РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры болып айқындалсын.
2. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |