Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне;
2) "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 276 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-37-жол алып тасталсын;
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-139-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 330-1-жолмен толықтырылсын:
"330-1. "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы.";
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-2-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-5-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-9-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-9-1-жолмен толықтырылсын:
"359-9-1. "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы.";
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-21-жол алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы.";
"3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғам
"Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы." деген кіші бөлім алып тасталсын;
"4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғам
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы." деген кіші бөлім алып тасталсын;
"5. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы.";
"8. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:
1) тармақша алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы.";
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар
1. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы." деген кіші бөлім алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар
1. "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы." деген кіші бөлім алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы.";
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:
1-тармақ алып тасталсын.