"2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 820 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-1-жолмен толықтырылсын:
      "
 

32-1
 


Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру
 

Жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық тұрғыда қолдануға гранттар беру
 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Ғылым комитеті)
 

"Ғылым қоры" АҚ
 

217 "Ғы-лымды дамыту" 102 "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру"
 

1 000 000
 

      ".
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев