"Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 25 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:

      "Облыстың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)" деген 3-бағанда:

      "Жамбыл" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;

      "Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "78" деген сандар "80" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев