Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 373 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 маусымдағы
№ 373 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 522 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.

      2. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 3-бөлімде:

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.";

      "4. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген бөлімде:

      28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.";

      31-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде және салалық шектеулерсіз іске асырылатын жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.";

      31-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мұндай жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.";

      41-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";

      "5. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген бөлімде:

      56-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.";

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 3-қосымшада:

      "Қысқартулар мен анықтамалар" деген кестеде:

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ИИДМБ

ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері

      ";

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 4-қосымшада:

      "Кеңес мынадай шешімге келді" деген жолдан кейінгі төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік даму институттары арқылы қолдаудың басқа шараларын қолданбауына байланысты төмендегі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне ______________ (республикалық бюджет/жергілікті бюджет/Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының) есебінен субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агентіне өзара жасалған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";

      "4. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары" деген бөлімде:

      23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жобаларды іске асырып жатқан және/немесе іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.";

      28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-1. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мұндай жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.";

      32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру және (немесе) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде және салалық шектеусіз жүзеге асырылатын жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) кредиттерге кепілдік береді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға банк беретін, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне БЖЗҚ қаражатының есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға және айналым қаражатын толықтыруға беретін кредит(тер) сомасы бір кәсіпкер үшін 1850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.";

      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі соманы құраса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден артық соманы құраса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды. Ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Гранттар беру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жергілікті бюджет қаражатынан аударады.

      8. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      "Гранттар беру шарттары" деген бөлімде:

      19-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;";

      "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшада:

      "Ұсынылған құжаттар тізбесі" деген кестеде:

      5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі


5

Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі


      ";

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 522 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.