Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 және "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 513 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 704-құжат) қаулысында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметтің лицензиары;
      2) Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Көліктегі ішкі істер департаменттері азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметтің лицензиары болып белгіленсін.»;
      2) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 705-құжат) қаулысында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов