"2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 896 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
            Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
      реттік нөмірлері 8 және 41-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

8
 

"Үштілділікті енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу және тілдерді үйрету әдіснамасын әзірлеу"
 

Үштілді білім беруді кезең- кезеңімен енгізу шеңберінде мектептерде жаратылыстану-ғылыми пәндер мен АКТ-дан сабақ беретін мұғалімдерді ЖОО-да даярлауды ұйымдастыру әдіснамасын әзірлеу.
ҚР орта мектептерінің үштілді білім беруге кезең-кезеңмен көшуге дайындығын қорытындылау.
Педагог кадрларды даярлау саласында көптілді білім берудің үздік халықаралық тәжірибесін зерделеу.
Зерттеу проблематикасы бойынша мастер-класс өткізу
 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
 

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ
 

001 "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" 103 "Әлеуметтік, cараптамалық зерттеулер жургізу және консалтинг қызметтерін көрсету"
 

69 367
 

41
 

Тілдік курстарда, оның ішінде онлайн режимде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер
 

Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілікті үздіксіз арттырудың тиімді үлгісін құру арқылы жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер ұсыну
 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
 

"Назарбаев Университеті" ДБҰ
 

224 "Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
 

472 500
 

       ".
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев