөмірлері 7 және 8-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16 және 17-жолдармен толықтырылсын:
16 | Ақпарат қызметі | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
17 | Байланыс қызметі |
"
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |