РҚАО-ның ескертпесі!
2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2017 жылғы 13 ақпандағы | |
№ 56 қаулысына | |
қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2011 жылғы 21 қаңтардағы | |
№ 24 қаулысымен | |
бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Кедендік төлемдердің атауы | Теңгемен ставкасы |
1 | 2 |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар |
тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге; |
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар |
50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге, |
Алдын ала шешім үшін төлем |
29000 теңге |