Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 403 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының
тізбесі
Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде муниципалдық бағалы қағаздар;
3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
4) корпоративтік бағалы қағаздар;
5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;
6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;
7) акциялар;
8) репо және кері репо операциялары;
9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);
10) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending);
11) туынды қаржы құралдары;
12) құрылымдық өнімдер;
13) валюталар;
14) ақша нарығы қорлары;
15) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
16) биржалық инвестициялық қорлар (ETFs);
17) балама құралдар;
18) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктердің акциялары мен үлестері (SPV – special purpose vehicle).