Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 300 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 368-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов