Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар)бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 169 қаулысы.

Жаңартылған

      Баспасөз релизі!

      "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын және "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінде (2016 – 2018 жылдар):

      реттiк нөмiрлерi 11, 12, 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату

Еңбек-миніне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

2016 ж. – 49,1: РБ – 29,4; ЖБ – 19,7;
2017 ж. – 11,8: РБ – 5,9; ЖБ – 5,9;
2018 ж. – 12,5: РБ – 5,0; ЖБ – 7,5.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

12.

Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау

Еңбекминіне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

2016 ж. – 78,0: РБ – 46,8; ЖБ – 31,2;
2017 ж. – 34,2: РБ – 17,1; ЖБ – 17,1;
2018 ж. – 32,7: РБ – 13,1; ЖБ – 19,6.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

13.

"Инватакси" қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Еңбекминіне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

2016 ж. – 485,9:
РБ – 145,8;
ЖБ – 340,1;
2017 ж. – 387,0:
РБ – 77,4;
ЖБ – 309,6;
2018 ж. – 414,1:
РБ – 41,4;
ЖБ – 372,7.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

      ";

      реттiк нөмiрi 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24.

Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Еңбек-миніне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

тоқсан сайын, есептi тоқсан-нан кейiнгi айдың 10-күнiне дейін

РБ – 2627,5: 2016 ж. – 603,1; 2017 ж. – 1197,2; 2018 ж. – 827,2.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

      ";

      реттiк нөмiрi 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36.

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыш-тармен, нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту

Еңбек-миніне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

РБ – 10779,9: 2016 ж. – 3113,5; 2017 ж. – 3696,0; 2018 ж. – 3970,4.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

      ";

      реттiк нөмiрi 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

74.

Жаңалық телехабарларын трансляция-лауды сурдоаударма-мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету

Еңбек-миніне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

2016 ж. – 490,3: РБ – 294,2; ЖБ – 196,1; 2017 ж. – 350,4:РБ – 175,2; ЖБ – 175,2; 2018 ж. – 374,9: РБ – 149,9; ЖБ – 225,0.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

      ";

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 36-1 және 36-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

36-1.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайту

Еңбек-миніне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

РБ – 953,1: 2017 ж. – 454,7; 2018 ж. – 498,4.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

36-2.

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейту

Еңбек-миніне ақпарат

облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері

жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

РБ – 4779,7: 2017 ж. – 2183,8, 2018 ж. – 2595,9.

РБ 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша

      ".

      5. 5. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2017 № 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
      

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 4 сәуірдегі
№ 169 қаулысымен
бекітілген



Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 18) және 19) тармақшаларына және "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.

      3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның мынадай бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша пайдаланылады:

      1) 105 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);

      2) 107 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама).

      5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 және 107 кіші бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.


2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға;

      2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға;

      3) "Инватакси" қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

      4) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;

      5) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 113-тармағында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға;

      6) естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтуге (бұдан әрі – тізбені кеңейту) пайдаланылады.

      7. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 4) тармақшалары бойынша – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 50 %-ы республикалық бюджеттен, 50 %-ы жергілікті бюджеттен;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы бойынша – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 20 %-ы республикалық бюджеттен, 80 %-ы жергілікті бюджеттен.

      8. Міндетті гигиеналық құралдарға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының артуы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға, тізбені кеңейтуге шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен қарастырады.

      9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      1) мынадай:

      "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға, тізбені кеңейтуге аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін 045 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, тізбені кеңейтуге облыстық деңгейде шығыстарды қаржыландыру үшін 046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      2) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге 077 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 263 "Облыстың ішкі саясат басқармасы" және 362 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

      3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін 045 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін 076 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 281 "Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      5) "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға, тізбені кеңейтуге 045 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" және 395 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

      6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 013 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 384 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 385 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      8) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 013 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 348 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша қарастырады.

      10. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:

      1) "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға, тізбені кеңейтуге 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

      2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 059 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 485 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 490 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша қарастырады.

      11. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау;

      2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуды ескере отырып, міндетті гигиеналық құралдар (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар) сатып алу, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайту, тізбені кеңейту;

      3) жергілікті уәкілетті органдардың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жаңалықтар телебағдарламаларының трансляциялануын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

      12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жартыжылдық қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей және жыл қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

3-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi

      13. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;

      2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.

      14. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай:

      облыстық деңгейдегі шығыстарды қаржыландыру үшін 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы";

      республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі шығыстарды қаржыландыру үшін 355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы", 395 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қарастырады.

      15. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жартыжылдық қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей және жыл қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.