Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      4. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті осы қаулының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне берсін.

      6. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 қазандағы
№ 594 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Дін істері және
азаматтық қоғам министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік жастар саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

      3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс.

      10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.

      11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Министрліктің миссиясы:

      діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік жастар саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салаларында мемлекеттік реттеу.

      15. Міндеттері:

      1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, жастар саясаты салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру;

      2) Министрліктің құзыретіне жататын қызметі салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

      16. Орталық аппараттың функциялары:

      1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, мемлекеттік жастар саясаты салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2) Министрлік реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      4) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдер, меморандумдар және шарттарды, оның ішінде Министрлік реттейтін салаларда халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

      5) Министрлік реттейтін салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      6) Министрліктің стратегиялық жоспарын бекіту;

      7) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      8) Министрлік реттейтін салаларда мемлекеттік ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

      9) қызметтік куәлікті беру тәртібін және оның сипаттамасын әзірлеу және бекіту;

      10) Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жұмысын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      11) Министрлік реттейтін салаларда мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерін аттестаттау қағидаларын бекіту;

      12) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;

      13) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

      14) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

      15) діни қызмет саласында шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      16) дiнтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту;

      17) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      18) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Министрлік реттейтін салаларда әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту;

      19) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      20) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етудi жүзеге асыру;

      21) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;

      22) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауапкершілікке тарту;

      23) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      24) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      25) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      26) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      27) мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру үрдістерін талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      28) білім және тәрбие жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;

      29) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      30) мемлекеттік жастар саясаты және білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      31) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      32) әкімдіктер жанындағы жастар істер жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      33) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      34) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      35) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлеу;

      36) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу;

      37) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      38) Министрлік жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін заңнамаға сәйкес қамтамасыз ету және құру;

      39) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      40) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту;

      41) уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесін және құрамын бекіту;

      42) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту;

      43) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат беру;

      44) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      45) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту;

      46) жеке кәсiпкерлiк субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу;

      47) сарапшылық кеңестің қарауына мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерден басқа, кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді енгізу;

      48) кәсiпкерлiкті мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

      49) қоғамдық кеңес құру;

      50) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      51) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын белгілеу;

      52) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;

      53) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдік құрамын бекіту;

      54) Қоғамдық кеңес қызметі туралы ережені бекіту;

      55) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      56) интернет-порталда ашық деректер ақпаратын орналастыру;

      57) интернет-порталда ашық бюджеттер ақпаратын орналастыру;

      58) интернет-порталда ашық нормативтік құқықтық актілер ақпаратын орналастыру;

      59) интернет-порталда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау ақпаратын орналастыру;

      60) интернет-порталда ашық бюджеттердің ақпаратын орналастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актіні келісу;

      61) ақпараттың сапасына және уақтылы берілуіне ішкі бақылау жүргізу;

      62) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Ведомстволардың функциялары:

      1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      2) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      3) Министрлік ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;

      5) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;

      6) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;

      7) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      8) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      9) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      10) ведомстволық ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      11) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын асыруға қатысу;

      12) республикадағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізу;

      13) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу мен талдау жүргізу;

      14) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіру;

      15) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;

      16) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарау;

      17) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      18) конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту бойынша жастар арасында түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      19) жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      20) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      21) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу;

      22) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      23) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      24) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      25) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;

      26) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асыру;

      27) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;

      28) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;

      29) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беруді жүзеге асыру;

      30) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) Министрліктің жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқада мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      19. Министрлікке басшылық етуді Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.

      20. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

      22. Министрдің өкілеттіктері:

      1) Министрлік реттейтiн салада мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

      4) сарапшылық кеңестерді және өзге де Министрлік жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды құрады;

      5) өз орынбасарларының (вице-министрлерінің) өкiлеттiктерiн белгілейді;

      6) орынбасарлардың (вице-министрлердiң) бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктейді;

      7) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

      8) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      9) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;

      10) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi;

      11) Министрлікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. Министр өз орынбасарларының (вице-министрлерінің) өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейді.

      24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Министрліктің мүлкі

      25. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      26. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы
ұйымдардың тізбесi
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігінің Дін істері комитеті

      1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті

      1. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 қазандағы
№ 594 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 224-38-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне

      375. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат):

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кеңесті Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі басқарады";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті құрылымдық бөлімшесінің басшысы, хатшы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті құрылымдық бөлімшесінің басшысы, хатшы";

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары";

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры

      Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы".

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;";

      5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалар алып тасталсын;

      5-5) және 5-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-5) білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      5-6) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;";

      5-7), 11), 50), 50-1), 50-2), 50-3), 50-4), 73) және 73-1) тармақшалар алып тасталсын.

      4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      мына:

      "

3.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

3534


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

3248


       "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

3409


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

3188


       ";

      21) және 22) тармақшалар алып тасталсын;

      6-бөлімде:

      мына:

      "

6.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

989,5


       "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

967,5


       ";

      11-бөлімде:

      мына:

      "

11.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

3951


       "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

3577


       ";

      мынадай мазмұндағы 13-бөліммен толықтырылсын:

      "

13.

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

263


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

60

1)

"Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" РММ

30

2)

"Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" РММ

30


       ".

      5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласында мемлекеттік реттеу, сондай-ақ ел бірлігінің нығаюының тиімді жүйесін қолдау.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Міндеттері:

      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру;

      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.";

      16-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;";

      25) тармақша алып тасталсын;

      78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет, мұрағат ісі, дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ спорттық медицина ұйымдары қызметіне басшылықты жүзеге асыру;";

      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;";

      98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "98) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысын тағайындауды келісу;";

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) мәдениет, мұрағат ісі, дене шынықтыру және спорт саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру;";

      119-1) тармақша алып тасталсын;

      17-тармақта:

      8-2) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу;";

      10-2), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 19), 19-1), 20), 21-1), 22), 23), 25), 26), 27), 28) және 29) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 57 және 58-жолдар алып тасталсын.

      6. "Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 630-құжат):

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне берілуін;".