Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 42-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:
«
43-1 |
Аурулар диагностикасының және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің әлеуетін арттыру және енгізу |
Шетелдік мамандарды тарта отырып, негізгі клиникалық бағыттар, сондай-ақ озық клиникалық бағыттарды/технологияларды енгізу бойынша оқытуды жүргізу |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ |
059 «Аурулар диагностикасының және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің әлеуетін арттыру және енгізу» |
159 676 |
».
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 494 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 972 қаулысына
4-қосымша
Облыстық бюджеттерге дағдарыстық жағдай қаупі төнген және
туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар жүргізуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
Р/с № | Облыстардың атауы | Сомасы, мың теңге |
---|---|---|
Барлығы |
78 986 | |
1. |
Ақтөбе облысы |
17 291 |
2. |
Атырау облысы |
15 251 |
3. |
Алматы облысы |
8 291 |
4. |
Қостанай облысы |
17 291 |
5. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
1 571 |
6. |
Батыс Қазақстан облысы |
19 291 |