"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 503 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Білім алушы мектептің жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда, Комиссия оны гранттан айыру туралы мәселені қарауға бастамашылық етеді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Гранттың мөлшерлері:
      1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 803 464 (бір миллион сегіз жүз үш мың төрт жүз алпыс төрт) теңгені;
      2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 744 094 (екі миллион жеті жүз қырық төрт мың тоқсан төрт) теңгені құрайды.
      Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов