"Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 462 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 233 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 462 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 35, 426-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып айқындалсын.";

      2-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев