Құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 760 қаулысымен
  Бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелеріне, оның ішінде ауа қабы бар кемелерге қолданылады.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұғымдарға сәйкес келеді.

2-тарау. Құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібі, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері

      3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрлықтық қайраңдағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық теңіз кемесінің тіркелген орны (теңіз порты, орналасу пункті) немесе шетелдік теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы аумағына кіру пункті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) береді.

      4. Рұқсат алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) жауапты учаскесінде теңіз кемелерінің шығуы жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не жер қойнауын пайдаланушы мен мердігерлік ұйымның арасындағы кемені жалға алу (тасымалдау) шартының көшірмесі және (немесе) мердігерлік ұйым мен кеме иесінің арасындағы шарт көшірмесі;

      3) теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігінің көшірмесі;

      4) экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану ауданына тиісті құралмен тасымалданатын жұмыскерлердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      5) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттардың көшірмелері;

      6) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;

      7) шарт деректемелерін көрсете отырып, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру шартының негізінде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының жазбаша өтініші;

      8) жер қойнауын пайдалану ауданының координаттарын, сондай-ақ оған бару мен қайтудың ұсынылатын жолдары;

      9) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шығарған шетелдік теңіз кемесіне қатысты тауарларға декларацияның көшірмесі.

      Аталған құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін төлнұсқаларымен бірге беріледі, бұдан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат:

      1) экипаждары және олар тасымалдайтын жұмыскерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталған, Қазақстан Республикасының аумағында болуға құқығы бар кемелер үшін – осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды Шекара қызметінің әскери бөлімі алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;

      2) экипаждары құрамында немесе осы құралдармен тасымалданатын жұмыскерлердің арасында шетелдік азаматтар бар, Қазақстан Республикасының аумағында болуға құқығы бар кемелер үшін – осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды Шекара қызметінің әскери бөлімі алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде беріледі.

      6. Қазақстандық немесе шетелдік теңіз кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсете отырып, экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтінішті Шекара қызметінің әскери бөліміне ұсынады. Аталған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі;

      3) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі.

      Аталған құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін төлнұсқаларымен бірге беріледі, бұдан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Шекара қызметінің әскери бөлімі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.

      7. Құрлықтық қайраңда жоспарланатын қызмет түріне байланысты мынадай қосымша құжаттар ұсынылады:

      1) жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге байланысты қызмет үшін:

      теңізде мұнай операцияларын жүргізу үшін қалқымалы жабдыққа меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесі не осындай қалқымалы жабдықты жалға алу шартының көшірмесі не теңізде мұнай операцияларын жүргізу бойынша қызметтер көрсету шартының көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мойындаған шетелдік сыныптау қоғамдарының бірінің кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға сәйкестігін растайтын теңіз кемесінің теңізде жүзу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі туралы сыныптау куәлігі;

      2) жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге байланысты қызмет үшін:

      теңіз құрылысын салуға немесе орналастыруға мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың көшірмесі;

      теңіз құрылыстарын жою басталған жағдайда мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісілген теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою) туралы шешімнің көшірмесін ұсыну қажет;

      теңіз құрылыстары жойылғаннан кейін келісімшарт аумағын мемлекетке қайтару туралы бекітілген актінің көшірмесін ұсыну қажет.

      8. Рұқсат бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі, рұқсатта көрсетілген жер қойнауын пайдалану аудандарының шегінде қолданылады және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде жыл сайын қайта ресімдеуге жатады.

      9. Рұқсат дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне есепке алу журналына қол қойғызу арқылы беріледі. Берілген рұқсат оның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде құрлықтық қайраң аймағына (аймақтарына) бару (қайту) кезеңінде және құрлықтық қайраң аймағында тұрған (дрейфтеу) кезеңде кеме капитанында (иесінде) не капитанның ауысымдық көмекшесінде болады.

      10. Рұқсатты жоғалтқан жағдайда, өтініш беруші оны жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, Рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің әскери бөліміне жүгінеді.

      Шекара қызметі осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көзделген рәсімді сақтамай, өтініш беруші тиісті жазбаша өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.

      11. Осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасы толық берілмеген, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мәлімделген экипаж мүшелері мен кемемен тасымалданатын жұмыскерлерді келісуден бас тартқан жағдайларда, Шекара қызметі рұқсатты ресімдемей, құжаттарды қайтарады.

      Көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, құжаттар осы Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен қайта ұсынылады.

      12. Кеден одағы мен Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан құрлықтық қайраң аймақтарына өткізу кедендік бақылаусыз және бақылаудың өзге де түрлерінсіз жүзеге асырылады.

3-тарау. Құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібі, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері

      13. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық әуе кемесінің тіркелген жері немесе орналасқан пункті бойынша Шекара қызметі береді.

      Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшулары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      14. Рұқсат алу үшін өтініш беруші жауапты учаскесінде әуе кемесінің ұшып шығуы жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не әуе кемесінің иесі мен жер қойнауын пайдаланушының (оның мердігерінің) арасындағы адамдарды, жүктер мен тауарларды тасымалдау үшін кемені жалға алу шартының көшірмесі;

      3) экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану ауданына әуе кемесімен тасымалданатын жұмыскерлердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      4) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар (пилоттарды қоспағанда, экипаждың барлық мүшелері) үшін жұмыс істеуге рұқсаттардың көшірмелері;

      5) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;

      6) шарт деректемелерін көрсете отырып, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беру шарты негізінде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының жазбаша өтініші;

      7) әуе кемелерінің ұшып шығуы мен қонуы үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы әуе айлақтарының, тікұшақ айлақтарының және қону алаңдарының, оның ішінде халықаралық ұшу үшін ашылмағандарының тізбесі;

      8) жер қойнауын пайдалану ауданының координаттарын, сондай-ақ оған барудың және қайтудың ұсынылатын жолдары.

      Аталған құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін төлнұсқаларымен бірге беріледі, бұдан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат:

      1) экипаждары және олар тасымалдайтын жұмыскерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталған әуе кемелері үшін – Шекара қызметінің әскери бөлімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;

      2) экипаждары құрамында немесе осы құралдармен тасымалданатын жұмыскерлер арасында шетелдік азаматтар бар кемелерге қатысты – Шекара қызметінің әскери бөлімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде беріледі.

      16. Қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсете отырып, экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтінішті Шекара қызметінің әскери бөліміне ұсынады. Аталған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам (пилоттарды қоспағанда, экипаждың барлық мүшелері) үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі;

      3) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі.

      Аталған құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін төлнұсқаларымен бірге беріледі, бұдан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Шекара қызметінің әскери бөлімі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.

      17. Рұқсат бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі, рұқсатта көрсетілген жер қойнауын пайдалану аудандарының шегінде қолданылады және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде жыл сайын қайта ресімдеуге жатады.

      18. Рұқсат дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне есепке алу журналына қол қойғызу арқылы беріледі.

      Берілген рұқсат бүкіл қолданылу мерзімі ішінде жер қойнауын пайдалану ауданына(-нан) бару (қайту) кезеңінде және жер қойнауын пайдалану ауданында тұрған (болған) кезеңде кеме командирінде не ұшу экипажының мүшесінде болады.

      19. Рұқсатты жоғалтқан жағдайда, өтініш беруші оны жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің әскери бөліміне жүгінеді.

      Шекара қызметі осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген рәсімді сақтамай, өтініш беруші тиісті жазбаша өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.

      20. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық берілмеген, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мәлімделген экипаж мүшелері мен кемемен тасымалданатын жұмыскерлерді келісуден бас тартқан жағдайларда, Шекара қызметі рұқсатты ресімдемей, құжаттарды қайтарады.

      Көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, құжаттар осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында көзделген тәртіппен қайта ұсынылады.

      21. Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан құрлықтық қайраң аймақтарына өткізу кедендік бақылаусыз және бақылаудың өзге де түрлерінсіз жүзеге асырылады.

Құрлықтық қайраңда орналасқан

келісімшарт аумағындағы жер

қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларға тартылған

қазақстандық және шетелдік

теңіз кемелері мен қазақстандық

әуе кемелерінің

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік шекарасын

бірнеше мәрте кесіп өтуіне

рұқсаттар беру қағидаларына

1-қосымша

Нысан

      Сериясы _______ № _____________

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе (дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ____

      _______________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________________

      2. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы ____________________

      _______________________________________________________________

      3. Кеменің атауы ________________________________________________

      4. Кеменің түрі __________________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі_________________________________________

      6. Кеменің тіркелген жері (теңіз порты, орналасу пункті) ______________

      _______________________________________________________________

      7. Кеме капитанының (оның ауысымдық көмекшісінің) тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы______________________

      _______________________________________________________________

      8. Техникалық бақылау құралдарының түрі __________________________

      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер _________________________

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі __________________________________

      11. Жер қойнауын пайдалану ауданы (аудандары) ____________________

      12. Қазақстан Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі ___________________________________

      _______________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі

      командирінің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

1-қосымшаға парақтың сырт жағы

      Ерекше белгілер

      Шекара қызметі әскери бөлімінің бақылау өткізу туралы белгілері

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

Құрлықтық қайраңда орналасқан

келісімшарт аумағындағы жер

қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларға тартылған

қазақстандық және шетелдік

теңіз кемелері мен қазақстандық

әуе кемелерінің

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік шекарасын

бірнеше мәрте кесіп өтуіне

рұқсаттар беру қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беру туралы өтініш

      Кімге__________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен_________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (заңды мекенжайын көрсете отырып,заңды тұлғаның толық атауы

      немесе дара кәсіпкердің Т.А.Ә., оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы "__"________ № _____

      қаулысына сәйкес ____________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану ауданы көрсетіледі)

      ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алуға өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген кемелер туралы мәліметтер____парақта келтірілген.

      ___________________

      (заңды тұлға басшысының немесе

      дара кәсіпкердің қолы)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер____парақта келтірілген.

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат беруге арналған өтінішке мәлімделген қазақстандық және шетелдік теңіз кемесі туралы мәліметтер

      1. Кеменің атауы _____________________________________________

      2. Кеменің түрі _________________________________________________

      3. Кеменің борттық нөмірі ________________________________________

      4. Кеме тіркелген жер (теңіз порты, орналасу пункті) _________________

      _______________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер: ___________________________________________________

      6. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _______________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы ____________________

      _______________________________________________________________

      8. Кеме капитанының (иесінің) (капитанның ауысымдық көмекшісінің) тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      9. Техникалық бақылау құралдарының түрі _________________________

      10. Жер қойнауын пайдалану ауданы (аудандары) ____________________

      _______________________________________________________________

      11. Кеменің жер қойнауын пайдалану ауданына барған кездегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаттары мен мерзімдері ________________________________________

      _______________________________________________________________

      12. Кеменің жер қойнауын пайдалану ауданына жүзіп шығу нүктесі – Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті) _________________

      _______________________________________________________________

      ______________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе

      дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жыл "___" _________

      М.О.

Құрлықтық қайраңда орналасқан

келісімшарт аумағындағы жер

қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларға тартылған

қазақстандық және шетелдік

теңіз кемелері мен қазақстандық

әуе кемелерінің

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік шекарасын

бірнеше мәрте кесіп өтуіне

рұқсаттар беру қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық және шетелдік теңіз кемесі экипажының мүшелерін ауыстыруға өтініш

      Кімге__________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен_________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (заңды мекенжайын көрсете отырып,заңды тұлғаның толық атауы

      немесе дара кәсіпкердің Т.А.Ә., оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы "__" __________ № ____ қаулысына сәйкес _________ әскери бөлім 20 __ жылғы ________ берген сериясы _______ № ______ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық және шетелдік теңіз кемесі экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты, кемедегі лауазымы:

      1. ___________________________________________________

      2. ___________________________________________________

      3. ___________________________________________________

      4. ___________________________________________________

      5. ___________________________________________________

      6. ___________________________________________________

      7. ___________________________________________________

      Экипаж мүшелерінен мыналарды – тегі, аты, әкесінің аты, кемедегі лауазымы:

      1. ___________________________________________________

      2. ___________________________________________________

      3. ___________________________________________________

      4. ___________________________________________________

      5. ___________________________________________________

      6. ___________________________________________________

      7. ___________________________________________________ шығаруды сұраймын.

      Экипаж мүшелеріне мыналарды – тегі, аты, әкесінің аты, кемедегі лауазымы:

      1. ___________________________________________________

      2. ___________________________________________________

      3. ___________________________________________________

      4. ___________________________________________________

      5. ___________________________________________________

      6. ___________________________________________________

      7. ___________________________________________________ қосуды сұраймын.

      ______________________

      (заңды тұлға басшысының немесе

      дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

Құрлықтық қайраңда орналасқан

келісімшарт аумағындағы жер

қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларға тартылған

қазақстандық және шетелдік

теңіз кемелері мен қазақстандық

әуе кемелерінің

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік шекарасын

бірнеше мәрте кесіп өтуіне

рұқсаттар беру қағидаларына

4-қосымша

Нысан

      Сериясы ______ №___________

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _______________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      2. Әуе кемесін пайдаланушының/меншік иесінің атауы және мекенжайы ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      3. Әуе кемесінің атауы ___________________________________________

      4. Әуе кемесінің түрі _____________________________________________

      5. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі ____________________________________

      6. Кеменің орналасу пункті _______________________________________

      7. Әуе кемесі командирінің (ұшу экипажы мүшесінің) тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _________________________________________________

      _______________________________________________________________

      8. Техникалық бақылау құралдарының түрі _________________________

      9. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер ____________________________________________

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі __________________________________

      11. Жер қойнауын пайдалану ауданы (аудандары) ____________________

      _______________________________________________________________

      ___________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі

      командирінің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

4-қосымшаға парақтың сырт жағы

      Ерекше белгілер

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шекара қызметі әскери бөлімінің бақылау өткізу туралы белгілері

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

Құрлықтық қайраңда орналасқан

келісімшарт аумағындағы жер

қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларға тартылған

қазақстандық және шетелдік

теңіз кемелері мен қазақстандық

әуе кемелерінің

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік шекарасын

бірнеше мәрте кесіп өтуіне

рұқсаттар беру қағидаларына

5-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беру туралы өтініш

      Кімге__________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен_________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаның, толық атауы немесе

      дара кәсіпкердің Т.А.Ә., оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__"________ № ___

      қаулысына сәйкес ______________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану ауданы көрсетіледі)

      ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алуға өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген әуе кемелері туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

      ____________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің

      қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат беруге арналған өтінішке мәлімделген қазақстандық әуе кемесі туралы мәліметтер

      1. Кеменің атауы (бар болса) ______________________________________

      2. Әуе кемесінің түрі _____________________________________________

      3. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі ____________________________________

      4. Кеменің орналасқан орны _______________________________________

      5. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тізілімдерінде әуе кемесінің тіркелуі туралы мәліметтер ____________________________________________

      6. Әуе кемесін пайдаланушының – заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы, ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Әуе кемесі меншік иесінің атауы және мекенжайы __________________

      ____________________________________________________________________

      8. Кеме командирінің (иесінің) (ұшу экипажы мүшесінің) тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Техникалық бақылау құралдарының түрі __________________________

      10. Жер қойнауын пайдалану ауданы (аудандары) ____________________

      ____________________________________________________________________

      11. Кеменің жер қойнауы ауданына ұшуы кездегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаттары мен мерзімдері _________________________________________

      12. Қазақстан Республикасы кемесінің орналасу пункті және жер қойнауын пайдалану ауданына ұшып шығу нүктесі _______________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе

      дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

Құрлықтық қайраңда орналасқан

келісімшарт аумағындағы жер

қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларға тартылған

қазақстандық және шетелдік

теңіз кемелері мен қазақстандық

әуе кемелерінің

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік шекарасын

бірнеше мәрте кесіп өтуіне

рұқсаттар беру қағидаларына

6-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыруға өтініш

      Кімге________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен_______________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (заңды мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы,

      немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы "__" __________ № ____ қаулысына сәйкес________ әскери бөлім 20 __ жылғы "__" _______ берген ________ сериясы _______ № ______ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы:

      1. ___________________________________________________

      2. ___________________________________________________

      3. ___________________________________________________

      4. ___________________________________________________

      5. ___________________________________________________

      6. ___________________________________________________

      7. ___________________________________________________

      Экипаж мүшелерінен мыналарды – тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы:

      1. ___________________________________________________

      2. ___________________________________________________

      3. ___________________________________________________

      4. ___________________________________________________

      5. ___________________________________________________

      6. ___________________________________________________

      7. __________________________________________________ шығаруды сұраймын.

      Экипаж мүшелеріне мыналарды – тегі, аты, әкесінің аты, кемедегі лауазымы:

      1. ___________________________________________________

      2. ___________________________________________________

      3. ___________________________________________________

      4. ___________________________________________________

      5. ___________________________________________________

      6. ___________________________________________________

      7. ___________________________________________________ қосуды сұраймын

      _______________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе

      дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.