"Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 413 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:

      "

1-1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу саласындағы экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК хаттамасы

ЭМ, Әділетмині, ҰЭМ Қаржымині

2017 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

2

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес келтіру

ЭМ-ге ақпарат

ҰЭМ (жинақтау), ЭМ, АШМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:

      "

5-1

"Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі ұлттық баяндаманы әзірлеу

Ұлттық баяндама

ЭМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

3 жылда 1 рет

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді "жасыл" көрсеткішін әзірлеу

кешенді "жасыл" көрсеткіштің моделі

ЭМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2017 жылғы желтоқсан

БҰҰДБ

      ";

      реттік нөмірі 9-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Мемлекеттік қызметшілер үшін "жасыл экономикаға" мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ЭМ-ге ақпарат

МҚІСҚА

жыл сайын

талап етілмейді

17

"Жасыл экономика" салалары бойынша ғылыми жобаларға одан әрі коммерцияландыру үшін неғұрлым тиімді жобаларды айқындаумен мониторинг жүргізу

ЭМ-ге ақпарат

БҒМ

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірлері 18 және 20-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысын ақпараттық қамтамасыз ету

бірыңғай республикалық медиа-жоспар

АКМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:

      "

21-1

"Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы ақпараттық қолдау үшін "Жасыл көпір" интернет-ресурсын дамыту және сүйемелдеу

атқарылған жұмыстар актісі

ЭМ

тұрақты

РБ

      ";

      реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26

Трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану саласындағы бірлескен комиссиялар мен жұмыс топтарының құқықтық негіздерін нығайту

ЭМ-ге ақпарат

ЭМ, АШМ, СІМ

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 27-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау тетігін қайта қарау (оның ішінде өнімділікті арттыру, жердің тозуын азайту және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру) мысалы, жерді нөлдік өңдеуге арналған техниканы, тамшылатып суаруға арналған жабдықтар мен инфрақұрылымды пайдалану, энергия үнемдейтін көлік құралдары мен жабдықтарды қолдану, фермерлердің көлік шығындарын қысқарту үшін, тауарлы балық өсіру үшін жол инфрақұрылымын жаңарту

ЭМ-ге ақпарат

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

2018 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірлері 36, 37, 38, 40, 45 және 48-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 48-1-жолмен толықтырылсын:

      "

48-1

Қазақстан Республикасының мектептерінде жарықтандыру құралдарын диодты жарық беретін құралдарға ауыстыру

МЖӘ шарты

БҒМ (жинақтау), ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2018 жылғы желтоқсан

МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиті шеңберінде

      ";

      реттік нөмірі 50-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

59

Энергетикалық блоктар бойынша барлық қолданыстағы электр станцияларының қалған жұмыс істеу мерзімін айқындау (пайдалану сағаттары мен есептеу жылдарда) және техникалық жай-күйіне жүргізілген аудит пен энергия аудитін талдау нәтижелері бойынша жаңғырту кестесін жасау

электр станцияларының негізгі қондырғыларының техникалық жағдайына мониторинг

ЭМ

2014 жылғы желтоқсан (нәтижелерді жыл сайын талдай отырып

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 60-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 61-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

61

Электр станцияларының энергия аудитінің нәтижелерімен жаңғырту жоспарларын жыл сайын жаңғыртуды қамтамасыз ету

жаңғырту кестесі

ЭМ

жыл сайын

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 63-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

67

Қазақстанда күн энергетикасын жоспарлау үшін күн ресурстары атласын әзірлеу

күн атласы

ЭМ

2018 жылғы маусым

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 77-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

77

Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі бойынша проблемаларға талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу

ЭМ-ге ұсыныстар

АШМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірлері 82, 83 және 84-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 88-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

88

Алматы және Астана қалаларында, ірі қалаларда қоғамдық көлікті газ отынына көшіруге мониторинг жүргізу

ЭМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 97-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 88-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

98

Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ басқа да ірі қалаларда энергия тиімділігінің ең жаңа стандарттары мен технологияларын, энергия айналымы жөніндегі технологияларды (жылыту және желдету) қолданып және жаңартылатын энергия көздерін (ғимараттардың шатырына күн панельдерін орнату) интеграциялау арқылы "энергия үнемдейтін" үйлерді жобалау және салу бойынша ұсыныстар енгізу

ЭМ-ге ақпарат

Астана және Алматы қалаларының және басқа тиісті облыстардың әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 99-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 100 және 101-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

100

Энергетика саласында (ЖЭС/ЖЭО) ауаның ластану деңгейін азайту

озық қолжетімді технологияларды пайдалана отырып, шаңды-газды тазалау жабдықтарын орнату

ЭМ, энергия өндіретін компаниялар (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

жабдықтарды орнату ЖЭС/ЖЭО есебінен жүзеге асырылады

101

Климатты өзгертуге бейімделу бойынша тәжірибені қоса алғанда, ауылдық елді мекендерді орнықты дамыту бойынша шараларды іске асыру

ЭМ-ге ақпарат

тиісті облыстардың әкімдері, БҰҰДБ (келісім бойынша),

2020 жылғы желтоқсан

халықаралық гранттар шеңберінде

      ";

      реттік нөмірлері 102 және 105-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 110-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

110

Астана және Алматы қалаларында, жасыл қорды тамшылатып және нақты суару жүйелерін енгізу

ЭМ-ге ақпарат

Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 116-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 117 және 118-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

117

Алматы қаласының орман және қалалық жасыл қорын молайту үшін көшет материалымен қамтамасыз ету жүйесін (оның ішінде МЖӘ қағидаттары негізінде питомниктерді) дамыту

ЭМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2020 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

118

Астана қаласында саябақ аймағы бар ботаникалық бақ салу

Ботаникалық бақ

Астана қаласының әкімі

2017 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 119-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 121-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

121

Өңірлер мен жылдар бойынша Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі газ құю станцияларына деген қажеттіліктерді айқындау

ЭМ-ге ақпарат

ЭМ, ІІМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 124-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 125-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

125

Веложолдар жүйесін және тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде велосипедтерді автоматтандырылған жалға беру пунктерін дамытуға талдау жүргізу

ЭМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 127-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

127

Қоғамдық көліктің сапасын арттыру (жеке белдеулер, ақылды аялдамалар, электрондық төлем) және тағы басқалар жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭМ-ге ақпарат

ИДМ (жинақтау) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірлері 131 және 132-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 133, 134, 135 және 136-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

133

Көмір ЖЭО үшін екінші буынды эмульгаторларды ауыстыру арқылы күлтұтқыш қондырғыларды енгізу

ЭМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Самұрық-Энерго" АҚ (келісім бойынша), электр станциялары (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

134

Станциялардың техникалық мүмкіндіктеріне негізделе отырып, жаңа буынды электр сүзгіштерін орнату арқылы күлтұтқыш құрылғыларды қолдану (Екібастұз МАЭС-1,2-те күлтұтқыш құрылғыларына жүргізілетін реконструкциялау үлгісі бойынша)

ЭМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Самұрық-Энерго" АҚ (келісім бойынша), электр станциялары, (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

135

Жаңадан салынып жатқан ЖЭС үшін тозаңды ұстауға арналған түтіктік сүзгіштерді қолдана отырып, түтінді газдарды тазарту бойынша инновациялық технологияларды, ұстау дәрежесін 99%-ға дейін арттыру үшін күкірт тотықтарын төмендетудің озон-аммиакты әдісін пайдалану арқылы азот тотығының түзілуін 90%-ға азайтатын селективті катализдік қалпына келтіру әдісін енгізу

ЭМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2017-2018 жылдар

талап етілмейді

136

Қазақстанның ЖЭС шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шараларды кезең-кезеңімен ұзақ мерзімді енгізу жоспарын әзірлеу

жоспар

ЭМ

2017-2018 жылдар

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 138-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

138

Конкурс негізінде "Қазақстанның жаңартылатын табиғи ресурстары: бағалау, мониторинг, жобалау, басқару" кешенді ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу

ЭМ-ге ақпарат

БҒМ, ЭМ

2018 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 139-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 140-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

140

Жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын жетілдіру және дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу

ЭМ ақпарат

АШМ

тұрақты

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 141-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев