Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы
11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумда:
«ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны басқару мәселелерi» деген 5-бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚазАгро» холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (мәртебесі бірінші басшының орынбасарынан төмен емес), сондай-ақ тәуелсіз директорлар мен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді.»;
2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 246-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 506 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 377 қаулысына
1-қосымша
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін мемлекеттік
органдардың өкілдері
Мырзахметов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Бишімбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Айтуғанов |
- |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі |
Теңгебаев |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |