Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі есебінен серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 1-3-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі – серіктестіктер) бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
5. Серіктестіктер қызметінің негізгі нысанасы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын серіктестіктің мүлкі есебінен серіктестіктердің жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) серіктестіктердің жарғысын бекітуді және олардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 қаулысына 1-қосымша |
"Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
Р/с № | Атауы | Орналасу орны |
1. | "Ақмолаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Астана қаласы |
2. | "Ақтөбеавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Ақтөбе қаласы |
3. | "Алматыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Алматы қаласы |
4. | "Атырауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Атырау қаласы |
5. | "Батысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Орал қаласы |
6. | "Жамбылавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Тараз қаласы |
7. | "Шығысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Өскемен қаласы |
8. | "Қарағандыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қарағанды қаласы |
9. | "Қызылордаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қызылорда қаласы |
10. | "Қостанайавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қостанай қаласы |
11. | "Маңғыстауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Ақтау қаласы |
12. | "Павлодаравтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Павлодар қаласы |
13. | "Солтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Петропавл қаласы |
14. | "Оңтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Шымкент қаласы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымын бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Ақмола облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-13-жолмен толықтырылсын:
"13-13. "Ақмолаавтожол" ЖШС";
"Алматы облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-7-жолмен толықтырылсын:
"38-7. "Алматыавтожол" ЖШС";
"Ақтөбе облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 133-7-жолмен толықтырылсын:
"133-7. "Ақтөбеавтожол" ЖШС";
"Атырау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-7-жолмен толықтырылсын:
"145-7. "Атырауавтожол" ЖШС";
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-16-жолмен толықтырылсын:
"165-16. "Шығысавтожол" ЖШС";
"Жамбыл облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 180-6-жолмен толықтырылсын:
"180-6. "Жамбылавтожол" ЖШС";
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 194-6-жолмен толықтырылсын:
"194-6. "Батысавтожол" ЖШС";
"Қарағанды облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-18-жолмен толықтырылсын:
"214-18. "Қарағандыавтожол" ЖШС";
"Қызылорда облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-7-жолмен толықтырылсын:
"218-7. "Қызылордаавтожол" ЖШС";
"Қостанай облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-12-жолмен толықтырылсын:
"229-12. "Қостанайавтожол" ЖШС";
"Маңғыстау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-9-жолмен толықтырылсын:
"236-9. "Маңғыстауавтожол" ЖШС";
"Павлодар облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 265-12-жолмен толықтырылсын:
"265-12. "Павлодаравтожол" ЖШС";
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-8-жолмен толықтырылсын:
"280-8. "Солтүстікавтожол" ЖШС";
"Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 304-жолмен толықтырылсын:
"304. "Оңтүстікавтожол" ЖШС".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 359-10-1, 359-10-2, 359-10-3, 359-10-4, 359-10-5, 359-10-6, 359-10-7, 359-10-8, 359-10-9, 359-10-10, 359-10-11, 359-10-12, 359-10-13 және 359-10-14-жолдармен толықтырылсын:
"359-10-1. "Ақмолаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-2. "Ақтөбеавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-3. "Алматыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-4. "Атырауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-5. "Батысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-6. "Жамбылавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-7. "Шығысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-8. "Қарағандыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-9. "Қызылордаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-10. "Қостанайавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-11. "Маңғыстауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-12. "Павлодаравтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-13. "Солтүстікавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
359-10-14. "Оңтүстікавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен оның ведомствосының иелігіндегі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" деген 6-бөлімде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорын" деген кіші бөлім алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1) "Ақмолаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Ақтөбеавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) "Алматыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4) "Атырауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
5) "Батысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
6) "Жамбылавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7) "Шығысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
8) "Қарағандыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
9) "Қызылордаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
10) "Қостанайавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
11) "Маңғыстауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
12) "Павлодаравтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
13) "Солтүстікавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
14) "Оңтүстікавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. "Ақмолаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. "Ақтөбеавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. "Алматыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
4. "Атырауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
5. "Батысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
6. "Жамбылавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
7. "Шығысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
8. "Қарағандыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
9. "Қызылордаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
10. "Қостанайавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
11. "Маңғыстауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
12. "Павлодаравтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
13. "Солтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
14. "Оңтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13.2, 13.3, 13.4, 13.5, 13.6, 13.7, 13.8, 13.9, 13.10, 13.11, 13.12, 13.13, 13.14 және 13.15-жолдармен толықтырылсын:
"
13. | 2. | "Ақмолаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 3. | "Ақтөбеавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 4. | "Алматыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 5. | "Атырауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 6. | "Батысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 7. | "Жамбылавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 8. | "Шығысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 9. | "Қарағандыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 10. | "Қызылордаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 11. | "Қостанайавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 12. | "Маңғыстауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 13. | "Павлодаравтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 14. | "Солтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
13. | 15. | "Оңтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
".