"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 804 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:

       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, туристiк қызмет, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру салаларында, теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; өнеркәсіптік қауіпсіздік; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

       14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Министрліктің миссиясы:

      индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, туризм индустриясы, теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары саласында елді ғылыми-техникалық дамыту, экономика мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында, өнеркәсіптік қауіпсіздік, бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.";

       15-тармақта:

       1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, елді ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану, мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, уранды және көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, туристiк қызмет, теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;";

       3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

       5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингтеу, ынталандыру, дамыту;";

      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7) және 9-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) көлік саласында инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;

      9-2) мемлекеттің және халықтың тасымалдауға мұқтаждығының болжамдарын әзірлеу;

      9-3) көлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау;

      9-4) экономиканың және республика халқының тасымалдауға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;

      9-5) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектер үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану;

      9-6) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;

      9-7) көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;

      9-8) Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу функцияларын жүзеге асыру;";

       16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын реттелетін салаларда (аяларда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ жартыжылдық тексеру жүргізу жоспарларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      4-2) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

      4-3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының

      3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдауды жүргізу;

      6-2) реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;";

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жасауға қатысуға үмiткер жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4), 10-5), 10-6), 10-7), 10-8), 10-9) және 10-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) Қоғамдық кеңес құру;

      10-2) Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      10-3) Министрліктің өзге де жұмыс органдарының жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуын келісу;

      10-4) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында Министрлік өкілдігінің дербес құрамын айқындау;

      10-5) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;

      10-6) Қоғамдық кеңестің құрамын және оның ережесін бекіту;

      10-7) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      10-8) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын Қоғамдық кеңеске жіберу;

      10-9) Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімдерін келісу;

      10-10) Министрлік жұмысының нәтижелері туралы Қоғамдық кеңеске есеп беру;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) индустрияландыру картасын әзiрлеу;";

      мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3) және 23-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-1) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу тәртібін әзірлеу;

      23-2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындау;

      23-3) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін бекіту;

      23-4) еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2), 25-3), 25-4), 25-5), 25-6), 25-7), 25-8), 25-9), 25-10), 25-11) және 25-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      25-2) асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

      25-3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды бекіту;

      25-4) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдардан және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растау;

      25-5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын бекіту;

      25-6) шикізат тауарларының түрлері бойынша жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіруші әрбір субъект үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін белгілеу;

      25-7) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      25-8) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды немесе уәкілетті органның осындай бас тартудың болуы туралы растамасын алу тәртібін айқындау;

      25-9) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту;

      25-10) құрамында бағалы металдар бар әкетілетін шикізат тауарларынан көрсетімдік сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу тәртібі мен нысанын айқындау;

      25-11) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу тәртібін айқындау;

      25-12) уәкілетті ұйымның тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсыну тәртібін айқындау;";

      26) және 27) тармақшалар алып тасталсын;

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-1) бес жылда кемінде бiр рет қорытындылар шығара отырып технологиялық болжауды тұрақты негiзде жүргiзу;";

      36) тармақша алып тасталсын;

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын бекiту;";

      45) тармақша алып тасталсын;

      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын ұсыну және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу;";

      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-1) индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;";

      49) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекiту;

      50) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекiту;";

      мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "57-1) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі талаптарын белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "58-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекіту;";

      62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;";

      64) және 65) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64) энергетикалық аудит жүргізу тәртібін бекіту;

      65) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту;";

      68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "68) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 68-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "68-7) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 70-1) және 70-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісімен ерікті негізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісімді жасасу;

      70-2) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2) және 72-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "72-1) заңды тұлға шығарған моторлы көлік құралдары үлгілерінің "Кеден одағына мүше мемлекеттердiң және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аумақтарында "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімінің 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімдерді қабылдау;

      72-2) көлік құралдарының (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) электрондық түрде ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерін қалыптастыру және жүргізу;

      72-3) мүдделі адамдардың сұрау салулары бойынша көлік құралдарының (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдардың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді ұсыну;";

      77) тармақша алып тасталсын;

      89) және 90) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "89) қоршаған ортаға әсері бағаланған арнайы экономикалық аймақ құрудың тиісті техникалық-экономикалық негіздемесінің тұжырымдамасын, арнайы экономикалық аймақты құрудың немесе таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін сарапшылық кеңестің қорытындысын қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу;

      90) арнайы экономикалық аймақты басқару органының арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығына арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімділігін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 92-1), 92-2), 92-3), 92-4), 92-5), 92-6), 92-7), 92-8), 92-9), 92-10) және 92-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "92-1) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын белгілеу;

      92-2) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актінің нысанын белгілеу;

      92-3) инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету және оларды мемлекеттік органдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасауға жауапты тұлғаларды айқындау туралы мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықты бекіту;

      92-4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін айқындау;

      92-5) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын белгілеу;

      92-6) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн айқындау;

      92-7) инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен инвестициялық келiсiмшарт жасасу;

      92-8) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;

      92-9) экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышын бекіту;

      92-10) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышын бекіту;

      92-11) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 93-1), 93-2), 93-3) және 93-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "93-1) инвесторлар үшін "бір терезе" құру және оның жұмыс істеуі үшін инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауға және олардың нәтижелерін беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған арнайы бөлінген орын ұйымдастыру;

      93-2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға инвесторлардың өтініштерін қарау туралы өтінішхат жасау және инвесторлардың құжаттарын мемлекеттік органдарға енгізу;

      93-3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру;

      93-4) өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшыларды тарту;";

      95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "95) арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату және ол туралы ережені бекіту орындылығы мәселесін қарау үшін сараптамалық кеңес құру;";

      мынадай мазмұндағы 96-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "96-1) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 97-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "97-1) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 98-1), 98-2), 98-3) және 98-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "98-1) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушінің, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобасын іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарын бекіту;

      98-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту;

      98-3) құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу;

      98-4) арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орындамағаны туралы актілерді белгілеу;";

      100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 100-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "100-1) басқарушы компания құрылғанға дейін арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің басқарушы компания функцияларын орындау мерзімін айқындау;";

      102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "102) сәйкестiктi растау, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру тәртібін бекіту, оларды ұйымдастыру және аттестаттау, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту;";

      113) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "113) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөнiндегi қағидаларын бекiту;";

      114) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 114-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "114-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      136) және 137) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "136) кең таралған пайдалы қазбаларды, көмірсутегі шикізатын, уранды, көмірді барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасалатын тұлғамен немесе конкурс жеңімпазымен жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу;

      137) кең таралған пайдалы қазбаларды, көмірсутегі шикізатын, уранды, көмірді барлауға, өндiруге арналған жобалау құжаттарын қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге бірлескен барлау мен өндіруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 137-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "137-1) iздеу жұмыстарының жобасын бекіту;";

      138) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "138) Министр бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесін айқындау бөлігінде, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 138-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "138-1) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар саласында барлауға арналған үлгілік келісімшарттың нысанын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 139-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "139-1) келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "141-1) жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар тұжырымдау үшiн қажеттi материалдарды жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптамалық комиссиясының қарауына жiберу;";

      мынадай мазмұндағы 142-1) және 142-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "142-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан шешім қабылдау;

      142-2) уран мен көмірді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар кен орны бойынша материалдарды (нүктелердің географиялық координаттарын) қоса бере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру қажеттігі туралы хабарлама жіберу;";

      146) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "146) кең таралған пайдалы қазбалар, сондай-ақ уран мен көмір бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiнің тiзбелерiн әзірлеу және бекіту;";

      150) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "150) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар саласында модельдiк келiсiмшарттарды әзiрлеу және бекіту;";

      152) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "152) уран мен көмірді қоспағанда, сондай-ақ тендерге немесе аукционға шығаруға жататын кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, жерасты сулар, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiнің тiзбелерiн бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 152-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "152-1) кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 153-1) және 153-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "153-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

      153-2) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;";

      154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "154) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұрату;";

      мынадай мазмұндағы 155-1), 155-2), 155-3) және 155-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "155-1) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар саласындағы келісімшарт талаптары бойынша келіссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекіту;

      155-2) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар саласындағы келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару тәртібін бекіту;

      155-3) Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу тәртібін бекіту;

      155-4) индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін айқындау;";

      162), 163) және 164) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "162) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларына, емдік балшыққа және қатты пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;

      163) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;

      164) жер қойнауын пайдаланушылардың уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру тәртібін бекіту;";

      169) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "169) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн бекіту;";

      173) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "173) жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;";

      176) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "176) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекіту;";

      183) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "183) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға және (немесе) құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн әзiрлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 187-1) тармақпен толықтырылсын:

      "187-1) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және жер қойнауын қорғау бойынша талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды, нұсқаулықтарды және әдістемелік ұсынымдарды бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 188-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "188-1) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру тәртібін айқындау;";

      192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "192) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін, сондай-ақ ұлттық компанияның үлестік қатысуы конкурстың шарты болып табылатын уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекіту;";

      193) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "193) барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде коммерциялық анықтауға байланысты өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тiкелей келiссөздер негiзiнде кең таралғандарды қоспағанда барлау үшін оңайлатылған түрде ұсынылатын учаскелерін және уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 195-1), 195-2), 195-3), 195-4), 195-5), 195-6), 195-7) және 195-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "195-1) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу және келісу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;

      195-2) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған жобалық құжаттарды әзірлеу және келісу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;

      195-3) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне ұзарту туралы шешім қабылдау;

      195-4) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде тиісті геологиялық бөлуді немесе жаңа тау-кендік бөлуді беру арқылы геологиялық немесе тау-кендiк бөлуде көрсетiлген келiсiмшарттық аумақ шегiн кеңейту туралы шешім қабылдау;

      195-5) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде келісімшарттық аумақта үздіксіз технологиялық процесті ұстап тұру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасу;

      195-6) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептер беру тәртібін мен нысандары бекіту;

      195-7) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар кен орны табылған жағдайда бағалау жұмыстары кезеңіне көшуге рұқсат беру;

      195-8) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар кен орнының табылғанын растауды белгілеу және бағалау мерзімдерін айқындау;";

      199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "199) геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу және жинақтау тәртібін бекіту;";

      212) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "212) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 212-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "212-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;";

      219) тармақша алып тасталсын;

      221) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "221) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 221-1), 221-2), 221-3), 221-4), 221-5), 221-6), 221-7) және 221-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "221-1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеуге және қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;

      221-2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;

      221-3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттың заңнамаға сәйкес бұзылуы жағдайында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және кредиттік қаражатты қайтару мен жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындау;

      221-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша шарт жасасу;

      221-5) әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу;

      221-6) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;

      221-7) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларын бекіту;

      221-8) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау;";

      234) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "234) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту;";

      237) және 238) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "237) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту;

      238) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;";

      245) және 246) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "245) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау;

      246) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;";

      270) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "270) кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының үлгілерін, кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидаларын бекіту;";

      272) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "272) теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру тәртібін бекіту;";

      274) тармақша алып тасталсын;

      275) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "275) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымды айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 275-1), 275-2), 275-3), 275-4), 275-5), 275-6) және 275-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "275-1) Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдарды растаудың, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін бекіту;

      275-2) кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық қорытындының нысанын бекіту;

      275-3) кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

      275-4) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту;

      275-5) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын бекіту;

      275-6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту;

      275-7) навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану тарифтерін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 278-1), 278-2) және 278-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "278-1) Министрдің бұйрығымен бекітілген болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру және сыныптау;

      278-2) Министрдің бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу;

      278-3) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердегі көлік оқиғаларын тергеу;";

      291), 310), 311), 312), 321) және 339) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 339-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "339-1) жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен оның нысанын бекіту;

      361) тармақша алып тасталсын;

      396) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "396) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;";

       17-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5), 8-6), 8-7), 8-8), 8-9), 8-10), 8-11), 8-12), 8-13) және 8-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау;

      8-2) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

      8-3) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

      8-4) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      8-5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

      8-6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

      8-7) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      8-8) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      8-9) бекітілген тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерін Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      8-10) тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерудің өзі басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын тексерiлетiн субъектiге жазбаша түрде хабарлау;

      8-11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 2), 7), 9) және 10) тармақшаларында, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерудің өзі басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

      8-12) тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      8-13) тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша актіні ресiмдеу;

      8-14) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу;";

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызу, сондай-ақ тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылғандарға және тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылмағандарға бөлу;";

      мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7), 16-8), 16-9), 16-10), 16-11), 16-12), 16-13), 16-14), 16-15) және 16-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16-2) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16-3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16-4) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16-5) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      16-6) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ресімдеу;

      16-7) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдердің аумағына әкету кезінде экспортқа берілген лицензияны және Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындыны ресімдеу;

      16-8) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдердің аумағына әкету кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны ресімдеу;

      16-9) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде бағалы металдар құрамы туралы құжаттар келісімшарт талаптарына және нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асыруға өтінім жіберу;

      16-10) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартудың бар екендігін растау;

      16-11) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу;

      16-12) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу;

      16-13) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлеу;

      16-14) асыл тастарға, бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      16-15) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растау;

      16-16) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын әзірлеу;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру;

      мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-1) жергiлiктi қамту ұйымдарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу кезiнде есептеудiң бiрыңғай әдiстемесiн әзірлеу;

      24-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30-1) моторлы көлік құралдары үлгілері өндірісі кезінде заңды тұлғаның "Кеден одағына мүше мемлекеттердiң және Бірыңғай экономикалық кеңістік аумақтарында "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімінің 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацына сәйкес белгіленген талаптарды сақтау фактісін белгілеу және белгіленген талаптарға осындай заңды тұлғаның моторлы көлік құралдары үлгілерінің сәйкестігі туралы шешімдер жобаларын әзірлеу;

      30-2) көлік құралдарының (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізіліміне енгізілген уәкілетті ұйымдардың, дайындаушы ұйымдардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру;

      30-3) көлік құралдарының (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шанағы), өзі жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді мүдделі адамдардың сұрау салулары бойынша ұсыну үшін қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) энергия аудитiн жүргізу кезiнде жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды беру;

      33-2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу кезiнде жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды беру;";

      35) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 35-1) және 35-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35-1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің және мемлекеттік органдардың деректері негізінде жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз ету;

      35-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;";

      37) тармақша алып тасталсын;

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтарының тізілімін қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "41-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша

      оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асыру, Министрдің бұйрығымен белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 42-1), 42-2) және 42-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42-1) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      42-2) дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың энергия тұтыну нормативтері мен электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      42-3) энергия аудитінің жүргізілуіне, оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келiсу;";

      65) және 66) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;

      66) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау;";

      71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "71) геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу және жинақтап қорыту;";

      72) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 74-1), 74-2), 74-3) және 74-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "74-1) ілеспе газды өңдеу тиімсіз жекелеген кен орындарында ілеспе және (немесе) табиғи газды технологиялық мұқтаждықтарға пайдалану, қат ішінің қысымын сақтау, арттыру мақсатында қатқа айдау жолымен өңдемей кәдеге жаратуға келісу;

      74-2) жер қойнауын пайдаланушылар кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлескен барлау немесе өндіру туралы шарт жасасу кезінде кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасын келісу;

      74-3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарын бекіту;

      74-4) тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі өңірлік жоспарларын келісу;";

      75) тармақша мынадай редакция жазылсын:

      "75) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасу, олардың мемлекеттік тіркелуін, сақталуын және орындалу мониторингін жүзеге асыру;";

      82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына, оның ішінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асыру;";

      84) тармақша мынадай редакция жазылсын:

      "84) конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгiзу;";

      мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "88-1) жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарының негізінде барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларын келісу;";

      91) және 92) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша осы суларды халықтың ауызсуға мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      92) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;";

      93) және 94) тармақшалар алып тасталсын;

      95) және 96) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "95) бұрғылау және басқа тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу;

      96) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салуға, реконструкциялауға, (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жарату) қорытындылар беру;";

      97) тармақша алып тасталсын;

      99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "99) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесіп, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 103-1) және 103-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "103-1) конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақыға беру;

      103-2) барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпаратты өтініш берушіге пайдалануға беру;";

      мынадай мазмұндағы 104-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "104-1) кен орнын табуды растау және оны бағалау мерзімдерін айқындау бойынша қорытындылар беру;";

      105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "105) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттардың жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 106-1), 106-2), 106-3), 106-4) және 106-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "106-1) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді өткізу мерзімдері мен көлемін келісу;

      106-2) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия қарағаннан кейін қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобасын бекіту;

      106-3) көмірсутекті шикізатты әзірлеудің технологиялық схемасы мен тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру жобаларын оларды пайдалы қазбаларды барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия қарағаннан кейін бекіту;

      106-4) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды бағалау жұмыстарының жобасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын бекіту;

      106-5) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін айқындау;";

      113) және 114) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "113) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібін бекіту;

      114) жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау;";

      116) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 116-1), 116-2), 116-3), 116-4), 116-5), 116-6), 116-7), 116-8), 116-9), 116-10), 116-11) және 116-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "116-1) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу;

      116-2) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу;

      116-3) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу;

      116-4) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу;

      116-5) өтініш берушілердің арнайы экономикалық аймақтың қатысушы ретіндегі қызметін жүзеге асыруға арналған жобаларын іріктеудің тәртібі мен өлшемшарттарын әзірлеу;

      116-6) арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу;

      116-7) арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасының орындылығын қарау және арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру;

      116-8) арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасының орындылығын қарау және арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы өтініш берушіге жазбаша негізделген жауап жіберу;

      116-9) сарапшылық кеңестің қарауына арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс жіберу;

      116-10) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстарын қарау;

      116-11) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізу;

      116-12) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізу туралы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын хабардар ету;";

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ бойынша бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп, басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді өткізу;";

      мынадай мазмұндағы 118-1), 118-2), 118-3), 118-4), 118-5), 118-6), 118-7) және 118-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "118-1) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін әзірлеу;

      118-2) еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      118-3) индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;

      118-4) жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бiр бөлiгiн өтеу және сервистiк қолдау көрсету;

      118-5) экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу және сервистiк қолдау шараларын ұсыну;

      118-6) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлеу;

      118-7) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу;

      118-8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 120-1), 120-2), 120-3), 120-4), 120-5) және 120-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "120-1) инвесторларды немесе олардың өкілдерін қазіргі бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру және оларға консультация беру;

      120-2) инвесторларға немесе олардың өкілдеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға және ресімдеуге көмек көрсету;

      120-3) инвесторларға немесе олардың өкілдеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық өтініштерді және басқа да құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

      120-4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабында айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде инвесторды немесе олардың өкілдерін орталық және жергілікті атқарушы органдарда сүйемелдеу;

      120-5) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;

      120-6) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;";

      121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) инвесторлар үшін "бір терезе" құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы инвестормен өзара іс-қимыл жасау;";

      мынадай мазмұндағы 121-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "121-1) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;";

      123) және 124) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "123) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншіке не жер пайдалануға өтеусіз беру;

      124) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау және өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап жiберу;";

      мынадай мазмұндағы 126-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "126-1) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;";

      141) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "141-1) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөнiндегi қағидаларды әзірлеу;";

      147) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "147) сәйкестiктi растау, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және оларды ұйымдастыру, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 182-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "182-1) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру;";

      мынадай мазмұндағы 189-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "189-1) жолаушылар поездарының Қазақстан Республикасы аумағымен жүру жолында жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу;";

      192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "192) Министрдің бұйрығымен бекітілген, Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудитін жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 193-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "193-1) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 193-2), 193-3), 193-4), 193-5), 193-6) және 193-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "193-2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу;

      193-3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларын әзірлеу;

      193-4) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын әзірлеу;

      193-5) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      193-6) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу;

      193-7) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 194-1) және 194-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "194-1) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;";

      194-2) кемелерді куәландыру бойынша өкілеттікті және шетелдік сыныптау қоғамдарының оларды ұсыну шарттарын айқындау жөнінде шетелдік сыныптау қоғамымен келісімдер жасасу;";

      200), 202), 214) және 301) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 400-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "400-1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екі жүз жиырма алтыншы, екі жүз жиырма жетінші, төрт жүз отыз сегізінші және төрт жүз отыз тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев