Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081қпү қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 441 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттеріне:
      5-1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «

5-1

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, оның аумақтық органдарын қоса алғанда:

2309

                                                               »;

      2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081қпү қаулысында:
      қаулының деректемесінде:
      тіркеу нөмірі мынадай редакцияда жазылсын:
      «№ 1081»;
      «Қызмет бабында пайдалану үшін», «№__дана» деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың тізбесін әзірлеу;
      1-2) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін бекіту;»;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 34), 35), 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:
      «34) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
      35) мемлекеттік қызметшілерді халықаралық және басқа ұйымдарға іссапарға жіберу тәртібін әзірлеу;
      36) лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу тәртібін әзірлеу;
      37) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау тәртібін әзірлеу;»;
      18-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу және әрі қарай Қазақстан Республикасы Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;»;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;»;
      20-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жемқорлық қылмыстарының алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кейіннен Қазақстан Республикасы Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілетін жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындауға қатысу;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жедел-iздестiру және тергеу қызметі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасын талдауды жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) архив құжаттарын жинақтауды (сатып алуды) арнайы мемлекеттік архивте тұрақты сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Министрлік жедел-iздестiру қызметі, қылмыстық-процестік қызметті қамтамасыз етуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және іс жүргізу мәселелерін қоспағанда, ведомствоның қызметін үйлестіреді және олардың құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша ведомствомен өзара іс-қимыл жасайды.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов