"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 826 қаулысы.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағының 13) тармақшасына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 826 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-178-жолмен толықтырылсын:

      "21-178. "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 375-жолмен толықтырылсын:

      "375. "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.