Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 863-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 25, 398-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов