"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 343 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.

      Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушылар "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев