Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 48 қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ лизинг берушінің бірыңғай дистрибьютор арқылы медициналық техниканы одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шарттарында жеткізу үшін сатып алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешiмдерге, оның ішінде шарттың күшіне орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктерінің шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзiне қатысты тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға;
2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде шарт немесе өзге де мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тапсырыс берушілер – денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор), сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар;
4) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын және шарттар, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканың сатып алынуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушінің, бірыңғай дистрибьютордың, лизинг берушінің сатып алуы;
6) сараптамалық бағалау – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық техниканың тиімді техникалық сипаттамалары және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес лизинг беруші жүзеге асыратын бағалау;
7) дәрілік зат – адамның организмімен байланысқа түсетін немесе оның ағзалары мен тіндеріне өтетін, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, дәрілік шикізат, дәрілік заттардың балк-өнімдері, дәрілік препараттар;
8) иммундық-биологиялық препараттар – басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердің иммунологиялық әдістері көмегімен инфекциялық және иммундық аурулардың (аллергияны қоса алғанда) арнайы профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған препараттар, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған құралдар, қан препараттары (алу тәсіліне қарамастан), сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін препараттар;
9) медициналық техника – аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін жеке, кешендерде немесе медициналық мақсаттарда жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдық;
10) медициналық мақсаттағы бұйымдар – профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар, материалдар: медициналық құралдар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
11) біртекті тауарлар мен көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер;
12) биосимиляр – сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі бойынша алғаш (бірегей) шығарылған және бірегей дәрілік препарат патентінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тіркеуге ұсынылған дәрілік препаратқа ұқсас биотехнологиялық дәрілік препарат;
13) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
14) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасқан не қаржы лизингі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы лизингі шартын жасасқан заңды тұлға;
15) тендер – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың неғұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;
16) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін тендер (бұдан әрі – екі кезеңдік тендер) – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын аукционды қолдана отырып, шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;
17) тендерлік құжаттама – осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы ұсынатын құжаттама;
18) тендерлік өтінім – тендерлік құжаттамаға немесе осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасаған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы;
19) сатып алуды ұйымдастырушы – осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін тапсырыс беруші айқындаған адам;
20) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және "СТ-КZ" ішкі айналысы үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган растаған жеткілікті қайта өңдеу өлшем шарттарына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген немесе қайта өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін жеке немесе заңды тұлға;
21) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) – шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және толығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген немесе қайта өңделген, белгіленген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін шетелдік заңды тұлға;
22) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін:
дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы, сондай-ақ отандық тауар өндірушілермен берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігімен техникалық сипаттамасы мен шекті бағасы көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін;
дәрі-дәрмек жеке өзіне жақпайтын пациентті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілік көмектің пациентке бағдарланған қағидатын іске асыру үшін халықаралық патенттелмеген атаулары көрсетілген дәрілік заттардың тізбесін;
әрбір атауы бойынша медициналық техниканың тізбесін және техникалық сипаттамасын қамтитын құжат;
23) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму, елдің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестициялық қолдау саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
24) Қазақстан Республикасының резиденттері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалар;
25) Қазақстан Республикасының бейрезиденті – Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын шетелдік жеке және заңды тұлғалар;
26) белгіленген баға – өнім беруші осы баға бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьюторға жеткізуге міндетті сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;
27) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, өткізуді (рецептуралы босату) және есепке алуды қоса алғанда, олармен халықты қамтамасыз етуге байланысты қызметі;
28) босату бағасы – бір әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген босатылатын дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;
29) шығындарды өтеу – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі – денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) және (немесе) қордың өнім берушіге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу;
30) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өндірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың ішкі айналысы үшін шығарылуы туралы сертификаты бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен;
не дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор 10 жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;
31) кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету – шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, берудің ұзақ мерзімді шартында және қаржы лизингі шарттарында белгіленген мерзімге оны тиісінше пайдалану және сақтау шарты кезінде өнім беруші (дайындаушы, орындаушы) көрсететін техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрін, техникалық диагностиканы және жабдықтың ақауын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық консультацияны және оқытуды қамтитын жеткізіп берілген медициналық техниканы жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі қызметтер кешені;
32) қаржы лизингі шарты – осы Қағидаларға сәйкес лизинг беруші өнім берушіден лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын жекеменшігіне сатып алуға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы лизинг нысанасын лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін үш жақты шарт;
33) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшаларымен және оған толықтыруларымен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамамен тараптар қол қойған тауарларды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында жасалған шарт;
34) жеткізу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамамен тараптар қол қойған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт;
35) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамамен тараптар қол қойған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт;
36) фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамамен тараптар қол қойған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында жасалған шарт;
37) клиникалық-техникалық негіздеме – сұрау салынған медициналық техниканың қажеттілігі және денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға дайындығы туралы ақпаратты қамтитын құжат;
38) лизинг беруші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржы лизингі шартының талаптарына орай беретiн заңды тұлға, лизинг мәмiлесiне қатысушы;
39) лизинг алушы – қаржы лизингі шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);
40) лизинг төлемдері – қаржы лизингі шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы барлық құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, қаржы лизингі шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:
қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;
лизинг бойынша сыйақы;
41) біріздендіруді талап ететін медициналық техника – облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен, біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына сатып алынатын бір үлгідегі техникалық сипаттамалары бар медициналық техника;
42) лизинг мерзімі – лизинг нысанасы қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм, бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде қаржы лизингі шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды;
43) инвестициялық жоба – тиісті өндірістік практика стандарттарына (GMP) сәйкес дәрілік заттардың және ISO стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
44) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты - халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өндірілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі айналыс үшін тауардың шығарылғаны туралы сертификаты бар медициналық техниканы беруге Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жеті жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;
45) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – тапсырыс берушілер үшін халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы, саудалық атауы, дәрілік түрі (техникалық сипаттамасы), өлшем бірліктері, өлшеп-орауы, өндіруші (елі), бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын есепке алғандағы бір бірлігінің бағасы көрсетілген олар сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесінен тұратын бірыңғай дистрибьютор бекітетін баға ұсынысы;
46) орфандық препараттар – орфандық (сирек) ауруларды емдеуге және оның диагностикасына арналған препараттар;
47) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналыcы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) – дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа бірегей дәрілік заттарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
48) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісі – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен жергілікті денсаулық сақтау органымен және (немесе) қормен шарт негізінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсететін субъект;
49) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжаттармен алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;
50) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
51) электрондық құжат – онда ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
52) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) –аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
53) тауар – дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және (немесе) медициналық техника;
54) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі – сараптама ұйымы тіркеген және Қазақстан Республикасында медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім);
55) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы (бұдан әрі – ХПА) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;
56) бірлесіп орындаушы – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе әлеуетті өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын заңды тұлға;
57) ауыспалы қалдық – өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына ауысқан қаржы жылдары қабылданған, бірақ тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар;
58) ICH өңірлерінің елдері – Адам үшін дәрілік препараттарды тіркеуге қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық конференцияға мүше елдер.
2-тарау. Сатып алуға байланысты қағидаттар, тәсілдер мен шектеулер
3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып жүргізіледі:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы әділетті бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдау;
6) кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
7) пациентке бағдарланған дәрілік көмек.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.
5. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаны жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші маусымына дейін уәкілетті орган бекітеді.
6. Сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:
1) тендер;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден сатып алу;
4) оның тізімі бойынша бірыңғай дистрибьютордан сатып алу;
5) медициналық техниканы сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор арқылы;
6) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарымен сатып алуы тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды:
1) екі кезеңдік тендер;
2) бір көзден сатып алу;
3) жұқпалы және паразиттік аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын болғызбау және жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
6) медициналық техника бойынша өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
8. Лизинг беруші лизинг шартында бірыңғай дистрибьютор арқылы одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырады.
9. Жұмыскерлер, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің үлестес тұлғалары осы Қағидаларда реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде қатыса алмайды.
Әлеуетті өнім беруші және оның үлестес тұлғасы бір лот бойынша тендердің қатысушысы бола алмайды.
Әлеуетті өнім беруші егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының, заңды тұлға құрылтайшысының, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның жосықсыз әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер тізбесіне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға қатысы болса;
3) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының жосықсыз әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер тізбесіне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
4) сатып алуға қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
5) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде тұрса;
6) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатылса, сатып алуға қатыспайды.
10. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде оның интернет-ресурсында орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
11. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесі:
1) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген өнім берушілер;
2) осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтарған жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер;
3) осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтарған екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер;
4) осы Қағидаларға сәйкес олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы мәліметтерден тұрады.
12. Біртекті болып табылатын тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде мұндай тауарларды лоттарға бөлуге рұқсат етіледі.
13. Әлеуетті өнім берушіге фармацевтикалық қызметтер көрсету үшін бірлесіп орындаушыны тартуға рұқсат етіледі.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
14. Тауарлардың әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігінің болуы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);
3) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;
4) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы;
5) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болмауы;
6) рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсатының болуы.
15. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
1) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем қабілеттілігінің болуы, таратылуға жатпауы, мүлкіне тыйым салынбауы, қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
3) қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеттілігінің болуы, олармен айналысу үшін Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталатын рұқсат, хабарлама жіберу қажет. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
4) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының, оның ішінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің, білікті персоналының болуы, бұл ретте дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің болуын растау үшін бірлесіп орындаушыны тартуға рұқсат етіледі;
5) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техниканың және телекоммуникациялық байланыс құралдарының болуы;
6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жауапкершілікке тартылмауы керек.
Әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
16. Біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
17. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда көзделмеген біліктілік талаптарын әлеуетті өнім берушіге қоймайды.
18. Әлеуетті өнім беруші тендердің, екі кезеңдік тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттың бір сауда атауын не осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, медициналық мақсаттағы бұйымның, медициналық техниканың бір өндірушісін ғана ұсынады.
19. Медициналық техниканың әлеуетті жеткізушісі тендердің бір лоты бойынша, егер сатып алынатын негізгі медициналық техникамен бірге пайдалану үшін қосымша медициналық техника және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар жиынтықта бірлесіп пайдалану үшін талап етілген жағдайда, екі және одан да көп өндірушіні ұсына алады.
4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптар
20. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) Кодекстің ережесіне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеудің болуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда, Кодекс ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қорытындысының (рұқсат беру құжатының) болуы, бұл ретте тіркеу тіркеуді растайтын қолданыстағы құжаттың көшірмесімен немесе сараптама ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынған үзінді көшірмемен не Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесімен расталады.
Тіркеу қажеттілігінің болмауы дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды қоспағанда, сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады.
Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу және (немесе) өндіру кезінде тіркелгенін растайтын құжаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін мәлімделген санының, жарамдылық мерзімінің және осы Қағидаларда көзделген оларды сақтау тәртібінің болуын растайтын құжаттарды ұсыну қажет;
2) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
3) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтары Кодекстің талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;
4) тапсырыс берушіге өнім берушінің жеткізу күніне дәрілік заттардың, профилактикалық препараттардың (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде елу пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он екі айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
5) бірыңғай дистрибьюторге өнім берушінің жеткізу күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он төрт айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың жеткізу күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде отыз пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде сегіз айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
7) тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың жеткізу күніне вакцинаның жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде қырық пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды.
8) бірыңғай дистрибьютор тауарларының ауыспалы қалдықтары тапсырыс берушіге олардың жарамдылық мерзімі өткенге дейін мақсатты пайдалану үшін тараптардың келісімімен жеткізіледі;
9) медициналық иммундық-биологиялық препараттардың Қазақстан Республикасында және (немесе) Адам үшін дәрілік препараттарды тіркеуге қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық конференцияға мүше елдерде (ІСН өңірлеріндегі елдерде) тіркеуден кейінгі кезеңде клиникалық қолдану тәжірибесі туралы дәйекті деректері бар;
10) биосимилярлардың сараптама ұйымы растаған бірегей биологиялық дәрілік препараттың салыстырмалы зерттеулерінде олардың сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі және иммундық-гендік ұқсастығын және (немесе) сәйкестігін растайтын деректері болуға тиіс;
11) орфандық дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тіркелген бағаларының болуы.
21. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелуінің немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қорытындысының (рұқсат беру құжатының) болуы. Тіркеу тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынатын үзінді көшірмемен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) медициналық техниканың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықпен пайдалануға беру құжаты Кодекстің талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;
3) медициналық техника уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес оның қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
4) медициналық техника жаңа және бұрын пайдаланылмаған, жеткізу сәтінде шыққанына жиырма төрт ай болмаған болып табылады;
5) өлшем құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілді. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілгені техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;
6) арнайы автокөліктен, медициналық техникадан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген жылжымалы кешен.
22. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші тауарларға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді.
23. Тауарларға қойылатын талаптар осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
5-тарау. Отандық тауар өндірушілерді қолдау
24. Егер тауарды сатып алуға отандық тауар өндіруші болып табылатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысса, онда сатып алу өткізілмеді деп танылады. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушілерден бір көзден сатып алу тәсіліне ауысады.
25. Егер тауарды сатып алуға екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, оның біреуі отандық тауар өндіруші болып табылған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, онда сатып алу өткізілмеді деп танылады. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушілерден бір көзден сатып алу тәсіліне ауысады.
26. Егер тауарды сатып алуға отандық тауар өндірушілер болып табылатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда осы лот бойынша отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілер ғана жіберіледі және қалған әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері қабылданбайды.
27. Егер екі кезеңдік тендерге жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасу көзделетін лоттарға отандық өндіруші болып табылатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімі берілсе, онда бір көзден алу тәсілі қолданылмай, онымен жеткізудің ұзақ мерзімді шарты жасалады.
6-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
28. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасау басымдығына:
1) дәрілік заттарды сатып алу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу;
2) дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер ие болады.
29. Сатып алу немесе жеткізу шартын жасауға басымдықты алу үшін әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификатты; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) сертификатын; фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификатын қоса береді.
30. Егер лотқа бір әлеуетті өнім беруші ғана қатысса немесе аукционға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді және объектінің GMP немесе GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған әлеуетті өнім беруші ғана жіберілсе, онда комиссия бұл лотты өткізілмеді деп таниды. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бағасы бойынша оның баға ұсынысынан аспайтын бір көзден сатып алу тәсіліне ауысады.
31. Егер лотқа осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді және объектінің GMP немесе GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия олардың тендерлік өтінімдерін ғана қарайды, ал басқа қатысушылардың тендерлік өтінімдерін (олар болған кезде) қабылдамайды.
2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
7-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
32. Тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін шешім қабылдау арқылы сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір адамның атынан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда соңғы мүддесін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
33. Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
34. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
8-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Тендерді ұйымдастыру
35. Тендер өткізу тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 20 күн қалғанда, қайта тендер кезінде күнтізбелік 15 күн қалғанда тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
36. Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған тендерді өткізу тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру мынадай ақпаратты қамтиды:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы және мекенжайы;
2) сатып алынатын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атаулары, сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелмеген атаулары, сауда атаулары – пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомалар;
3) жеткізу мерзімдері және шарттары;
4) тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзі;
5) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
37. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендер өткізу үшін тендерлік комиссия құрады. Әрбір тендерге комиссияның жеке құрамы бекітіледі.
38. Тендерлік комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс.
39. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және өз қызметін сатып алу шарты жасалған не тендер өткізілмеді деп танылған күні не сатып алу шарты жасалғанға дейін сатып алу өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда қорытындылардың күші жойылғанда тоқтатады.
40. Тендерлік комиссияның құрамына тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ бейінді құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары кіреді.
41. Тендерлік комиссияның төрағасы болып комиссия қызметіне басшылық ететін, жұмысын жоспарлайтын және оның шешімдерін іске асыру үшін жалпы бақылауды жүзеге асыратын тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшының орынбасары айқындалады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
42. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы басшысының бұйрығымен тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері қатарынан комиссия құрамына кірмейтін және дауыс беруге құқығы жоқ тендерлік комиссия хатшысы тағайындалады.
43. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, олардан тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды және басқа да қажетті материалдарды дайындайды, комиссия отырысының хаттамасын жасайды, тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда оларды ұсыну күні мен уақыты, тендерлік өтінім салынған конвертті берген адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі. Журнал тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы беті тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
44. Қажет болған кезде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны немесе бейінді мамандардан құрылған сарапшыларды тартады.
45. Сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сатып алынатын тауарларға және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарға, тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкестігіне тауарлардың техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша сараптамалық қорытынды береді.
46. Сарапшы тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
47. Сараптамалық қорытындыны комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру, жеңімпазды айқындау кезінде қарайды.
48. Тендерлік комиссияның отырысы оның жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер отырысқа қатысып отырған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
49. Тендерлік комиссия мүшелерінің бірі қатыспаған жағдайда отырыс хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын актіге сілтеме көрсетіледі.
50. Егер тендерлік комиссия отырысы кворумның болмау себебінен белгіленген күні мен уақытында тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысы өткізілмегенде, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және комиссия отырысы өткізілмеген күннен бастап 24 сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде белгіленетін конверттерді ашуды өткізудің жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды.
51. Егер белгіленген уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны қамтамасыз етілмесе, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
52. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері, тендерлік комиссияның төрағасы, оның орынбасары және комиссия хатшысы қол қояды және әрбір парағына қол қояды.
53. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тендерлік құжаттаманы бекітеді, бұл оның интернет-ресурсында орналастырылады және мыналарды қамтиды (сатып алу нысанасына қарай):
1) осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына олардың сәйкестігін растайтын әлеуетті өнім беруші ұсынуға тиіс тендерлік құжаттаманың құрамы, құжаттар тізбесі;
2) техникалық ерекшеліктерін қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемі және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген сомалар.
Бұл ретте халықты бірыңғай дистрибьютор жеткізетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер көлеміне өткізу және есепке алу ғана қосылады және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома бірыңғай дистрибьютордың 9 % мөлшеріндегі үстеме бағасын шегергенде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген фармацевтикалық көрсетілетін қызметке үстеме бағадан аспауға тиіс;
4) тауарды жеткізу немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету орны, мерзімдері және басқа да шарттары;
5) төлем шарттары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша тауарларды сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартының жобасы;
6) тендерлік өтінімнің бағасы көрсетілуі тиіс валюта немесе валюталар және бағаны бірыңғай баламаға келтіру үшін қолданылатын курс;
7) тендерлік өтінімнің, сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартының тіліне қойылатын талаптар;
8) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар;
9) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу тәртібі, нысаны және мерзімдері;
10) тендерлік өтінімді қайтарып алу мүмкіндігі мен тәртібін көрсету;
11) тендерлік өтінімдерді қабылдау орны мен соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімі;
12) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну, қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібінің нысандары;
13) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні, уақыты және рәсімі;
14) тендерлік өтінімдерді қарау рәсімі;
15) Қағидаларда айқындалған әлеуетті өнім берушілерге – отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шарттары;
16) сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу шарты, нысаны, көлемі және тәсілі;
17) халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттардың құрамы, сондай-ақ әрбір лот бойынша сауда атауының техникалық сипаттамалары және шекті бағалары көрсетілген (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде), тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі және саны;
Пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда сауда атауы, сондай-ақ әрбір лот бойынша (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде) сауда атауының техникалық сипаттамалары және шекті бағалары көрсетілген, тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін және саны;
18) медициналық техниканың тізбесі мен көлемі;
19) әрбір лот бойынша (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау органдары айқындаған фармацевтикалық қызмет көрсетілуге тиіс елді мекендердің тізбесі;
20) осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне, сондай-ақ олардың бірлесіп орындаушыларына қойылатын талаптар (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);
21) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес біліктілік туралы мәліметтер;
22) осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген тауарларға қойылатын талаптар.
54. Тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға біртекті тауарларды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға, ал біртекті тауарлардың бірнеше түрін сатып алуды жүзеге асыру кезінде оларды біртекті түрлері және (немесе) жеткізу орны бойынша лоттарға бөлуге жол беріледі.
55. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша жүгіне алады, оған тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрату авторын көрсетпей, сұрату түскен күніне тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсініктеме береді.
56. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілігіне қарай өзінің жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер берген немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.
57. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілігіне қарай белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта тендерлік құжаттамада айқындалған тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтерді қамтитын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және қайтарып алу
58. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.
59. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
60. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі ең қысқа тендерлік өтінім өабылданбауы тиіс.
61. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге рұқсат беру органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқығын растайтын рұқсатты да, әлеуетті өнім беруші мен ол тартып отырған бірлесіп орындаушы арасында жасалған шартты да ұсынады.
62. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мыналарды қамтиды:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға өтінім. Электрондық жеткізгіште денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімдемесі ұсынылады;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейін жұмыс істеп тұрған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);
4) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
5) рұқсаттардың (хабарламалардың) не мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
7) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетел банкінің клиенті болып табылса, онда әлеуетті өнім берушінің шетелде орналасқан филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің қол қойылған анықтамасының түпнұсқасы;
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер;
9) егер әлеуетті өнім беруші басым құқыққа үміткер болса, тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) немесе халықаралық стандартқа (дәрілік заттарды сатып алу үшін) және (немесе) тиісті дистрибьюторлық практика (дәрілік заттарды сатып алу үшін) (GDP) және тиісті дистрибьюторлық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін);
10) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, онда оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті және салықтық есепте тұрмайтыны туралы хаттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады;
11) әлеуметті өнім беруші мәлімдеген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің, қосалқы көрсетілетін қызметтердің бағасын қоса алғандағы соңғы бағасы қалыптасатын, әлеуетті өнім берушінің нақты шығындарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар кестесі;
12) қосалқы көрсетілетін қызметтер;
13) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
14) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісінің көшірмесін (актілер өтінімдері бар конверттер ашылған күнге дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуге тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика сертификатын (GDP) ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;
15) тендерлік құжаттамада көзделген басқа да құжаттар.
63. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:
1) мәлімделген тауардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелік (медициналық техниканы мәлімдеген кезде *doc форматында электрондық жеткізгіште де);
2) осы Қағидалардың талаптарына және тендерлік құжаттамаға ұсынылатын тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттар.
64. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
65. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мынадай:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.
66. Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмайды.
67. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда қайтарылады:
1) тендерлік өтінімнің мерзімі өткен (тендер жеңімпазының тендерлік өтінімін қоспағанда);
2) тендерлік өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны қайтарып алғанда;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбағанда;
4) басқа әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп танылғанда;
5) тендердің жеңімпазын айқындаусыз сатып алу рәсімдері тоқтатылғанда;
6) сатып алу шарты күшіне енгенде және сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді тендер жеңімпазы енгізгенде.
68. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер ол:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендердің жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарт жасаудан жалтарса;
3) жеңімпаз болып танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе қайтарылмайды.
69. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша түрде қайтарады.
70. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
71. Тендерлік өтінім тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті қол қойылып куәландырылады. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алудың кепілдікті қамтамасыз ету түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке салынып жабылады. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, оның соңғы беті заңды тұлғаның уәкілетті адамының немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен куәландырылуға тиіс.
72. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті өнім беруші қолы қояды. Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
73. Әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетілетін тендерлік өтінім конвертке салынады. Конверт тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының тендерлік құжаттамасында көрсетілген мекенжайы бойынша жіберілуге тиіс және мынадай жазулар болуы тиіс: "________сатып алу жөніндегі тендер (тендердің атауы көрсетіледі)" және "________дейін ашпаңыз" (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)".
3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
74. Тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтау мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашудың басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы екі сағаттан аспайды.
75. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада көрсетілген уақытта және орында ашады.
76. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады.
77. Конверттерді аша отырып, тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік өтінімдер түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімденген бағаларды, жеткізу шарттары мен ақы төлеуді, тендерлік өтінімдерді қайтару тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
78. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерге бағалау және салыстыруды жүзеге асырады. Тендерлік өтінімде қамтылған ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда жетіспейтін құжаттарды толықтырумен не тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырумен байланысты комиссия әрекетін қоспағанда, комиссияға қажетті шараларды қабылдауға жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушілердің олардың банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық немесе таратылу рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде ақпаратты қарайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпаратты қарайды.
79. Тендерлік комиссия мынадай жағдайларда:
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етілуі ұсынылмағанда;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмелерін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәлік көшірмесі ұсынылмағанда;
3) жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзіндінің немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда құрылтай шарты ұсынылмағанда;
4) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмелері, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылмағанда (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін);
5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері не рұқсаттар (хабарламалар) ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылмағанда;
6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоғы (бары) туралы мәліметтер ұсынылмағанда;
7) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі туралы ақпарат болғанда (берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген сомаларды қоспағанда);
8) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес уақыты өткен берешектің жоқ екені туралы қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмағанда;
9) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтаманы беру күнінің алдындағы үш ай бойы төленбеген әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі болғанда;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмағанда;
11) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмағанда;
12) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынғанда;
13) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі белгіленгенде;
14) банкроттық, таратылу рәсімі қолданылған және (немесе) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде болғанда;
15) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайын құжаттар ұсынылмағанда;
16) әлеуетті өнім беруші GDP тиісті дистрибьюторлық практикасының сертификатын ұсынған жағдайды қоспағанда, дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға және тасымалдауға арналған жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде осы Қағидалардың 65-тармағының 14) тармақшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық тексерудің "салқындату тізбегінің" болуы туралы актісінің көшірмесі ұсынылмағанда;
17) мәлімделген медициналық техниканың техникалық ерекшелігі тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу деректерінде айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) құрауыштарына сәйкес келмеген;
18) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда осы Қағидалардың18-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
19) осы Қағидалардың 26, 30-тармақтарында белгіленгендер;
20) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттаманың шарттарында көрсетілгенге қарағанда қысқа болса;
21) егер бағалар кестесі ұсынылмаса не қол қойылмай ұсынылған;
22) сатып алу бағасы тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан жоғары бағалар кестесі ұсынылған;
23) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолмен куәландырылмаған, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.
80. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және тендерді қайта өткізеді.
81. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін бір ғана өтінімді беру негіздемесі бойынша өткізілмеді деп танылса, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы өтінімді берген әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырады.
82. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) ұсынылған тендерлік өтінімдер болмаса;
2) екеуден аз тендерлік өтінімдер ұсынылса;
3) егер бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) егер бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
83. Тендердің жеңімпазы ең төмен баға негізінде айқындалады.
5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару
84. Тендердің қорытындылары тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шығарылады, ол туралы хаттама жасалады, оған:
1) тауарлардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) сатып алу сомасы;
3) тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, орналасқан жері және біліктілік деректері;
4) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа шарттары;
5) тендерлік өтінімдерді бағалауды және салыстыруды көрсету;
6) тендерлік өтінімдерді қабылдамау негіздемесі;
7) тендердің әрбір лоты бойынша жеңімпаз(дар)дың атаулары мен орналасқан жері және сауда атауы көрсетіле отырып жеңімпаздың анықталу шарттары;
8) оның ұсынысы сауда атауы көрсетіле отырып жеңімпаз ұсынысынан кейінгі екінші болып табылатын тендердің әрбір лоты қатысушының атауы мен орналасқан жері;
9) негіздемелер, егер тендер жеңімпазы анықталмаса;
10) сатып алу шартын жасауға қажетті мерзім;
11) сараптамалық комиссияны тарту туралы ақпарат енгізіледі.
85. Тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге хабарлама және қорытынды хаттамасының көшірмелерін жіберу арқылы тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге тендер нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.
86. Тендердің қорытындылары туралы хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытынды шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс берушіге сатып алудың қорытынды хаттамасының куәландырылған көшірмесін және жеңімпаз тауарларының техникалық ерекшелігін жібереді.
6-параграф. Сатып алу немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасау
87. Тапсырыс беруші тендердің қорытындысы шыққан күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалған фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жібереді.
88. Шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тендердің жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспеуі немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазбаша хабардар етеді. Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты ұсынбау немесе оның талаптарымен келіспеу туралы хабарлау шарт жасасудан бас тарту болып есептеледі. Келіспеушіліктерді шешу мерзімі екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.
89. Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
90. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартына қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның шарттарымен келіспеуі туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасайды.
91. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (тауар бағасын, көлемді азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген сауда атауын басқа сауда атауымен ауыстыруға жол берілмейді.
92. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған сапа мен басқа да шарттар өзгермеген жағдайда, жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:
1) тауарларға бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша;
2) тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша жол беріледі.
93. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу туралы, фармацевтикалық қызмет көрсету туралы шартқа қол қойылғанға дейін тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуіне жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өзінің қалауы бойынша тауардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, ол тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
7-параграф. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету
94. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартының мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және ол тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтер көрсету шартына енгізілуге тиіс.
95. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының бағасының үш пайызын құрайды және ол:
1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке салынатын ақшалай қаражат түріндегі кепілді жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдемесі түрінде ұсынылады.
96. Ақшалай қаражатты кепілді жарна түрінде кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.
97. Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.
98. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер өзі өзгешені көздемесе, күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге мынадай жағдайларда:
1) өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты бұзылғанда;
2) жеткізу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда (жеткізу мерзімдерінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);
3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартында көзделген айыппұл санкциялары төленбегенде қайтармайды.
8-параграф. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне шығындарды өтеу тәртібі
99. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары немесе қор бөлінген қаражат шегінде ұсынылған рецепттер тізілімін салыстыру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілерге шығындарды ай сайын өтейді.
100. Өтеу сомасын денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары немесе қор уәкілетті орган бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар адамдарды амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес төлейді. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтердің көлемі ескеріле отырып түзетіледі.
Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор жеткізетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізу мен есепке алуды жүзеге асыратын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілердің (немесе) олардың бірлесіп орындаушыларының өтеу сомасы осы Қағидалардың 53-тармағы 3) тармақшасының талаптары ескеріледі, 16 %-дан аспайды.
9-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
101. Егер біртектес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық көлемі баға тұрғысынан тиісті қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды (бұдан әрі – бағалық сатып алу) қолдануға жол беріледі.
102. Баға ұсынысымен сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дистрибьюторда тауарлардың болмау жағдайларын қоспағанда, біртекті тауарларды сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылының ішінде бөлуге жол берілмейді.
103. Уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағалар бойынша алпыс күндік қажеттілікке дейінгі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға мынадай жағдайларда:
1) бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған сатып алу шарты бойынша жеткізу мерзімдерін бірыңғай дистрибьютордың бұзуына, осы Қағидаларда айқындалған тәсілдермен бірыңғай дистрибьютор өткізетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың болмауына байланысты бірыңғай дистрибьютордан алынған хабарламаның негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары тапсырыс берушіде болмағанда;
2) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алғанда рұқсат етіледі.
104. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жеткізу көлемін, орнын және кестесін көрсете отырып, кемінде екі үлестес емес әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарына сұратуды жүзеге асырады.
105. Сұрату тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында хабарландыру орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Баға ұсыныстарына сұрату тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыру:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайын;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын (сауда атауы – жеке өзіне жақпаған жағдайда) медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың атауларын, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, сатып алу көлемін, жеткізу орнын, әрбір тауар бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы;
3) жеткізу мерзімдері мен шарттарын;
4) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімін;
5) баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күнін, уақыты мен орнын қамтиды.
106. Әрбір әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін жабылған түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сонымен қатар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
107. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын ұсынуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының талаптары сақталып, тауарды жеткізіп беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.
108. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорытынды хаттама жасайды, оған:
1) сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың сауда атауы;
2) сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасау болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы кіреді.
109. Хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.
110. Жеңімпаз болып ең төменгі баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады, бұл туралы оны тапсырыс беруші хабардар етеді.
Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған немесе баға ұсыныстары ұсынылмаған жағдайда, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.
111. Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
1) рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмесі не мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмесі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
2) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, онда акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі сатып алуды хабарлау күнінен кейін ұсынылады);
5) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетел банкінің клиенті болып табылса, онда әлеуетті өнім берушінің шетелде орналасқан филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің қол қойылған анықтамасының түпнұсқасы;
7) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе).
Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады.
112. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытынды хаттаманы үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге жібереді. Тапсырыс беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеңімпаз анықталған немесе қорытынды хаттамасын алған күннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде әлеуетті өнім берушіге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалатын қол қойылған сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жібереді. 90, 91, 92 және 93-тармақтардың талаптары баға ұсыныстары тәсілімен сатып алуға қолданылады.
113. Алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаз сатып алу шартына, фармацевтикалық қызметтер көрсету шартына қол қояды не тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны оның шарттарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді. Көрсетілген мерзімде қол қойылған сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын ұсынбау оны жасасудан бас тарту болып есептеледі (шарт жасасудан жалтару). Келіспеушіліктерді қарау мерзімі екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.
10-тарау. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
114. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу мынадай жағдайларда:
1) тендер өткізілмеді деп танылғанда (сатып алу жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда);
2) баға ұсыныстарына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайлардың жариялануы салдарынан осы дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға жедел қажеттілік туындайды, бұл тендерлер өткізуге мүмкіндік бермейді;
4) тендердің қорытындысы шығарылғанға дейінгі кезеңге тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда;
5) сол қаржы жылы тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлеміне қажеттілік болғанда. Бұл ретте тауарға немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге баға сол қаржы жылы сатып алынған тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасынан аспауға тиіс. Сол бір өнім берушіден сол қаржы жылы онымен сатып алу немесе фармацевтикалық қызметті көрсету шарты жасалған жағдайда, жасалған шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі, 3 және 4-тараулардың талаптарына сәйкес растау талап етілмейді. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемі фармацевтикалық көрсетілетін қызметтермен (бағасы, сауда атауы, дозасы және сапасы өзгермеген кезде) бірге жүретін фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартында көзделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын ұлғайтуды білдіреді.
115. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсынысын;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Қағидалардың 4-тарауындағы ережелерге сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратады.
Егер екіден аз тендерлік өтінім ұсынылуы себебі бойынша тендер өткізілмеді деп танылса немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушінің, әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінімі берілсе, осындай әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынбайды.
116. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде хаттама жасалады, оған:
1) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын тауарлардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы, олардың сауда атауы;
3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасау болжанып отырған өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;
4) осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігі кіреді.
117. Осы тәсілмен сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты осы Қағидалардың 8-тарауының 7-параграфындағы ережелердің негізінде жасалады.
118. Сатып алуды бір көзден алу тәсілімен ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іc-шаралардың орындалуын:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының осы тәсілді қолдануды негіздемесімен бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдауын;
2) тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауды және бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімін өткізуді;
3) әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру жіберуді;
4) әлеуетті өнім берушінің шақыртуда көзделген құжаттарды қоса бере отырып бір көзден сатып алуға қатысу туралы келісім жіберуін;
5) әлеуетті өнім беруші ұсынған осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қарастыруды;
6) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыруды;
7) әлеуетті өнім берушімен бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасуды көздейді.
119. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сатып алу осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қабылдайды.
120. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұратылған құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және интернет-ресурста орналастырады.
121. Ұсынылған тендерлік өтінімдердің болмауы себебі бойынша тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы анықтаған әлеуетті өнім берушіге шақырту жібереді.
122. Екіден аз тендерлік өтінім ұсыну себебі бойынша тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Тендерге қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеу себебі бойынша тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ең аз баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге, егер бірдей баға ұсыныстары берілсе, онда осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген шектеуге байланысты өтінімдері қабылданбаған адамдарды қоспағанда, тендерлік өтінімді бірінші болып тіркеген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
123. Тапсырыс берушіге не сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алу туралы, фармацевтикалық қызметтер көрсету туралы шартқа қол қойғанға дейін тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуіне жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өзінің қалауы бойынша тауардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды.
124. Осы тарауға сәйкес жіберілген тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шақыруына әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып сатып алуға қатысатыны туралы өзінің растауын не себептерін көрсете отырып сатып алуға қатысудан бас тартатыны туралы хат жібереді. Бұл ретте осы тармақта белгіленген мерзімде жауаптың болмауы, сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде қабылданады.
11-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алу
125. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының бірінші маусымынан кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың келесі қаржы жылына тізімін бекітеді, ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қамтиды.
126. Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган халықаралық патенттелмеген атауларын немесе дәрілік заттардың құрамын, техникалық сипаттамалары және шекті бағалары, отандық тауар өндірушілермен жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасау мүмкіндігі, жеке өзіне жақпайтын пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілік көмектің пациентке бағдарлау қағидатын іске асыру үшін дәрілік заттардың тізбесін көрсетіп, ол күшіне енген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
127. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қажеттілігіне қарай бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
128. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) Қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар осы Қағидалардың 17-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағалармен сатып алынады.
129. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және (немесе) қор ағымдағы жылғы оныншы желтоқсаннан кешіктірмей келесі қаржы жылына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсететін тапсырыс берушілердің тізбесін бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
130. Тапсырыс берушілер Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьюторге өтінім ұсынады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсететін осы тарауда тапсырыс берушілерге теңестірілген денсаулық сақтау субъектілеріне бірыңғай дистрибьюторге өтінімдерді ұсынуға жол беріледі.
131. Тапсырыс берушілердің өтінімдері сатып алу шартын жасасқан кезге дейін оның денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгілік шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып сатып алуды іске асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
132. Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылында қосымша қажеттілік туындаған кезде тапсырыс беруші тиісті қаржы жылының әр айының 1-5 күн аралығында бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, оның саны және жеткізу кестесі көрсетілген сатып алуға өтінімді ұсынады.
133. Тапсырыс берушілер жыл сайын бірыңғай дистрибьютор сұрату жібергеннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей келесі қаржы жылына бастапқы өтінімді ұсынады, ол:
1) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар атауынан (халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамынан);
2) мәлімделетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен өлшем бірлігінен;
3) уәкілетті орган белгілеген дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша шекті баға мен өлшем бірлігінен;
4) келесі қаржы жылына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір мәлімделген атауы бойынша санынан;
5) дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір мәлімделген атауы бойынша сомасынан және өтінім бойынша жалпы сомадан;
6) ағымдағы қаржы жылына сатып алу шартында көрсетілген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әр атауы бойынша санынан;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылында дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әр атауы бойынша нақты тұтынудан;
8) өтінім берілген күнге жағдайы бойынша дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша қалдықтан;
9) тапсырыс берушілердің толық атауы, оның деректемелері, мекенжайы (почтасы және заңды), телефондардың байланыс нөмірлері, факстер, электрондық почта мекенжайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның шеңберінде сатып алу жоспарланған бағдарламаның, кіші бағдарламаның атауынан, ерекшеліктерінен тұрады.
134. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден алғашқы өтінімді алғаннан кейін осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес сатып алуды іске асырады.
135. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор тиісті қаржы жылына өзі сатып алған: халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, саудалық атауы, дәрілік түрі (техникалық сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшенуі, өндірушіні (елді), бірыңғай дистрибьюторға белгіленген шекті бағадан аспайтын бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын көрсетумен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін қамтитын прайс-парақты бекітеді және бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін тапсырыс берушілерге жібереді.
136. Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде бірыңғай дистрибьютор төлеуге тиіс кедендік баждарды қамтитын 9 % аспайтын болып белгіленеді. Бұл ретте дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайды.
137. Үстеме бағаны белгілеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
138. Сатып алу шартының жобасын рәсімдеу үшін тапсырыс берушілер жыл сайын, ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға өзінің прайс-парағына сәйкес түзетілген өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) дәрілік заттардың атауы және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;
2) бастапқы өтінімде көрсетілген санынан 10% дейін (он пайызға дейін) азайту жағына қарай өзгеруі мүмкін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны. Өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың мөлшерін оның сапасын сақтау мақсатында жалпы жылдық көлемнен ең кіші қаптамаға дейін дөңгелектейді.
Тауардың санын дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда бастапқы өтінімде көрсетілген санынан 10 % астамға азайтуға жол беріледі;
3) бірыңғай дистрибьютор прайсында және өлшем бірлігінде белгіленген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағасы;
4) алдыңғы қаржы жылына сатып алу шарттарында көрсетілген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша саны;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылына дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша нақты тұтынудан;
6) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша түзетілген өтінімді ұсыну күнінің жағдайы бойынша қалдығы;
7) тапсырыс берушілердің толық атауы, бірінші басшының (оны алмастыратын тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқарып отырған лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі, тауарды жеткізу орны (мекенжайы), сұрату бойынша мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының немесе ереженің көшірмелері, оның деректемелері, мекенжайы (почта және заңды), телефондардың байланыс нөмірлері, факстер, электрондық почта мекенжайы.
139. Бірыңғай дистрибьютор сатып алу қорытындыcы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сатып алынатын дәрілік заттардың нақты бағаларын көрсетіп, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша нәтижелер туралы есепті ұсынады.
140. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бірыңғай дистрибьютор және тапсырыс беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына сәйкес құрылған және жасасқан сатып алу шартының негізінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды іске асырады. Сатып алу шартын жасауға тапсырыс берушінің түзетілген не қосымша өтінімі негіздеме болып табылады.
141. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түзетілген өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге қабылдау-беру актісі бойынша сатып алу шартын қол қоюға береді.
142. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға қабылдау-өткізу актісі бойынша береді.
12-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
1-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау
143. Тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен және (немесе) қормен келісім бойынша клиникалық-техникалық негіздеме және техникалық ерекшелік негізінде тапсырыс беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырады.
144. Тапсырыс беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша құны 5000000 (бес миллион) теңгеге дейін медициналық техниканы сатып алуды осы Қағидалардың 19-тарауына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының келісімінсіз және лизинг берушінің сараптама бағалаусыз міндетті түрде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы жүзеге асырады.
145. Құны 5000000 (бес миллион) теңгеден бастап 50000000 (елу миллион) теңгеге дейін медициналық техника денсаулық сақтау ұйымы берген өтінімге және осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес лизинг берушінің есебінен сатып алынады.
Егер қаржылық лизинг шарты қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкес келмесе, медициналық техниканы лизинг беруші сатып алмайды.
146. Құны 50000000 (елу миллион) теңгеден жоғары, сондай-ақ бірегейлендіруді талап ететін медициналық техниканы тапсырыс беруші, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады.
2-параграф. Медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу
147. Республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, осы Қағидалардың 159-тармағына сәйкес уәкілетті орган өтінімінің негізінде жүзеге асырады.
148. Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiнгі мерзімде бірыңғай дистрибьютор республикалық бюджет қаражатының есебінен сондай-ақ, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алынған медициналық техниканы сатып алу және жеткізу мониторингін жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға есепті ұсынады.
149. Медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру үшін лизинг берушінің сараптамалық бағасын алу қажет.
150. Медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру және сараптамалық бағалауды алу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіге тапсырыс берушілерден алынған өтінімді ұсынады, ол:
1) медициналық техниканың тізбесін;
2) клиникалық-техникалық негіздемені;
3) техникалық ерекшеліктен;
4) жеткізу санын, мерзімін, шарттары мен орнын;
5) әрбір атауы бойынша медициналық техниканы сатып алуға бөлінген соманы;
6) тапсырыс берушінің толық атауын, банк деректемелерін, мекенжайын (почта және заңды), телефон/факстің байланыс нөмірін, электрондық почта мекенжайын, тапсырыс беру басшысының лауазымын және тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
7) сатып алынатын медициналық техникада көрсету жоспарланған медициналық қызметтердің тізбесі мен санын қамтитын ақпаратты;
8) пайдаланудың техникалық шарттарын;
9) сатып алынатын медициналық техниканы пайдаланатын мамандар туралы мәліметтерді қамтиды.
151. Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілердің ақпаратын ұсынған кезден бастап қырық жұмыс күн ішінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздеме, оңтайлы техникалық сипаттамалар және құны бөлігінде сараптамалық бағалау жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекітумен сараптамалық қорытынды шығарады.
152. Біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша бірыңғай біріздендірілген бір техникалық ерекшелікке әрбір тапсырыс берушіге сараптамалық қорытынды шығарылады.
153. Ұсынылған өтінімнің толықтығы мен дұрыстығы бұзылған жағдайда осы Қағидалардың 150-тармағына сәйкес лизинг беруші өтінімді сараптамалық бағалау өткізусіз денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға қайтарады.
154. Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шыққан кезден бастап келісім алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге бекітілген техникалық ерекшелікті келісу үшін жібереді.
155. Тапсырыс берушілер лизинг берушіден алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алынатын медициналық техниканың техникалық ерекшелігін келіседі, ол тігіліп және нөмірленген түрде әр беті дәйектеліп, тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады және лизинг берушіге ұсынылады.
156. Лизинг беруші үш жұмыс күні ішінде тізбе, саны, жеткізу орны және әр атауы бойынша медициналық техниканы сатып алуға бөлінген сома бөлігінде тігілген техникалық ерекшелікпен бірге сараптамалық қорытындыны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
157. Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға тапсырыс берушімен келісілмеген сараптамалық қорытындыны және лизинг беруші бекітпеген техникалық ерекшелікті жібермейді.
158. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келіскеннен кейін лизинг берушіден тапсырыс берушімен келісілген және лизинг беруші бекіткен тігілген техникалық ерекшелікпен бірге сараптамалық қорытындыны алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оны әрбір атауы бойынша қағаз және электрондық жеткізгіште саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны бойынша медициналық техниканы сатып алуға бөлінген сомасы бар өтінімді қосымшасымен сатып алуды ұйымдастыру үшін бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
159. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келіскен: сатып алынатын медициналық техниканың тізімі, саны, мерзімі, жеткізу орны мен шарттары және сатып алуға бөлінген сомасы, әрбір атауы бойынша медициналық техниканың техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшелігі) көрсетілген өтінімді алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен сатып алуды ұйымдастырады.
3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
13-тарау. Екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Екі кезеңдік тендер өткізуді ұйымдастыру
160. Екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алу мынадай кезектегі кезеңдер жиынтығы болып табылады:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
комиссия құру, комиссия хатшысын белгілеу, сарапшыны немесе сарапшыларды тарту (қажет болған кезде);
екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыру;
тендерлік өтінімдерді, бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау және алдын ала қарау;
тендерлік өтінімдерді, бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау және алдын ала қарау;
тендерлік өтінімдерді, бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау және оларға толықтыруларды қарау;
аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілерді айқындау;
2) екінші кезеңде: әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру арқылы аукцион өткізу.
161. Екі кезеңдік тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын әрбір екі кезеңдік тендерге жеке бекітеді.
162. Комиссия құру және оның хатшысын белгілеу туралы шешімді бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға) қабылдайды.
163. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және жеткізу шарты немесе ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалған күні өз қызметін тоқтатады. Егер тендер өткізілмеді деп танылса немесе оның қорытындылары жойылған жағдайда комиссия осындай шешім қабылданған күннен бастап өз қызметін тоқтатады. Медициналық техниканы сатып алу ұйымдастырылған жағдайда комиссия өз қызметін екі кезеңдік тендер қорытындысы шыққан күні тоқтатады.
164. Комиссия төрағасы болып бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы айқындалады, лизинг беруші үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырылған жағдайда төраға болып лизинг берушінің бірінші басшысы айқындалады. Комиссия құрамына бірыңғай дистрибьютордың, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысы саласындағы уәкілетті органның, лизинг берушінің (келісім бойынша) уәкілетті органдары кіреді.
165. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан және кемінде үш адамды құруға тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.
166. Төраға комиссия отырысына басшылық етеді, оның жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
167. Комиссия хатшысы хабарландыру орналастырады, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды, отырыс өткізілгеннен кейін комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді беру уақыты мен күнін, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған тұлға) тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, келіп түскен тендерлік өтінімдерді және тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді тіркеу журналын жүргізеді.
168. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және тендерлік өтінімдердің кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналдары тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылған болуға тиіс.
169. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде өткізіледі. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
170. Төраға, төрағаның орынбасары немесе комиссия мүшесі болмаған жағдайда оның болмау себебін растайтын құжат қоса беріледі. Тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау басталғанға дейін болмаған комиссия мүшелерін ауыстыру бөлігінде комиссия құрамына өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
171. Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылады және қатысқан барлық комиссия мүшелері, төраға, оның орынбасары және хатшы әрбір бетін дәйектейді.
172. Қажет болған кезде бірыңғай дистрибьютор бейінді мамандардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
173. Сарапшы тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі бойынша әлеуетті өнім берушілер ұсынған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибьютор тізіміне мен сатылып алынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдардың осы Қағидалармен белгіленген талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.
174. Медициналық техниканы сатып алу кезінде сарапшы ұсынылған медициналық техниканың осы Қағидалармен медициналық техникаға, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютор хабарлаған техникалық сипаттамасына белгіленген талаптар сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.
175. Комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшының (сарапшылар) дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшының сараптамалық қорытындысын әлеуетті өнім берушінің өтінімін жіберу туралы мәселе шешілген кезде комиссия қарайды.
176. Екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыру өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін күнтізбелік жиырма күн қалғанда бірыңғай дистрибьютор интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
177. Қайта екі кезеңдік тендер жүзеге асырылған жағдайда тендерлік өтінімдерді берудің соңғы күніне дейін күнтізбелік он бес күн қалғанда бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында хабарландыру мәтінін орналастырады.
178. Хабарландыру:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауынан, мекенжайын және банк деректемелерінен;
2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атауынан немесе құрамынан, саудалық атауынан), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың атауынан;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларынан;
4) соңғы өтінімдерді есепке ала отырып, түзетілетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сатылып алынатын көлемінен;
5) медициналық техниканың санынан (медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырылған жағдайда);
6) жеткізу шарттарынан (оның ішінде жеткізу мерзімдері немесе кестелері)
7) жеткізу күніне сатылып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімінен;
8) екі кезеңдік тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау күнінен, уақыты мен аяқтау орнынан;
9) екі кезеңдік тендерді өткізу күнінен, уақыты мен басталу орнынан;
10) әрбір лот бойынша бөлінген сомадан;
11) жеткізу мерзімі 10 жылға дейінгі ұзақ мерзімді шарттарды жасасуға рұқсат етілген дәрілік заттар (халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, саудалық атауы), медициналық мақсаттағы бұйымдар атауынан;
12) бірыңғай дистрибьютордың тендерлік өтінімін, банк деректемелерінің қолданылу мерзімінің кем болмауы тиіс, қатысуға тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну шартынан тұруға тиіс.
179. Сатып алуға бөлінген соманы есептеген кезде бірыңғай дистрибьютор әрбір лот бойынша уәкілетті органның дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға белгілеген шекті бағаларды тоғыз пайызға азайтады.
2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және қайтарып алу
180. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін екі кезеңдік тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші хабарландыру мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған тендерлік өтінімді жабылған түрде бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
181. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік құжаттаманы әзірлемейді.
182. Тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей ұсынылған тендерлік өтінімдер ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады. Бұл ретте тендерлік өтінімді ұсыну уақыты өтінімді тіркеу журналында белгіленеді.
183. Әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолдану мерзімі күнтізбелік қырық күннен аспауға тиіс. Екі кезеңдік тендер шарттарында көрсетілгенге қарағанда қолдану мерзімі айтарлықтай қысқа тендерлік өтінім қабылданбайды.
184. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі екі бөліктен тұрады: негізгі және техникалық, сондай-ақ бастапқы баға ұсынысы.
185. Әрбір бөлігі жеке тігіледі және нөмірленеді, соңғы беттеріне уәкілетті тұлға қол қояды, бастапқы баға ұсынысы тігілмейді және жеке беріледі, бірақ бір конвертке салынады.
186. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі. Конверт бірыңғай дистрибьюторға хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі және "Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен өтетін тендер__________________(тендердің атауы көрсетіледі)" және "______________ дейін ашуға болмайды (хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні және уақыты көрсетіледі)".
187. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету тігілмейді және конвертке салынбайды, тендерлік өтінім салынған конверттен бөлек ұсынылады және тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өтінімдерді қамтамасыз ету журналында тіркеледі.
188. Тендерлік өтінімде, конвертте әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
189. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі әлеуетті өнім берушіге қойылатын білікті талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға өтінім (электрондық жеткізгіште өтінімге қоса беріліп отырған құжаттардың тізімдемесі ұсынылады);
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) куәлігінің көшірмесі не заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейін жұмыс істеп тұрған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);
4) тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаға), заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттар (хабарламалар) немесе электрондық құжат түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) көшірмесі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын мәліметтер. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттардың (хабарламалар) нотариат куәландырған көшірмесін;
6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
7) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген(егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетел банкінің клиенті болып табылса, онда шетелде орналасқан әлеуетті өнім берушінің филиалдары және өкілеттіліктерін қоспағанда, мұндай банктің әрқайсысынан анықтама ұсынылады) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің (тердің) екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы;
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілігі туралы мәлімет;
9) егер әлеуетті өнім беруші басым құқыққа үміткер болса, тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) немесе халықаралық стандартқа (дәрілік заттарды сатып алу үшін) және (немесе) тиісті дистрибьюторлық практика (дәрілік заттарды сатып алу үшін) (GDP) және тиісті дистрибьюторлық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін);
10) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, онда оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті және салықтық есепте тұрмайтыны туралы хаттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады;
11) қосалқы көрсетілетін қызметтер (медициналық техниканы сатып алу кезінде).
190. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі ұсынылатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардан тұруға тиіс:
1) медициналық техниканы *doc форматындағы электрондық жеткізгіште ұсынған кезде ұсынылатын тауардың дәлме-дәл сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелігі;
2) ұсынылып отырған дәрілік заттардың, профилактикалық, (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Қағидалардың 4-тарауында қарастырылған талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісінің көшірмесін (актілер өтінімдері бар конверттер ашылған күнге дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуге тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика сертификатын (GDP) ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;
191. Әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша басшы немесе уәкілетті тұлға қол қойған және бір лот бойынша бір ғана (бастапқы, соңғы немесе қосымша) баға ұсынысын береді.
192. Бастапқы баға ұсынысы тендерлік өтінім салынған конвертте ұсынылады.
193. Соңғы баға ұсынысы (қажет болған кезде қосымша) аукцион күні ұсынылады.
194. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарына (бастапқы, соңғы немесе қосымша) бірыңғай дистрибьюторға тауарларды жеткізумен байланысты барлық шығындар енгізіледі.
195. Әлеуетті өнім берушінің тиісті баға ұсынысын ұсынуы хабарламада көрсетілген шарттарды және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жеткізу шартының үлгі шартының талаптарын сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруды келісуді білдіру нысаны болып табылады.
196. Әлеуетті өнім берушінің өзінің тендерлік өтінімін тендерлік өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгертуге, қайтаруға және қайтаруды қамтамасыз етуге құқығы бар.
197. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді қайтару туралы хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша түрде, бірақ тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
198. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін егер бірыңғай дистрибьютордың ескертулерінің негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес өзгерістер енгізілген болса, тендерлік өтінімдерге және оларды қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
199. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде бірыңғай дистрибьюторға тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді. Бірнеше лот бойынша қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсына алады.
200. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін ұсынбаған кезде осындай әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі қаралмай қайтарылады.
201. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдап ала алады:
1) бірыңғай дистрибьютордың банк шотына енгізілетін кепілдікті ақша жарнасы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктік кепілдіктің түпнұсқасы.
202. Әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін тұтастай не енгізілген кепілдікті ақша жарнасы бөлігінде үшінші тұлғалардың талап ету құқығы пайда болуына алып келетін әрекеттерге жол берілмейді.
203. Бірыңғай дистрибьютор банктік кепілдікті тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) екі кезеңдік тендердің атауы, хабарландыру күні;
2) кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
204. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тиісті лоттар бойынша қайтарылмайды, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді қайтарып алғанда немесе өзгерткенде (бірыңғай дистрибьютордың ескертпесі негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес енгізілген өзгерістерді қоспағанда);
2) жеңімпаз екі кезеңдік тендер жеңімпазын танылғаннан кейін жеткізу шартын немесе қаржылық лизинг шартын жасаудан бас тартқанда;
3) жеңімпаз жеткізу шартын немесе қаржылық лизинг шартын кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбеген немесе уақтылы енгізбегенде;
4) осы лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асқан баға ұсынысын бергенде;
5) осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте бастапқы баға ұсынысын бермегенде;
6) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші жеткізу шартын немесе қаржылық лизинг шартын жасасудан бас тартқанда;
7) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші жеткізу шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасқанда шартты орындауда кепілдікті қамтамасыз етуді мерзімінде енгізбесе.
205. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді тендерлік өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін қайтарып алған;
2) екі кезеңдік тендердің қорытындыларын шығару хаттамасына қол қойылған (екінші орын алған жеңімпазын және әлеуетті өнім берушіні қоспағанда);
3) шарт өз күшіне енген және жеңімпаз шартты кепілдікті қамтамасыз еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.
206. Екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету жеңімпаз шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.
207. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасасу туралы лизинг беруші хатты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып береді.
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
208. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуды комиссия екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күні, уақытта және орында жүргізеді.
209. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашудың соңғы мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
210. Хабарландыруда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде және тәртіпте берілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері бар конверттер ашуға жатады.
211. Тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуға қатыса алады.
Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері олар тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазып алу үшін пайдалануға ниетін аудио жазбалар мен бейнежазбалардың техникалық құралдары туралы комиссияны хабардар етеді.
212. Конверттерді ашу кезінде комиссия отырысында:
1) комиссия хатшысы қатысушыларға комиссия құрамы; белгіленген мерзімде тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында тіркелген тендерлік өтінімдер туралы хабардар етеді; осы тендер бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға немесе комиссия мүшелерінің ішінен айқындалған тұлға: тендерлік өтінімдер салынған конвертті ашады, құжаттар тізбесін және олардың қысқаша мазмұны мен әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсынысын жария етеді:
3) комиссия хатшысы тендерлік өтінімдер салынған конвертті ашу хаттамасын оны ашқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімдейді және оны ресімдегеннен кейінгі келесі күні бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялайды.
213. Тендерлік комиссия ашу хаттамасын жариялаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін алдын ала қарайды.
214. Комиссия хатшысы тендерлік өтінімдерді ашу күнінен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей тендерлік өтінімдерді сарапшы қарауына (тартылған жағдайда) береді.
215. Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда осындай әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында алдын ала қарау хаттамасы орналасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді сәйкестендіру үшін құқық береді.
216. Осы Қағидалардың 9-тармағын бұзған әлеуетті өнім берушілерге комиссия ескертулерді жою құқығын бермейді.
217. Комиссия енгізілген тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
1) банктік кепілдік түрінде берілген тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіздігі;
2) комиссияға белгілеуге мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмағанын көрсететін тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етудің тиісінше ресімдемеуі:
тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлға;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін екі кезеңдік тендердің атауы;
тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі, банктік кепілдік түрінде берілген оны ұсыну шарттары;
тендерлік өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлға; оның пайдасына тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлға.
Көрсетілген сәйкессіздіктер бойынша комиссия әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында алдын ала қарау хаттамасы орналасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді сәйкестендіру құқығын береді.
218. Алдын ала қарау нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
Тендерлік өтінімдерді алдын алу қарау хаттамасы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде, қайта екі кезеңдік тендер кезінде тендерлік өтінімдерді қарау басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырылады, онда:
1) ол қатысатын лот нөмірлері және олардың мәлімдеген әрбір лот бойынша бастапқы баға ұсыныстарын көрсетілген тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
3) олардың тендерлік өтінімдерге ескертулері бар, себептері көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) соның ішінде ескертулерді жою қажет ашу хаттамасын жариялаған күнді қоспағанда, үш жұмыс күні ішіндегі мерзім;
5) ол бойынша екі тендерлік өтінімнен аз ұсынылған лоттардың нөмірлері;
6) ол бойынша отандық тауар өндірушілерінің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
7) дәрілік заттарды өндірудің тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірудің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу мүмкіндігі бар отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері салынған лоттардың нөмірлері;
8) ол бойынша кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілген лоттардың нөмірлері айқындалады.
219. Алдын ала қарау хаттамасына төраға және комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні комиссия хатшысы қол қояды.
220. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға комиссия ескертулері бойынша алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген мерзімде тендерлік өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделген тендерлік өтінімге толықтырулар ұсынады.
221. Толықтырулар салынған конвертті комиссия алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген мерзімде ашады. Әлеуетті өнім беруші және (немесе) толықтыруды ұсынған оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
222. Толықтырулар салынған конвертті берудің соңғы мерзімі мен оны ашу мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
223. Комиссия тендерлік өтінімдерді бес жұмыс күні ішінде, қайта екі кезеңдік тендер кезінде толықтыруларды ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
224. Тендерлік өтінімдерді қайта қарау кезінде комиссия:
1) алдын ала қарау хаттамасы тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мен ескертулерді жоюдың толықтығы мәніне қайта қарайды;
2) толық емес, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тізбесін ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
225. Тендерлік өтінімде қамтылған, ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы күмән келтірген жағдайда жетпейтін құжаттарды толықтырумен не тендерлік өтінімге ұсынылған құжаттарды ауыстырумен байланысты комиссия әрекетін қоспағанда, комиссияға қажетті шараларды қабылдауға жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушілердің олардың банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не таратылу рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде ақпаратты қарайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпаратты қарайды.
226. Қайта қарау нәтижелері бойынша аукционға жіберу хаттамасы жасалады, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды және қайта қарау мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында орналастырылады.
227. Аукционға жіберу хаттамасы:
1) әрбір әлеуетті өнім беруші қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген тендерлік өтінімдерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің атауынан;
2) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауынан;
3) тендерлік өтінімдерге комиссияның ескертпесі, сондай-ақ тендерлік өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпараты бар әлеуетті өнім берушілердің атауынан;
4) ол бойынша отандық тауар өндірушілер тендерлік өтінімдер ұсынған лоттардың нөмірлерінен;
5) кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілген лоттардың нөмірлерінен;
6) әрбір лот бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысынан;
7) бәсекелестік ортаның болмауына байланысты аукционға қатыспайтын ол бойынша бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген лоттардың нөмірлерінен;
8) әлеуетті өнім берушілерді аукцион жіберу туралы комиссия шешімінен тұрады.
5-параграф. Тендерлік өтінімді қабылдамау негіздемелері
228. Комиссия тендерлік өтінімді мына жағдайларда тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды:
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынбаса;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлік көшірмесін немесе заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы анықтаманы, жеке куәлік көшірмесін ұсынбаса;
3) заңды тұлға үшін жарғы көшірмесін ұсынбаса (егер жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді ұсынылады немесе акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді немесе сатып алу хабарланған күннен кейін құрылтайшы шарттың көшірмесі ұсынылады);
4) тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаға), заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаға) ұсынбаса;
5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттар (хабарламалар) немесе электрондық құжат түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) көшірмесі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын мәліметтер. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттардың (хабарламалар) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынбаса;
6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер ұсынылмаса;
7) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
8) осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкес банктің қол қойылған анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаса;
9) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айға созылған әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбаса;
11) осы Қағидалардың талаптарына және хабарландыру шарттарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынбаса;
12) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыруға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;
13) дәйексіз ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;
14) банкроттық не таралу рәсіміне жатса;
15) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбаса;
16) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісінің көшірмесі ұсынылмаса не көрсетілген актілер, тиісті дистрибьюторлық практиканың сертификатын (GDP) ұсыну жағдайын қоспағанда, өтінімдер салынған конверттер ашылған күнге дейін бір жылдан кешіктіріліп ұсынылса;
17) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық ерекшелігін тіркеу куәлігімен және (немесе) тіркеу дерегімен айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) құрауыштарға сәйкес келмесе;
18) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда осы Қағидалардың 18-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
19) осы Қағидалардың 26, 31-тармақтарында көзделген;
20) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі хабарландырылған екі кезеңдік тендер шарттарында көрсетілген мерзімнен қысқа болса;
21) егер баға ұсынысы берілмесе немесе қол қойылмаған баға ұсынысы берілсе;
22) халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) сауда атауы бойынша уәкілетті орган белгілеген тиісті лот және шекті бағасы бойынша сатып алу үшін бөлінген бағалардан жоғары баға ұсынысын берсе;
23) тендерлік өтінім және (немесе) өтінімге толықтырулар тігілмеген түрде, беттері нөмірленбеген, конвертке салынбаған, конвертте әлеуетті өнім берушінің, бірыңғай дистрибьютордың атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылса.
6-параграф. Аукцион
229. Аукцион аукционға жіберу хаттамасында көрсетілген уақытта басталады. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
230. Хатшы не комиссия мүшесі екі кезеңдік тендер қатысушыларына лот бойынша аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің барлық бастапқы баға ұсыныстарын хабарлайды, одан кейін бастапқы баға ұсынысын төмендетуді ұсынады.
Аукционның қадамы ұсынылатын бастапқы баға ұсынысының кемінде жарты (0,5) пайызын құрайды.
231. Соңғы баға ұсыныстарын қабылдауға оларды қабылдау хабарланған кезден бастап саналатын бес минутқа дейін уақыт бөлінеді. Егер бастапқы баға ұсынысты енгізген әлеуетті өнім беруші соңғы баға ұсыныс енгізбесе, онда оның бастапқы ұсынысы соңғы ұсыныс ретінде қабылданады.
232. Екі немесе одан да көп бірдей соңғы баға ұсыныстары берілген жағдайда ең төменгі бағаны анықтау үшін соңғы деп саналатын қосымша баға ұсынысын беруге жол беріледі.
233. Егер әлеуетті өнім берушілер лот бойынша бірдей соңғы баға ұсыныстарын берсе, онда мұндай лот өткізілмеді деп танылады.
234. Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
235. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төменгі баға ұсынысынан кейінгі бағаның негізінде айқындалады.
236. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші бірдей баға ұсынған жағдайда айқындалмайды.
237. Аукцион өткізу кезінде лот бойынша баға ұсынысын қабылдамау негіздемесі:
1) соңғы (қосымша болған жағдайда) баға ұсынысы қол қойылмай, лоты немесе оның бағасы көрсетілмей ұсынылса;
2) соңғы (қосымша болған жағдайда) баға ұсынысын тиісті лот бойынша бөлінген бағадан жоғары баға ұсынған жағдайда. Бұл ретте, егер лот бойынша аукционға қатысатын екеуден аз әлеуетті өнім беруші қалса комиссия бәсекелестік ортаның болмауына байланысты мұндай лотты өтпеген деп таниды және бірыңғай дистрибьютор сатып алуды осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырады.
238. Екі кезеңдік тендердің қорытынды шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде комиссия онда:
1) аукцион басталған және аяқталған күні, уақыты;
2) комиссия құрамы;
3) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері (мекенжайы);
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңдік тендердің қорытындылары бойынша айқындалған ең төменгі баға (бар болса);
6) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші лотының бағасы (ол айқындалған жағдайда);
7) әрбір лот бойынша жеңімпаздардың атауы (бар болса);
8) екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы (ол анықталған айқындалған жағдайда);
9) екі кезеңдік тендер не оның жеке лоты өткізілмеді деп тану негіздемесі (осындай жағдай туындаған кезде);
10) аукционға қатысу кезінде қайтарылған әлеуетті өнім берушілердің атауы (бар болса);
11) жеткізу шартына қол қоюға тиіс мерзімі қамтылатын қорытынды хаттамасына қол қояды.
239. Аукцион өткеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жеңімпаздардың, екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің атауы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
240. Екі кезеңдік тендерге қатысушының жазбаша сұрату бойынша бірыңғай дистрибьютор бес жұмыс күні ішінде оған тендер қорытындылары хаттамасының көшірмесін береді.
241. Екі кезеңдік тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендер жеңімпаздарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алу шарттарын немесе қаржылық лизинг шартын жасау үшін қағаз және doc* форматындағы электрондық түрде екі кезеңдік тендер жеңімпазының техникалық ерекшеліктерінің көшірмелері қоса берілген медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңдік тендер қорытындылары хаттамаларының нотариат куәландырған көшірмелері тапсырыс берушінің немесе лизинг берушінің қабылдау-өткізу актісі бойынша берілуге тиіс.
242. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланылатын тендердің қорытындылары туралы хаттаманың нотариат куәландырған көшірмелерін алған күннен бастап тапсырыс берушілер он жұмыс күнінен кешіктірмей, лизинг беруші он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпаздармен, ол одан бас тартқан жағдайда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілермен бас тартқан кезден үш жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алу шарттарын немесе қаржылық лизинг шартын жасайды.
243. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:
1) ұсынылған тендерлік өтінімдердің болмауы;
2) екеуден аз тендерлік өтінім ұсынылса;
3) егер аукционға қатысуға бір де бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) егер аукционға қатысуға бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілсе;
5) егер аукцион жүргізу кезінде аукционға қатысатын екеуден кем әлеуетті өнім беруші қалса;
6) аукционда бірдей соңғы баға ұсыныстар ұсынылуына байланысты жеңімпаз айқындалмаса.
244. Екі кезеңдік рәсімді пайдаланылатын тендер нәтижелері бойынша жеткізу шарты осы Қағидалардың 16-тарауының талаптары ескеріліп бірыңғай дистрибьютор жасалады.
245. Егер әлеуетті өнім беруші жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау үшін лоттарға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір тендерлік өтінім берген отандық тауар өндірушілер болып табылса, онда осы Қағидалардың 19-тарауына сәйкес онымен осындай шарт бір көзден алу тәсілі қолданылмай жасалады.
246. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайта жүргізу туралы;
2) екі кезеңдік тендер және екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу шарттарының өзгеруі туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы;
4) тапсырыс берушілердің қажеттілігі болмаған жағдайда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту.
Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру кезінде осындай шешімді лизинг беруші не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
14-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу
1-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
247. Өтпеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай кезекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) осы тәсілді қолдану негіздемесімен бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы бірыңғай дистрибьютордың шешім қабылдауы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия құру;
3) осы Қағидалардың 248-тармағының 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растау туралы сұратумен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы әлеуетті өнім берушіге шақыру жолдау;
4) әлеуетті өнім берушілерге шақыруда көзделген құжаттардың қосымшасымен бір көзден сатып алуға қатысу туралы келісімін жолдау;
5) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру;
6) бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы қорытынды хаттамасының негізінде әлеуетті өнім берушілермен шарт жасасу.
248. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңдік тендер тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өткізілмеді деп танылған кезде;
2) тапсырыс берушіден дәрілік заттарды және медициналық техниканың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінім түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылына төмендемейтін қорды толықтыру үшін сатып алу кезінде.
Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор сол өнім берушіден белгіленген баға бойынша, жеткізу шартының талаптарына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсынбайды.
Жеткізуден толықтай бас тарқан жағдайда шақыру бірыңғай дистрибьютор айқындаған басқа әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Өнім беруші ішінара бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор бұл өнім берушіден сатып алуды жүзеге асырудан бас тартады не ұсынылып отырған ішінара көлемге сатып алуды жүзеге асырады, ал қосымша өтінім көлемінің қалған бөлігін сатып алуды бірыңғай дистрибьютор айқындаған басқа әлеуетті өнім берушіден жүзеге асырады. Бұл ретте тауардың бағасы жеткізудің жасалған шартының белгіленген бағасынан аспауға тиіс.
3) егер екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде жеткізу шартына немесе жеткізудің ұзақ мерзімді шартына қол қоймаса және жалтарса. Мұндай жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік тендерге қатысқан, жеңімпаздан, екінші орын алған өнім берушіден кейін ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Ол бас тартқан не ұсынылған құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бірыңғай дистрибьютор шақыруды бірыңғай дистрибьютор айқындаған басқа әлеуетті өнім берушіге жібереді. Бұл ретте жеткізу шартындағы баға жеткізу шартына қол қоюдан бас тартқан екі кезеңдік тендер жеңімпазы бағасынан аспауға тиіс.
4) жеткізу шарты немесе жеткізудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өнім берушінің өзінің міндеттемелерін орындамауы, тиісінше орындамауына байланысты жеткізу шартын бұзу кезінде. Мұндай жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор айқындаған әлеуетті өнім берушіге қажетті құжаттарды, осы Қағидаларға сәйкестігін растау көрсетілген шақыруды жібереді. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарты, жеткізу шарты бұзылған белгіленген бағадан аспайтын баға бойынша жасалады;
5) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының құрылтайшысы халықаралық ұйымдардан сатып алу кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша, Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде;
6) егер сараптама ұйымы:
халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушілердің немесе отандық тауар өндірушілердің бір ғана дәрілік затын;
аналогы жоқ медициналық мақсаттағы бұйымды тіркесе.
249. Өткізілмеген екі кезеңдік тендерлер бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін бірыңғай дистрибьютор шақырған екі кезеңдік тендердің қатысушысы екі кезеңдік тендерге қатысуға жіберілген жағдайда осы екі кезеңдік тендерге қатысушы осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер өткізілмеген екі кезеңдік тендердің шарттарына сәйкес келуге тиіс. Тауарды жеткізу мерзімдерін ағымдағы қаржы жылының шегінде өткізілмеді деп танылған екі кезеңдік тендердің хабарландыруында қарастырылған мерзімдерден асыруға жол беріледі, бірақ бір көзден алу тәсілімен сатып алу жүргізуге жұмсалған мерзімнен аспайды.
250. Екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор айқындалған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
251. Екі кезеңдік тендер қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор осы екі кезеңдік тендерге өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шақыру жібереді.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде бірыңғай дистрибьютор басқа әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру үшін шақыру жібереді.
252. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу екі кезеңдік тендерге қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеу себебінен өтпеген деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор айқындалған әлеуетті өнім берушіге шақыру жолдайды.
253. Екі кезеңдік рәсімдер тәсілімен сатып алу екі кезеңдік тендерге қатысуға бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілу себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Жеткізу шартының бағасы оның бастапқы баға ұсынысынан аспауға тиіс.
Жеткізу шартына қол қоюдан бас тарту кезінде бірыңғай дистрибьютор ең төменгі баға ұсынысын берген бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру үшін екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушіге, егер бірдей баға ұсыныстары берілсе, онда тендерлік өтінімді бірінші тіркеген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бірыңғай дистрибьютор басқа әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
254. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу отандық өндірушіні ғана жіберу себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
255. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуға тек қана GMP немесе GDP сертификаты бар әлеуетті өнім берушінің жіберілу себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
Жеткізу шартына қол қоюдан бас тарту кезінде бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Бұл ретте баға осы лот бойынша екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің ең төмен бағасынан аспауға тиіс.
256. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу аукцион өткізу барысында тек қана бір әлеуетті өнім беруші қалу себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор басқа әлеуетті өнім берушіге шақыру жолдайды. Бұл ретте, жасалған жеткізу шартындағы баға әлеуетті өнім берушінің аукционда ұсынған бағасынан аспайды.
257. Аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әлеуетті өнім берушіден-шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыт) сатып алу кезінде бірыңғай дистрибьютор мыналарды:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсынысты;
2) дәрілік заттардың осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыт) заңдастырылған немесе мойындалған құжаты немесе егер шетелдік өндірушінің (дайындаушы-зауыт) Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігі/филиалы болса, онда өкілдікті/филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті және өкілдік/филиал туралы ережені;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада өткізуге шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын құжаттардың заңдастырылған немесе танылған көшірмелерін, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен сұратады.
Егер алдыңғы жылы шетелдік өндірушімен (дайындаушы-зауыт) шарт қолданыста болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды талап ете алмайды.
258. Әлеуетті өнім беруші-отандық өндірушіден аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор мыналарды:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсынысты;
2) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға дәрілік заттардың сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес біліктілік талаптарын растайтын құжаттарды сұратады.
259. Аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды шетелдік өндірушіден бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық өндірушімен шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауыт), шетелдік заңды тұлғаның филиалымен не Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелген еншілес компаниямен, фармацевтикалық компания тобына кіретін және Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды экспорттауға уәкілеттік берілген заңды тұлғамен 3 жылға дейінгі мерзімге келесі жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атауы бойынша аналогтары жоқ тек бір дәрілік зат тіркелген болса немесе құрамы бойынша халықаралық патенттелмеген атауы болмаған жағдайда;
2) Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ тек бір медициналық мақсаттағы бұйым тіркелген болса, азаматтық-құқықтық шарт жасалады.
260. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу жүзеге асырылған кезде тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері бойынша азаматтық-құқықтық шартқа қосымша келісім жасалған жағдайда азаматтық-құқықтық шартта көрсетілген тіркелген баға қолданылады.
Аналогтары жоқ тауарларды жеткізу бойынша азаматтық-құқықтық шарт:
1) тиісті қаржы жылына міндеттемелері орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атауы бойынша дәрілік заттың аналогтары тіркелген;
2) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен алынған;
3) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның Қазақстан Республикасында тіркеуінің қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайларда бұзылады.
Бұл ретте осы талап жасалатын азаматтық-құқықтық жеткізу шартында көрсетіледі.
261. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған ұйымнан бір көзден алу тәсілімен сатып алу кезінде мыналарды:
1) баға ұсынысын;
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының ұйымды құруын растайтын құжаттарды;
3) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
4) дәрілік заттардың шығу тегінің сертификатын, өндіруші зауыт Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігінен өтуінің растамасын, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бойынша кепілдік хаттарды ұсынады.
262. Осы параграфқа сәйкес бірыңғай дистрибьюторға жолданған шақыруға әлеуетті өнім беруші үш жұмыс күні ішінде шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, қатысу туралы растауды немесе себептерін көрсетіп қатысудан бас тарту туралы хат жолдайды. Бірыңғай дистрибьютор құжаттарды ұсыну мерзімін әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады. Бұл ретте осы тармақта белгіленген мерзімде жауаптың болмауы қатысудан бас тарту ретінде бағаланады.
263. Бірыңғай дистрибьютор жеткізу шартына қол қойғанға дейін жеткізу шартының бағасын төмендетуге қатысты әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізеді. Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, бұл бірыңғай дистрибьютордың өнім беру шартына қол қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
264. Осы Қағидалардың 248-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес сатып алуды қоспағанда, бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша жеткізу шарты осы Қағидалардың 15-тарауының талаптары ескеріліп, жасалады.
265. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім беруші сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама жасайды және интернет-ресурсқа орналастырады.
2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп тану негіздері
266. Мынадай жағдайларда:
1) егер әлеуетті өнім берушінің құжаттары осы Қағидалардың талаптарына және сатып алу шарттарына сәйкес келмесе;
2) егер әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болса;
3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартса, бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.
267. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор, медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) екі кезеңдік тендер шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен қайтадан өткізу туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы;
4) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім.
Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру кезінде мұндай шешімді лизинг беруші немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
15-тарау. Жеткізу шарттарын жасасу және орындау
1-параграф. Жеткізу шартын жасасу
268. Сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор жеңімпазға, әлеуетті өнім берушіге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған қол қойылған жеткізу шартының жобасын жібереді.
269. Жеңімпаз, әлеуетті өнім беруші жеткізу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға ұсынады немесе бірыңғай дистрибьюторды жеткізу шартының талаптарымен келіспейтіні туралы немесе оған қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.
Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы тармақта белгіленген мерзімдерде жеткізу шартының жобасына қол қоймаса, бірыңғай дистрибьютор жеңімпаз жеткізу шартын жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қол қойылған жеткізу шартының жобасын жібереді. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші жеткізу шартының жобасына қол қояды және жеткізу шартының жобасы оған ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.
Жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде бірыңғай дистрибьюторға қол қойылған жеткізу шартын немесе жеткізу шартын жасасқанымен, шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарды деп танылады және осы Қағидаларға сәйкес конкурсты өткізу тәртібіне сәйкес қайтадан конкурс өткізіледі.
270. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеткізу шарты оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
271. Жеткізу шартының жобасын дайындау кезінде бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында өз қалауы бойынша (санын ұлғайту немесе азайту жағына қарай) екінші қаптамаға дейін дөңгелектейді.
272. Осы параграфта көзделген жеткізу шартын жасасуға қойылатын талаптар аналогы жоқ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауыт) немесе отандық өндірушімен жасалатын азаматтық-құқықтық шарттарға қолданылмайды.
273. Жеткізу шартына өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа шарттарды (бағаны, көлемді азайтуды қоспағанда) енгізуге, оның ішінде жеткізу шартында көрсетілген тауардың саудалық атауын басқа тауардың саудалық атауымен алмастыруға (техникалық сипаттамасы мен сапасы өзгермеген кезде) жол берілмейді.
274. Сапаның және өнім берушіні таңдауға негіз болған басқа да шарттардың өзгермеуі жағдайында жасалған жеткізу шартына:
1) тараптардың өзара келісімі бойынша тауарлардың бағаларын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;
2) тауарлардың көлемін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
275. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьюторға ұсынған түзетілген өтінімде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері азайтылған жағдайда, жеткізу шартына да жеткізу көлемінің тиісінше азаюы бойынша және шарт сомасына мөлшерлес өзгерістер енгізіледі.
276. Бірыңғай дистрибьютор жеткізу шартына қол қойғанға дейін жеңімпазбен немесе әлеуетті өнім берушімен жеткізу шартының бағасын төмендету мақсатында келіссөздер жүргізе алады. Жеңімпаз, әлеуетті өнім беруші мұндай төмендетумен келіспеуіне болады, бұл ретте бірыңғай дистрибьютор жеңімпазбен немесе әлеуетті өнім берушімен жеткізу шартына қол қоюдан жалтара алмайды.
2-параграф. Жеткізу шартын орындауды қамтамасыз ету
277. Өнім беруші жеткізу шартына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға жеткізу шартының құнынан 3% мөлшерінде өнім берушінің жеткізу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынады.
278. Өнім беруші жеткізу шартын орындауды қамтамасыз етуді онымен жасалған жеткізу шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындайтынына кепілдік ретінде енгізеді.
279. Өнім беруші жеткізу шартын орындауды қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1) бірыңғай дистрибьютордың банк шотына енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз жеткізгіште банк кепілдігі.
280. Әлеуеттi өнiм берушiнің жеткізу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына алып келетін іс-әрекеттерді жасауына жол берiлмейдi.
281. Шартты орындауды қамтамасыз ету аналогы жоқ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауыт) шарт жасалған жағдайда енгізілмейді.
282. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушіге мынадай жағдайларда:
1) өнім берушінің шарт міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты жеткізу шарты бұзылса;
2) жеткізу шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса (жеткізу мерзімдерінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу және шарттың басқа да талаптарын бұзу);
3) орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін жеткізу шартында көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, жеткізу шартын орындауды қамтамасыз етуді қайтармайды.
16-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға, төтенше жағдайларды болдырмауға және олардың салдарын жоюға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі (сатып алудың ерекше тәртібі)
283. Сатып алудың ерекше тәртібі:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
2) төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарларын жою қажеттілігі болған жағдайларда жүзеге асырылады.
284. Осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары және тауарларға қойылатын талаптар сатып алудың ерекше тәртібі тәсілімен сатып алуға қолданылмайды, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.
285. Сатып алудың ерекше тәртібінің мақсаттары үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) сатып алудың ерекше тәртібіне жататын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін (тізімдерін) және көлемін;
2) кедендік тазарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың болжамды құнын (бағасын);
3) сатып алуды қаржыландыру көздерін айқындайды.
286. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдарға сатып алудың ерекше тәртібіне қатысуға жол беріледі.
287. Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттар шеңберінде жасалған шарттарда (келісімдерде) шарт сомасының жүз пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
288. Сатып алудың ерекше тәртібін жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша ұсынысты;
2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, актілерді сұратады.
289. Сатып алудың ерекше тәртібінің шарты (келісімі) осы тараудың талаптары ескеріле отырып жасалады.
17-тарау. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
290. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу мақсатында бірыңғай дистрибьютор номенклатураны қалыптастырғанға дейін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін ескере отырып, алдын ала номенклатураны қалыптастырады және оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін жібереді.
Алдын ала номенклатура әлеуетті өнім берушілердің дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесіндегі олар бойынша конкурс өткізілетін жылы қолданыста болған, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің бұрын жасалған ұзақ мерзімді шарттары жоқ дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын қамтиды.
291. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша жеткізу кезеңі дәлелденген клиникалық тиімділігі жоқ дәрілік заттарды алып тастау арқылы конкурстық рәсімдер өткізбестен, тараптардың келісімімен әрбір атауы бойынша жеткізу басталған күннен бастап жеті жылдан бастап он жылға дейін ұзартылады. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шартында инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі болмаған жағдайда, оны іске асыру мерзімі жеткізу басталғанға дейін осы тармақтың талаптарына сәйкес көрсетілген шарт ұзартылған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді.
292. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың алдын ала номенклатурасын алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға формулярлық комиссия мақұлдаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, техникалық сипаттамаларын, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша жеткізу кезеңінің ұзақтығын көрсете отырып, бекітілген номенклатураны немесе негіздеме ұсына отырып, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алудың орынсыздығы туралы қорытындыны ұсынады.
293. Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын сатып алудың орынсыз екені туралы қорытынды алған жағдайда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атаулары (лоттары бойынша) бойынша жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс жарияламайды.
294. Бірыңғай дистрибьютор жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу үшін бағалау комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
295. Комиссия жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасаған кезден бастап немесе ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға конкурс өткізілмеді деп танылғанда өз қызметін тоқтатады.
296. Комиссия құрамына:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік қамтамасыз етуге жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес қызметкерлері;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның фармацевтикалық өнеркәсіпке жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес қызметкерлері;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басқарма басшысынан төмен емес қызметкерлері (келісім бойынша);
4) сараптама ұйымының дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мамандандырылған сараптау мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес қызметкерлері;
5) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес қызметкерлері;
6) Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кіреді.
297. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы тиіс және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
298. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның комитет төрағасының орынбасарынан төмен емес қызметкері төраға болып, бірыңғай дистрибьютордың басшысы төрағаның орынбасары болып тағайындалады.
299. Төраға оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
300. Бірыңғай дистрибьютордың қызметкері комиссия хатшысы болып табылады, ол әлеуетті өнім берушілерден өтінімдері бар конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, комиссия отырысы өткен соң оның хаттамаларын рәсімдейді, келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдарын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттерді ұсыну уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (өтінімі бар конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысқан адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілген, беттері нөмірленген, соңғы бетіне бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті адамының қолы қойылған болуы тиіс.
301. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
302. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
303. Қажет болған кезде комиссия өлшемшарттар бойынша сәйкестігін бағалау үшін тиісті салалардан сарапшыны тарта алады. Сарапшының комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
304. Сарапшы бағалау өлшемшарттары бойынша комиссия қойған сұрақтарға сараптамалық қорытынды береді.
305. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатқа ие және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі, жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
306. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілер өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын өзінің интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.
307. Жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы және олардың техникалық сипаттамалары көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасы;
3) жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні, уақыты және орны;
4) өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны қамтылады.
308. Жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы күніне дейін бірыңғай дистрибьюторға жабылған түрде өтінімді ұсынады.
309. Оларды ұсыну соңғы мерзімі өткеннен кейін алынған, сондай-ақ нөмірленбеген және әлеуетті өнім берушінің қолымен расталмаған өтінім қабылданбайды және ол ұсынған әлеуетті өнім берушіге кері қайтарылады.
310. Әлеуетті өнім беруші өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгерте алады немесе кері қайтара алады. Әлеуетті өнім берушінің өтінімді қайтару туралы хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша түрде жіберілуі керек, бірақ өтінім берудің соңғы мерзімінен кешіктірілмеуі тиіс.
311. Әлеуетті өнім беруші өтінімді конвертке салады, онда әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конверт бірыңғай дистрибьютордың хабарландыруда көрсетілген мекенжайына жіберілуге және: "Жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурс" және "__________дейін ашуға болмайды (хабарландыруда конверттерді ашу күні және уақыты көрсетіледі)" деген сөздер болуы тиіс.
312. Әлеуетті өнім беруші өтінімді түпнұсқада және көшірмеде беттері нөмірленген, бөлек тігілген түрде, конверттерде түпнұсқа және көшірме екенін, сондай-ақ өзінің заңды және нақты мекенжайын көрсете отырып ұсынады, соңғы парағы уәкілетті адамның қолымен расталады.
313. Жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары (лоттары) көрсетіле отырып және өтінімге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлға жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, акция иелерінің тізілімінен немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі де ұсынылады);
4) мыналар:
инвестициялық жобаның мақсаты және операторы;
инвестициялық жобаның құны және қаржыландыру көздері; коммерциялық бөлім;
өнімді сату бағдарламасы;
техникалық бөлім;
технологияның сипаты;
жабдықтың сипаты;
экологиялық бөлім;
қаржы бөлімі;
әлеуметтік-экономикалық бөлім;
жобалық тәуекелдер, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу кезеңінің басталу күні;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдері мен жартыжылдық кесте;
өндірілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі;
инфрақұрылымы туралы ақпарат көрсетіле отырып, техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар;
5) конкурс жарияланған күннің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
6) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің алдында әлеуетті өнім берушінің үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы конкурс жарияланған күннен ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк анықтамасының қол қойылған түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, онда осындай банктердің әрқайсысынан мұндай анықтама беріледі).
Осы тармақшада көзделген бірнеше дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінім берілген жағдайда, техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар туралы ақпарат әрбір атау бойынша жеке ұсынылады.
314. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
315. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудиожазба мен бейне түсірілімнің техникалық құралдары туралы комиссияны хабардар етеді.
316. Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауларын және мекенжайларын, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері ұсынылған лоттардың атауларын хабарлайды және аталған ақпараттық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.
317. Комиссия хатшысы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға конверттерді ашу рәсімінен кейін үш жұмыс күні ішінде салалық қорытынды алу үшін өтінімдердің көшірмелерін жібереді.
318. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган өтінім көшірмелерін алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға: жоба конкурс комиссиясының одан әрі қарауына ұсынылады немесе ұсынылмайды деген салалық қорытындыны жібереді.
319. Салалық қорытынды техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар негізінде мынадай өлшем шарттар бойынша беріледі: жобаның зерттелу дәрежесі, қаржыландыру көздері, инфрақұрылыммен және жер учаскесімен қамтамасыз етілуі.
320. Өтінімдерді бағалау кезінде:
1) әлеуетті өнім берушілер өтінімде көрсетілген инвестициялық жобаны таныстыру үшін комиссияның отырысына шақырылады;
2) сұрақтар мен ескертулер туындаған жағдайда комиссия әлеуетті өнім берушілерден өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша түсіндірулерді сұратады. Әлеуетті өнім беруші үш жұмыс күні ішінде комиссияға жазбаша түсіндірмені ұсынады;
3) осы Қағидалардың талаптарына сай келмейтін өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сұратуларға, ұсыныстарға немесе толықтыруларға жол берілмейді;
4) бірыңғай дистрибьютор хабарлаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары ғана ескеріледі.
321. Комиссия өтінімдерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысын алғаннан кейін келесі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң банкрот не тарату рәсiмiне қатысы жоқтығы бөлiгiнде олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн нақтылау мақсатында комиссия банкрот не тарату рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды, олардың жосықсыз өнім берушілер тізбесінде болуы бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
322. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (лоттардың) атаулары бойынша ұсынылған осы тараудың талаптарына сәйкес кері қайтарылмаған екі және одан да көп (лотта бәсекелестік орта болған жағдайда) өтінімді комиссия балдық жүйемен бағалайды.
323. Әлеуетті өнім берушілердің өтініміне мынадай бағалау өлшем шарттары (балдық жүйе) қолданылады:
1) инвестициялық жобаны іске асыруды толық өтейтін қаржы құралдарының болуы туралы растау:
инвестициялық жобаны іске асыруды толық өтейтін қаржы құралдары (банктің анықтамасы) – 2 балл немесе инвестициялық жобаны іске асыруды толық өтейтін тартылатын қаржы құралдары (банк анықтамасы, қарыз туралы шарт, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
2) мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар фармацевтикалық өндірістің тиісті мамандарын тарту туралы растау – 2 балл;
3) техникалық-экономикалық негіздемеге және (немесе) бизнес-жоспарға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін технологиялық жабдықтың болуы туралы растау (технологиялық жабдықтарды меншік құқығына сатып алуды (ниетін) растайтын құжат) – 1 балл;
4) инвестициялық жобада көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру үшін пайдаланылатын тиісті үй-жайдың болуы туралы растау:
меншік құқығындағы үй-жай (үй-жайға меншік құқығын растайтын құжат және конкурс жарияланған күннен бұрын берілмеген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) – 2 балл, немесе жалға, сенімгерлікпен басқаруға, уақытша пайдалануға алынған үй-жай (жалға, сенімгерлік басқаруға, уақытша пайдалануға алу туралы шарт (келісім) – 1 балл;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру үшін пайдаланылатын жер учаскесінің болуы туралы растау:
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру үшін пайдаланылатын меншіктегі жер учаскесі (тиісті инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесінің актісі және конкурс жарияланған күннен бұрын берілмеген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) – 2 балл, немесе дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру үшін пайдаланылатын жалға, сенімгерлікпен басқаруға, уақытша жер пайдалануға алынған жер учаскесі (тиісті инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесінің актісі) – 1 балл;
6) құрылыс салу жағдайында жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сарапта қорытындысының болуы – 2 балл;
7) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензиялардың көшірмелерін және оған қосымшаларды ұсына отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарттың болуы – 1 балл;
8) Қазақстан Республикасында өндірілетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ТМД елдеріне жеткізуге келісімшарттар ұсынған әлеуетті өнім берушіге – 1 балл беріледі;
9) әлеуетті өнім берушіге өндіріс циклі бойынша мынадай балдар беріледі:
толық Қазақстанда шығарылған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне (Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдерден ғана тұратын Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар) – 3 балл, немесе жеткілікті өңдеу өлшем шарттарына сәйкес дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өзіне тән қасиет беру үшін субстанцияларды/шикізатты қайта өңдеу арқылы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне – 2 балл, немесе "in-bulk"-ты қоса алғанда, қайта қапталған өнім/қапталған дайын өнім өндірісіне – 0,5 балл.
"СТ-KZ" ішкі айналым үшін тауардың шыққан тегі туралы сертификаты бар дәрілік заттар/медициналық мақсаттағы бұйымдар осы тармақ бойынша жалпы негізде, өндірістік циклға сәйкес бағаланады.
Өндіріс циклі бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша орташа арифметикалық мәнді айқындау жолымен айқындалады (осы тармақшаға ғана қолданылады):
Б=(N1+N2+Nn)/Р
Б – өндіріс циклі бойынша қорытынды балл;
N – тиісті лот үшін балл;
Р – комиссия конкурсқа қабылдаған лоттар саны.
Балл алу үшін әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ақпаратты ұсынады.
324. Балл алу үшін барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариат растаған көшірмелер түрінде беріледі.
325. Осы тарауда көзделген әрбір өлшем шарт бойынша балдарды қосу арқылы ең көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
326. Жарияланған номенклатурадан қалған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары (лоттары) балдарының кемуі бойынша тиісінше кейінгі орын алған әлеуетті өнім берушілер арасында бөлінеді.
327. Балдар тең болған жағдайда, комиссия жеңімпазды ең жоғары шартты бағалық жеңілдік бойынша айқындайды.
328. Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша бағалау хаттамасы жасалады, оған қатысушы комиссия мүшелері қол қояды және мынадай:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық жобаларын іске асыруға орынды немесе орынсыз деп танылған әлеуетті өнім берушілер туралы;
2) ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға жататын номенклатурасы бар әлеуетті өнім берушілер туралы;
3) ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы (балдар тең болған жағдайда), сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерден ең жоғары шартты баға жеңілдігін қабылдау күні, уақыты және орны туралы ақпараттарды қамтиды.
329. Тиісті орындар алған әлеуетті өнім берушілер туралы олардың лоттары көрсетілген ақпарат, ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы (балдар тең болған жағдайда), сондай-ақ ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында бағалау хаттамасына қол қойылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде орналастырылады.
330. Әлеуетті өнім берушілер жазбаша түрде конкурсқа одан әрі қатысудан бас тарта алады.
331. Ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі бағалау хаттамасында көрсетілген уақыты, күні және орны бойынша өткізіледі. Әлеуетті өнім беруші бағалық жеңілдікті беруге уәкілетті адамның қатысуын қамтамасыз етеді.
332. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағалық жеңілдігі бірінші басшының немесе осындай шартты бағалық жеңілдікке қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылған, лот бойынша шартты бағалық жеңілдікті көрсете отырып, жазбаша түрде ұсынылады.
Шартты бағалық жеңілдіктің ең төменгі қадамы 1 %-ды (бір пайыз) құрайды.
333. Қандай да бір лот бойынша әлеуетті өнім беруші бастапқы баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
334. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсімінен шеттету нәтижесінде бір ғана әлеуетті өнім беруші қалса, соңғысы жеңімпаз деп танылады.
335. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық шартты бағалық жеңілдіктерін, оның ішінде лот бойынша барынша көп шартты бағалық жеңілдікті жариялайды және оларға бастапқы шартты бағалық жеңілдікті ұлғайтуға ұсыныс жасайды.
336. Түпкілікті шартты бағалық жеңілдіктерді қабылдау уақыты комиссия хатшысының осындай бағалық жеңілдіктерді қабылдаудың басталғанын хабарлаған сәтінен бастап бес минутқа дейінгі уақытты құрайды.
337. Егер бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсынбаса, комиссия оның бастапқы бағалық жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.
338. Ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі ең жоғары баға жеңілдігі біреу болған жағдайда түпкілікті болып табылады.
339. Екі немесе одан көп бірдей түпкілікті бағалық жеңілдік болған жағдайда, түпкілікті болып есептелетін үшінші баға жеңілдігін ұсынуға жол беріледі.
340. Үшінші түпкілікті бағалық жеңілдік те бірдей болып шыққан жағдайда, ондай лот өткізілмеді деп танылады.
341. Басқа бағалық жеңілдіктерге қарағанда ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
342. Ұсынылған шартты бағалық жеңілдік жеткізудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімінде әрекет етеді. Шартты бағалық жеңілдік өсу жағына өзгереді және кему жағына қарай өзгеруге жатпайды.
343. Ұсынылған шартты бағалық жеңілдік мынадай формула бойынша сатып алу жылындағы дәрілік заттардың бағаларына қолданылады:
(P-N)-S= D
Р – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті баға;
N – бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы;
S – шартты жеңілдік;
D – дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бағасы.
Бұл ретте баға тараптардың келісуі бойынша кему жағына қарай өзгеруі мүмкін.
344. Комиссия:
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған;
2) осы Қағидаларда белгіленген инвестициялық жобаны іске асырудың мерзімі асырылған;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытындысын алған;
4) бағалау өлшем шарттарына сәйкес келмеген кезде (комиссия сарапшының қорытындысын назарға алған кезде);
5) өтінімде көрсетілген кестеге сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру барысы бұзылған;
6) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болған;
7) банк алдында берешегі болған жағдайларда өтінімді толықтай немесе жекелеген лоттар бөлігінде кері қайтарады.
345. Жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс тұтас немесе жекелеген лоттар бөлігінде:
1) лот бойынша бірде-бір өтінім ұсынылмаған;
2) лот бойынша барлық өтінімдер кері қайтарылған;
3) ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі кезінде шартты бағалық жеңілдік ұсынылмаған;
4) тиісті лот бойынша бірдей шартты бағалық жеңілдіктер ұсынылған;
5) бір көзден сатып алуды өткізбей жеткізудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын әлеуетті өнім берушіден бір ғана өтінім ұсынылған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
346. Комиссия қорытынды шығарады және хаттамаға қол қояды.
347. Қорытындылар хаттамасында:
1) ұзақ мерзімді жеткізу шарттары жасалуы тиіс номенклатурасымен қоса, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
2) негіздемелері көрсетіле отырып, өтінімдері кері қайтарылған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
3) балдық жүйе қолданылған жағдайдағы, балдар;
4) өнім беруші лоттар бойынша бағалық жеңілдіктер арқылы айқындаған жағдайда, баға жеңілдіктері;
5) жеткізудің ұзақ мерзімді шарты автоматты түрде жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінімді ұсынуы туралы ақпарат көрсетіледі.
348. Бірыңғай дистрибьютор қорытындылар хаттамасының негізінде оған қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады. Бұл ретте, өтінім жеткізудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
349. Жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгілеген тәсілдермен сатып алады.
350. Ұзақ мерзімді шарт жасалған кезден бастап және жеткізудің ұзақ мерзімді шартында көзделген объектіні пайдалануға беру/жаңғырту күні арасындағы кезең екі жылдан аспауы тиіс. Көрсетілген мерзімнен асқан және өнім беруші объектіні пайдалануға беру туралы актіні жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есеппен бірге хабарламаны көрсетілген кезең аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайларда, бірыңғай дистрибьютор біржақты тәртіппен жеткізудің ұзақ мерзімді шартын бұзады.
351. Объектіні пайдалануға берген (жаңғыртқан) сәттен бастап және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу басталған күн арасындағы кезең объектіні пайдалануға беру актісі (хабарлама) ұсынылған кезден бастап есептелетін жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есеппен жеткізудің ұзақ мерзімді шартында көзделген үш жылдан аспауы тиіс.
Осы тармақтың талаптары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.
352. Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторды дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге дайын екендігі туралы хабардар етеді.
353. Жеткізуді бастау күні бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттарды:
1) фармацевтикалық көрсетілетін қызметке арналған лицензияны;
2) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған тиісті тіркеу куәліктерін;
3) тауардың шығарылуы туралы ішкі айналымға арналған "СТ-KZ" сертификатын;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін тиісті өндірістік практика стандарттарының (GМP) енгізілгенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін басталады.
354. Жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тиісті қаржы жылына өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға өтініш берген сәтінен бастап жүзеге асырылады. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тиісті қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.
355. Мыналар:
1) осы Қағидаларда белгіленген инвестициялық жобаны іске асыру мерзімін асыру;
2) жеткізудің ұзақ мерзімді шартында көзделген жеткізудің басталу күнінің бұзылуы. Бұл ретте олар бойынша жеткізудің басталу мерзімі бұзылған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
3) жеткізудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;
4) жеткізудің басталу күнінен бастап екі жыл ішінде жеткізуден бас тарту. Бұл ретте жеткізуден бас тарту болған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
5) инвестициялық жобаны іске асыру кестесінің бұзылуы;
6) ұсынылуы жеткізудің ұзақ мерзімді шартында көзделген инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы жартыжылдық есептің уақтылы ұсынылмауы;
7) өнім берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін тоқтатуы;
8) уәкілетті органның дәрілік заттардың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжат жеткізу шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Жеткізудің ұзақ мерзімді шарты осы тармақтың 7)-8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылған жағдайда, оны берудің ұзақ мерзімді шарты тізімінен алып тастауға жататын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
18-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
356. Бірыңғай дистрибьютор жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасау мүмкін болатын және бұрын жасалған жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары болмаған бірыңғай дистрибьютордың қолданыстағы тізіміндегі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен номенклатураны алғаннан кейін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес екі кезеңдік тендер өткізеді.
357. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша жеткізу кезеңі дәлелденген клиникалық тиімділігі жоқ дәрілік заттарды алып тастай отырып, конкурстық рәсімдерді өткізбей әрбір атау бойынша жеткізу басталған күннен бастап жеті жылдан он жылға дейін тараптардың келісімі бойынша ұзартылады.
358. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға үміткер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендердің нәтижелері бойынша мыналарды:
1) объектінің дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандартқа сәйкестігі туралы сертификатты;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі айналымға арналған тауардың шығуы туралы сертификатты ұсына отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша толтырылатын тендерлік өтінімде олар бойынша жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға дайын лоттарды қосымша көрсетеді.
359. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер жеңімпазы тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізудің көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын көрсете отырып, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу кестесін ұсынады.
360. Бірыңғай дистрибьютор тендер жеңімпазынан дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу кестесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жібереді.
361. Егер тендер жеңімпазы бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу кестесін ұсынбаса, онда бірыңғай дистрибьютор онымен жасасатын ұзақ мерзімді жеткізу шартына қол қоюдан бас тартуы тиіс.
362. Бірыңғай дистрибьютор:
1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізген;
2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағасын уәкілетті орган бекіткен;
3) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
4) өнім беруші осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растаған;
5) ішкі айналымға арналған тауардың шығуы туралы "СТ-КZ" сертификаты, сондай-ақ тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) халықаралық стандарт талаптарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылған;
6) жеткізу кестесі ұсынылған кезде әрбір қаржы жылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде, тиісті қаржы жылына көлемін, бағасын, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарттарын көрсете отырып, қосымша келісім жасасу жолымен сатып алуды жүзеге асырады.
363. Мыналар:
1) ұзақ мерзімді жеткізу шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;
2) екі жыл қатарынан жеткізуден бас тарту. Бұл ретте, жеткізуден бас тарту болған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
3) өнім берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін тоқтатуы;
4) уәкілетті органның дәрілік заттардың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаты;
5) уәкілетті органның дәрілік заттардың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаты дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға негіз болып табылады.
Осы Қағидалардың 363-тармағының 1) -5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жеткізудің ұзақ мерзімді шарты бұзылған жағдайда, оны жеткізудің ұзақ мерзімді шарты тізімінен алып тастауға жататын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
364. Отандық өндіруші жеткізуден бас тартқан жағдайда, бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
19-тарау. Медициналық техниканың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
365. Берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіге медициналық техниканың тізбесін, техникалық ерекшелігін, санын, сатып алынатын медициналық техниканың әрбір атауы бойынша болжамды құнын қамтитын ақпаратты ұсынады.
366. Отандық тауар өндірушілер сараптамалық бағалауды жүргізу үшін лизинг берушіден тиісті сұратуды алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде лизинг берушіге өздері өндіретін медициналық техниканың тізбесін, техникалық ерекшелігін және өндіруге жеткілікті, бірақ 150 (бір жүз елу) күнтізбелік күннен аспайтын жеткізу мерзімін, бір бірлікке және медициналық техниканың әрбір атауы бойынша жиынтығы бөлігінде ұсынылатын құнын көрсете отырып жиынтығын ұсынады.
367. Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 365-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынған, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер осы Қағидалардың 366-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушілер дайындайтын медициналық техниканы айқындау бөлігінде медициналық техниканың ұсынылған атауларына, оңтайлы техникалық сипаттамасына, әрбір атауы және жиынтық бөлігінде медициналық техниканың құнына, жеткізу мерзіміне, сатып алынатын медициналық техниканы отандық тауар өндірушілер дайындайтын техникамен ауыстыру мүмкіндігіне сараптамалық бағалау жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекіте отырып, сараптамалық қорытынды шығарады.
368. Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шығарған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде медициналық техниканың әрбір атауы бойынша бір бірлігі үшін және жиынтық бөлігінде шекті құнын көрсете отырып, техникалық ерекшелікпен бірге тігілген, бекітілген сараптамалық қорытындыны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
369. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіден техникалық ерекшелікпен бірге тігілген сараптамалық қорытындыны алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушілердің медициналық техниканың тізбесін, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамаларын, әрбір атауы бойынша бірлігі үшін және жиынтық бөлігінде шекті құнын, медициналық техниканы жеткізу кезеңінің ұзақтығын қамтуы тиіс жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу жөніндегі өтініштерін ескере отырып, бірыңғай дистрибьюторға жеткізудің ұзақ мерзімді шарты бойынша сатып алынуға жататын медициналық техниканың бекітілген тізбесін жібереді.
370. Медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу мынадай жүйелі кезеңдерің жиынтығын білдіреді:
комиссияны құру, комиссияның хатшысын айқындау, сарапшыны (-ларды) тарту (қажет болған жағдайда);
конкурс өткізу туралы хабарландыру;
конкурстық өтінімдерді қабылдау және алдын ала қарау;
конкурстық өтінімдерге толықтыруларды қабылдау және қарау;
ең жоғары бағалық жеңілдікті ұсыну рәсіміне (бұдан әрі – аукцион) жіберілген әлеуетті өнім берушілерді айқындау;
әлеуетті өнім берушілердің бағалық жеңілдігін салыстыру арқылы аукцион өткізу;
медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасу.
371. Жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу, конкурстық комиссияның (бұдан әрі – комиссия), сараптамалық комиссияның құрамын бекіту, комиссия хатшысын тағайындау туралы шешім бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысының бұйрығы түрінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алынуға жататын медициналық техниканың бекітілген тізбесін алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде ресімделеді.
372. Медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия, сараптамалық комиссия құрады және олардың құрамын бекітеді.
373. Комиссия өзінің қызметін медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден не медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілмеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
374. Комиссия құрамына:
1) медициналық техниканы қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес басшы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері;
2) бірыңғай дистрибьютордың басшылары, қызметкерлері;
3) лизинг берушінің басшысы, қызметкерлері;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық немесе медициналық өнеркәсіп бойынша аккредиттелген бейінді қауымдастықтардың басшының орынбасарынан төмен емес өкілдері (келісім бойынша);
5) Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері кіреді.
375. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және бес адамнан кем болмауға және он үш адамнан артық болмауы тиіс. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
376. Төраға болып бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы, комиссия төрағасының орынбасары болып дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы уәкілетті органның басшысы айқындалады.
377. Төраға оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
378. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады, ол әлеуетті өнім берушілерден өтінімдері салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, комиссия отырысы өткен соң оның хаттамаларын рәсімдейді, келіп түскен өтінімдерді және өтінім салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (өтінім салынған конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысатын тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілуі, парақтары нөмірленуі, соңғы парағы бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті адамының қолымен расталуы тиіс.
379. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
380. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысатын комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
381. Қажет болған кезде бірыңғай дистрибьютор бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
382. Сарапшылар ретінде медициналық техниканың сұрау салынған үлгісінің бейіні бойынша мамандар және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының мамандары не медициналық техниканы сараптауға аккредиттелген ұйымдардың сарапшылары тартылады.
383. Сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын медициналық техниканың сатып алынатын медициналық техниканың тізіміне сәйкес техникалық сипаттамасының талаптарына сәйкестігі бойынша сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сараптамалық қорытындыны әлеуетті өнім берушінің өтінімін ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
384. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізетіні туралы хабарландыру орналастырады.
385. Медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы мен банктік деректемелері;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітілген сатып алынатын медициналық техниканың атауы, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамасы, әрбір атауы бойынша бір бірлігінің және жиынтық бөлігінде шекті құны, тауардың әрбір атауы бойынша жеткізу мерзімдері, медициналық техниканы жеткізу кезеңінің ұзақтығын қамтуы тиіс сатып алынуға жататын медициналық техниканың тізбесі (мәліметтер көлемі үлкен болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген ақпарат бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ғана орналастырылуы мүмкін);
3) жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны.
386. Жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға өтінімді жабылған түрде ұсынады.
387. Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін алынған, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамның қолымен расталмаған өтінім қабылданбайды және оны ұсынған әлеуеті өнім берушіге қайтарылады.
388. Өтінімді өзгерту немесе қайтарып алу үшін әлеуетті өнім беруші өтінімді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда өтінімді өзгерту немесе кері қайтару туралы хабарлама жібереді.
389. Конкурстық өтінімді әлеуетті өнім беруші парақтары нөмірленген, тігілген түрінде ұсынады және соңғы парағы уәкілетті адамның қолымен расталады.
390. Конкурстық өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, беттері нөмірленген, соңғы парағы заңды тұлғаның қолымен расталған) конкурстық өтінімге бөлек қосылып беріледі және конкурстық өтініммен бір конвертке салынады.
391. Әлеуетті өнім беруші өтінімді конвертке салады. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі. Конверт бірыңғай дистрибьютордың хабарландыруында көрсетілген мекенжайға жіберіледі және мынадай: "Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс" және "______ дейін ашуға болмайды (хабарландыруда конверттер ашылатын күні және уақыты көрсетіледі)" деген сөздер болуы тиіс.
392. Медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензиясының болуы;
2) жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
3) заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің болуы;
4) төлем қабілетінің болуы, таратуға жатпауы, сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы тиіс;
5) отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуы;
6) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
7) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде тұрмауы.
393. Медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзiмдi шартын жасауға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
1) денсаулық сақтау саласындағы орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканың (лоттардың) атауы көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмеген жағдайда, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзіндіні немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейін қолданыстағы акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді де ұсынылады);
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері не электрондық құжат түріндегі рұқсаттар (хабарламалар). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
конкурс жарияланған күннің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары бойынша, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің алдында үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктер анықтамасының қол қойылған түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктердің немесе шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, онда анықтама банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
3) ұсынылатын тауардың нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағазда және электрондық түрдегі (doc* форматында) техникалық ерекшеліктер;
4) белгіленген үлгідегі ішкі айналымға арналған тауардың шығуы туралы "CT-KZ" сертификатының түпнұсқасы немесе оның нотариат растаған көшірмесі;
5) медициналық техника өндірісінің ISO халықаралық стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
6) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың 395-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
394. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелуі немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қорытындысының (рұқсат құжатының) болуы. Тіркеу тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын ақпараттық Мемлекеттік тізілім ресурсынан алынған көшірме үзіндісімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) медициналық техниканы таңбалау, тұтынушы қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулық және пайдалану құжаты Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес келеді;
3) медициналық техника уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
4) медициналық техника жаңа және бұрын пайдаланылмаған, жеткізу кезінде жиырма төрт айдан асырылмай шығарылған болып табылады;
5) өлшеу құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;
6) жылжымалы кешен арнайы автокөліктен, медициналық техникадан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде тіркелген.
395. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
396. Комиссия конверттерді ашу кезінде рәсімдерді өткізу орнын, уақытын мен күнін көрсете отырып, регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді. Регламент бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында да орналастырылады.
397. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
398. Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайларын, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері ұсынылған лоттардың атауларын хабарлайды және аталған ақпаратты өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.
399. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық өтінімдердің біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң банкроттық не тарату рәсiмiне қатысы жоқтығы бөлiгiнде олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн нақтылау мақсатында комиссия банкроттық не тарату рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды, олардың жосықсыз өнім берушілер тізбесінде болуы бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
400. Комиссия регламентке сәйкес күні мен уақытына сәйкес, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында орналастыру арқылы) әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген, конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;
3) конкурстық өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді қажет етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) конкурстық өтінімдеріне ескертулер бар әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдеріне ескертулер;
6) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі;
7) екі конкурстық өтінімнен аз өтінім ұсынылған лоттардың нөмірі.
401. Комиссия көрсеткен ескертулерді жою мерзімі ашу хаттамасы жария етілген күнді қоспағанда, үш жұмыс күнін құрайды.
402. Ескертулер жойылғаннан кейін конкурстық өтінім беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделген толықтырулар түріндегі өзгертілген конкурстық өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістерді енгізу мерзімдерінде комиссияның хатшысына ұсынылады.
403. Толықтырулары бар конверттерді ашуды комиссия ашу хаттамасында көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері конкурстық өтінімдерге толықтырулары бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
404. Өзгерістер енгізу үшін мерзімінде ұсынылған конкурстық өтінімдерге толықтыруларды зерделегеннен кейін комиссия регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттер ашылатын күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлайды.
405. Әлеуетті өнім берушілерді ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу хаттамасына комиссия ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жария еткен күні қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор рұқсат беру хаттамасына комиссия мүшелері қол қойған күннен кейін келесі жұмыс күні оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;
3) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) конкурстық өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді жіберу туралы комиссияның шешімі.
406. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін, егер:
1) ұсынылған өтінім осы Қағидалардың 393-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
2) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 392-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын медициналық техника осы Қағидалардың 394-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
4) егер сарапшы әлеуетті өнім беруші ұсынған медициналық техниканы техникалық сипаттамалардың (техникалық ерекшеліктердің) талаптарына сәйкес келмейді деп таныса;
5) ұсынылған техникалық ерекшелікте ұсынылып отырған медициналық техниканың техникалық сипаттамасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының сайтында орналасқан тіркеу құжаттамасында және (немесе) тіркеу куәлігінде көрсетілген техникалық сипаттамаға және (немесе) жинақтауышқа сәйкес келмесе, өтінімді толық не лоттар бойынша қайтарылады.
407. Конкурсқа лот бойынша тек бір ғана отандық өндіруші қатысқан жағдайда, ол осы тарауда көзделген біліктілік және өзге де талаптарға сәйкес келген кезде соңғысымен автоматты түрде ұзақ мерзімді шарт жасалады.
408. Лот бойынша бәсекелес орта болған жағдайда, комиссия жеңімпазды ең жоғары бағалық жеңілдік рәсімі бойынша айқындайды.
409. Бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында рұқсат беру хаттамасын орналастырған күннен бастап екінші жұмыс күні комиссия ең жоғары баға жеңілдігі рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілерден баға жеңілдіктерін қабылдауды бастайды.
410. Әлеуетті өнім беруші бағалық жеңілдікті беруге уәкілетті адамның қатысуын қамтамасыз етеді.
411. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға жеңілдігі бірінші басшының немесе осындай баға жеңілдігіне қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылған лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдік көрсетіле отырып, жазбаша түрде ұсынылады.
Баға жеңілдігінің ең төменгі қадамы 1 %-ды (бір пайыз) құрайды.
412. Қандай да бір лот бойынша әлеуетті өнім беруші бастапқы баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша соңғы баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
413. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары шартты баға жеңілдігін айқындау рәсіміне қатысудан шеттетілу нәтижесінде бір ғана әлеуетті өнім беруші қалса, соңғысы жеңімпаз деп танылады.
414. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық бағалық жеңілдіктерін, соның ішінде лот бойынша ең жоғары шартты бағалық жеңілдігін жариялайды және оларға бастапқы шартты бағалық жеңілдікті арттыруға ұсыныс жасайды.
415. Түпкілікті бағалық жеңілдіктерін қабылдау уақыты комиссия хатшысының осындай баға жеңілдіктерін қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған кезінен бастап бес минутқа дейінгі уақытты құрайды.
416. Егер бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсынбаса, комиссия оның бастапқы бағалық жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.
417. Ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі ең жоғары бағалық жеңілдік біреу болған жағдайда түпкілікті болып табылады.
418. Лот бойынша бірдей екі түпкілікті баға жеңілдігі болған жағдайда, жеңімпаз "СТ КZ"-ға сәйкес қазақстандық қамтудың ең көп үлесі бойынша айқындалады.
419. "СТ КZ"-ға сәйкес бірдей қазақстандық қамту үлесі ұсынылған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімді бұрын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
420. Басқа бағалық жеңілдіктерге қарағанда ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
421. Ұсынылған бағалық жеңілдік ұзақ мерзімді жеткізу шартының қолданылу мерзімінде қолданылады. Бағалық жеңілдік өсу жағына өзгереді және кему жағына қарай өзгермеуі тиіс.
422. Ұсынылған бағалық жеңілдік сатып алу жылына медициналық техниканың бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті баға бағалық жеңілдікті азайтқанда, медициналық техниканың бағасына теңеледі.
423. Комиссия отырыста қортынды шығарады және хаттамаға қол қояды.
424. Қорытындылар хаттамасында:
1) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі өтетін күн, басталу және аяқталу уақыты;
2) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайлары;
3) лоттардың атаулары мен қысқаша сипаты;
4) бірде бір әлеуетті өнім беруші шықпаған лоттардың атаулары;
5) конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған ең жоғары жеңілдік;
6) конкурс жеңімпаздарының атаулары мен мекенжайлары;
7) автоматты түрде жеткізудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын әлеуетті өнім беруші туралы бір ғана өтінім ұсынғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
425. Ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор лоттар бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсының қорытынды хаттамасын интернет-ресурсқа жариялайды.
426. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Медициналық техниканы жеткізудің үлгілік ұзақ мерзімді шартына сәйкес оған қол қойылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қорытынды хаттаманың негізінде медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
427. Медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және тапсырыс берушілерге конкурстың қорытынды хаттамасын және конкурс жеңімпазының қағаз және электрондық түрдегі (doc* форматында) техникалық ерекшеліктерінің көшірмелерін қоса бере отырып, өткізілген конкурстың қорытындысы және конкурс жеңімпаздарының тізімі бар ақпараттық хат жібереді.
428. Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекітеді.
429. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде медициналық техниканың атауларын, техникалық сипаттамасы мен жиынтығын, тауардың әрбір атауы бойынша бір бірлігінің және жиынтық бөлігінде шекті құнын, медициналық техниканы жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
430. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша отандық өндірушінің медициналық техникасына қажеттілікті айқындау мақсатында тапсырыс берушілер кейіннен есепті тоқсандық кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға бере отырып (медициналық техникаға қажеттілік), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға медициналық техниканың тізбесі, саны, техникалық ерекшелігі, клиникалық-техникалық негіздемесі қамтылған ақпаратты ұсынады.
431. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерден ақпаратты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде алған ақпаратты клиникалық-техникалық негіздеме бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізу және сараптамалық қорытынды шығару үшін лизинг берушіге жібереді.
432. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ақпарат берген кезден бастап, сондай-ақ медициналық техниканы жергілікті бюджет есебінен сатып алатын тапсырыс берушілерден алған ақпараттарды ұсынған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы қабылдауға және тиісінше пайдалануға дайындық деңгейін, медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау мақсатында клиникалық-техникалық негіздемесі бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады.
433. Лизинг беруші сараптама қорытындысы шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
434. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг беруші сараптама қорытындысын ұсынған кезден бастап он жұмыс күні ішінде алған сараптама қорытындысын тапсырыс берушіге кейіннен бірыңғай дистрибьюторға өтінім ұсыну үшін жібереді.
435. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізімді бекіткеннен кейін, сондай-ақ бюджет бекітілгеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға өтінім береді, онда мыналар:
1) сатып алынатын медициналық техниканың атауы;
2) техникалық ерекшелігі, жиынтығы, саны, жеткізу мерзімі, шарттары және орны;
3) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен медициналық техника сатып алынған жағдайда лизинг берушінің сараптамалық қорытындысының көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркеу туралы анықтамалары немесе куәліктері, жарғысы/ережелерінің көшірмелері қоса берілген тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекенжайы (пошта және заңды), байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), шеңберінде сатып алу жоспарланған бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы, банктік деректемелер қамтылады.
436. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден өтінім алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу шартын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге қол қоюға береді.
437. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей толық көлемде оларға қол қояды.
438. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін жеткізудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын медициналық техниканы жеткізу туралы тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісіммен рәсімделетін тапсырыс берушілердің әрбір келесі күнтізбелік жылға өтінімдерінің негізінде мынадай:
1) медициналық техника бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізген;
2) тапсырыс берушілер медициналық техниканы жеткізу санын (көлемін) айқындаған;
3) медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шартының талаптарында белгіленген әлеуетті өнім берушіге, медициналық техникаға қойылатын талаптарға сәйкестігі расталған жағдайларда медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыруға міндеттенеді.
439. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінім алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей отандық өндірушіге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жеткізудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде сатып алынатын медициналық техниканы жеткізу туралы қосымша келісімді қол қою үшін жібереді. Отандық өндіруші қосымша келісімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды.
440. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған шекті құнын ұлғайту немесе кеміту жағына қарай және (немесе) техникалық сипаттамаларын жақсару жағына қарай өзгерту негізінде техникалық сипаттамаларын жақсарту жағына қарай және (немесе) шекті құны өзгертілген жағдайда, лизинг берушіге қосымша келісім жасау жолымен сараптамалық бағалау жүргізгеннен кейін жеткізудің ұзақ мерзімді шартына жылына бір реттен асырмай өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
441. Отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға техникалық сипаттамаларды жақсарту жағына қарай өзгертілген жағдайда, медициналық техниканың құнын ұлғайтуға жүгіне алады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіге сараптамалық бағалауды түзетуге өтінім жібереді, онда медициналық техниканың тізбесі, саны, медициналық техниканың болжамды құны, жақсарту жағына қарай техникалық сипаттамасы қамтылуы тиіс.
Отандық тауар өндірушілер сараптамалық бағалау жүргізу үшін ақылы қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың негізінде лизинг берушіден тиісті сұрауды алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде лизинг берушіге медициналық техниканың жиынтығы бөлігінде, әрбір атауы бойынша құнының ұлғайғанын растайтын жазбаша негіздеме мен құжаттарды ұсынады.
Лизинг беруші отандық тауар өндірушілерден құжаттарды алған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде медициналық техниканың құнына сараптамалық бағалау жүргізеді және оның қорытындылары бойынша бір бірлігі үшін және жиынтық бөлігінде шекті құнын көрсете отырып, сараптамалық қорытынды шығарады.
Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде медициналық техниканың бір бірлігі үшін және жиынтық бөлігінде, әрбір атауы бойынша шекті құнын көрсете отырып, бекітілген сараптамалық қорытындыны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
442. Мұндай өзгерісті енгізуге тараптардың өзара келісімі бойынша жылына бір рет қана жол беріледі.
443. Бұл ретте сатып алу жылына медициналық техниканың шекті құнына осы Қағидалардың 422-тармағына сәйкес формула қолданылатын болады.
444. Медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсы мынадай:
1) лот бойынша ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) лот бойынша ұсынылған барлық өтінімдер қайтарылған;
3) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі кезінде барлық әлеуетті өнім берушілердің баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайларда, толық не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады.
445. Мыналар:
1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше рет бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның кері қайтарылуы;
3) екі жыл бойы беруден бас тарту (себептері мен мән-жайларына қарамастан);
4) бірнеше рет сапасы лайықсыз тауарды жеткізудің ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзуға негіздеме болып табылады.
20-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
446. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қоры бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
447. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор алдыңғы жылы тапсырыс беруші нақты сатып алған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы көлемінің 10 %-ына дейін бірыңғай дистрибьютор төмендемейтін қор тізбесін бекіткен күні сатып алады.
448. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда:
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға жеткізу мерзімін бұзған кезде;
2) өнім берушілер беруден бас тартқан кезде;
3) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған кезде;
4) тапсырыс берушілерден сол қаржы жылында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінім келіп түскен кезде;
5) осы Қағидаларға сәйкес сатып алу тәсілдерінің бірімен (өз қалауы бойынша) жасалатын шарттар есебінен қалған жарамдылық мерзімін жаңартқан жағдайда келесі қаржы жылына тапсырыс берушілерден өтінімдер түскен кезде пайдаланылады.
449. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтарын есепке алғанда) бірыңғай дистрибьютор толықтырып отырады (өз қалауы бойынша).
4-бөлім. Лизинг берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету шеңберінде медициналық техниканы сатып алуы
21-тарау. Лизинг берушінің бірыңғай дистрибьютор арқылы медициналық техниканы сатып алуы
1-параграф. Лизинг берушінің медициналық техниканы сатып алу тәртібі
450. Денсаулық сақтау ұйымдарына одан әрі жеткізу үшін лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
451. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген медициналық техниканы қаржы лизингі жағдайларында сатып алу үшін өтінім береді, ол:
1) клиникалық және техникалық негіздемеден;
2) медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жері және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшеліктен;
3) лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін айқындайтын тәртіппен және құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардан тұрады.
452. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау мен ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігін тұрғысынан сараптама жүргізеді.
453. Оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші сатып алынуға жоспарланған медициналық техниканың тізбесін жасайды, ол саны мен жеткізу орнын келісу үшін лизингтік төлемдерді өтеу көзіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына жіберіледі.
454. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы осы Қағидалардың 453-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканың саны мен жеткізу орнын келіседі.
455. Лизинг беруші бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға сатып алуды ұйымдастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен келісілген қағаз және электрондық жеткізгіштегі медициналық техниканың тізбесін жібереді, ол медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканың жеке өндірушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамалар көрсетілген техникалық ерекшелікті қамтиды.
456. Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 455-тармағына сәйкес ұсынылған медициналық техниканың тізбесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастырады. Хабарландыруда тізбесін, санын, жеткізу мерзімін, шарттары мен орнын, бағасы мен сатып алуға бөлінген соманы, медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы көрсетілген техникалық сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін) қамтитын сатып алынатын медициналық техниканың тізімі көрсетіледі.
457. Сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор осы қағидалардың 241-тармағына сәйкес бес жұмыс күні ішінде лизинг берушіге қорытындылар хаттамасының куәландырылған көшірмесін жібереді.
458. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, лизинг беруші:
1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) екі кезеңдік тендер шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен қайта өткізу туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
459. Лизинг беруші сатып алу қорытындылары хаттамасының көшірмесін алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындаған нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және медициналық техниканың жеңімпазымен қаржы лизингі шартын жасайды.
460. Қаржы лизингі шартын жасағаннан кейін өнім беруші денсаулық сақтау ұйымына лизинг талаптарын ұсынады, іске қосу-жөндеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету медициналық техника пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының қолданылу мерзіміне қолданылады.
461. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген медициналық техниканы қаржы лизингі жағдайларында сатып алу үшін өтінім береді, ол мыналарды:
1) клиникалық және техникалық негіздемені;
2) медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелікті;
3) лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін айқындайтын тәртіппен және құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қамтиды.
462. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау және ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді.
463. Оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші сатып алу жоспарланған отандық өндірушінің медициналық техникасының тізбесін жасайды және оны атауы, құны, саны, жеткізу мерзімі мен орны бөлігінде келісуге лизингтік төлемдерді өтеу көзіне қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына жібереді.
464. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы осы Қағидалардың 463-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканың тізбесін келіседі.
465. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен медициналық техниканың тізбесін келіскеннен кейін лизинг беруші жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындаған нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және отандық тауар өндіруші болып табылатын өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасайды.
466. Қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін өнім беруші-отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау ұйымына медициналық техниканы береді, іске қосу-жөндеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету медициналық техника пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының қолданылу мерзіміне қолданылады.
2-параграф. Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету
467. Қаржы лизингі шартының кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мазмұны, нысаны және енгізу шарттары осы Қағидаларға сәйкес қаржы лизингі шартында белгіленеді.
468. Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету мынадай:
1) лизинг берушінің банктік шотына салынатын кепілдікті ақша жарнасы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі банктік кепілдік түрінде беріледі.
469. Өнім берушінің қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының пайда болуына алып келетін іс-әрекеттер жасауына жол берiлмейді.
470. Кепілдікті қамтамасыз ету өнім беруші, егер шартта өзгеше көзделмесе, қаржы лизингі шартын жасаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізіледі.
471. Қаржы лизингі шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету осы шарт бойынша өнім беруші өзінің барлық міндеттемелерін толық және тиісінше орындағаннан кейін оның жазбаша өтініші бойынша өнім берушіге қайтарылады.
472. Лизинг беруші қаржы лизингі шартын орындауды қамтамасыз етуді өнім берушіге мынадай:
1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты қаржы лизингі шарты бұзылған;
2) қаржы лизингі шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (жеткізу мерзімдерін бұзу, сапасыз медициналық техниканы беру, шарттың басқа талаптарын бұзу) жағдайда қайтармайды.
473. Шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшері лизинг беруші қаржы лизингі шартының жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
474. Егер қаржы лизингі шартында аванс төлеу көзделсе, әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартылған жағдайда, өнім беруші авансты қамтамасыз етуді алатын аванстың бөлігіне тең мөлшерде енгізеді.
Бұл тармақ лизинг берушінің өнім берушіге ақы төлеуі бойынша бөліп төлеуді көздейтін қаржы лизингі шартына қолданылмайды.
475. Қаржы лизингі шарты бойынша медициналық техниканы жеткізу бөлігінде міндеттемелердің орындалуына қарай лизинг беруші бес жұмыс күні ішінде өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз етуді қайтарады.
5-бөлім. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы сатып алудың арнайы ережелері
476. Түпнұсқасын қоспағанда, ашылған тендерлік немесе конкурстық өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Бұл ретте тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор аталған құжаттың көшірмесін сақтауы тиіс.
477. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың басшысы мұндай сатып алуды тұтастай не тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп таниды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген |
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидалары
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.