Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 402 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі, төраға
 

Есенов
Амангелді Сағындықұлы
 
 
 
Сәрсенбай
Ержан Нұрланұлы
 
 
Байғожина
Айгүл Мырзатайқызы
Қарашөкеев
Ербол Шырақпайұлы
 
Перепечина
Ольга Владимировна

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
 

Өксікбаев
Омархан Нұртайұлы
 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
 

Мұхаметкәрім
Айгүл Мұхаметкәрімқызы
 
Мұхамеджанов
Әділ Нұрланұлы
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2017 – 2018 жылдарға арналған жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурсты өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын айқындасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев