"Астанақалалықжолзертханасы" және "Алматықалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемелерін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 388 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Астанақалалықжолзертханасы» және «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – мекемелер) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласының (аясының) басқару жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалсын.
      3. Мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 388 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында.
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасың мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі»;
      «Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер» деген бағандағы «Көліктік бақылау комитетінің инспекциялары:» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік комитетінің инспекциялары:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік табелінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

Арнайы

Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу

Автомобиль жолдары комитетіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер:

1

Ақмолажолзертханасы

1

Ақтөбежолзертханасы

1

Алматыжолзертханасы

1

Атыраужолзертханасы

1

Батысжолзертханасы

1

Жамбылжолзертханасы

1

Шығысжолзертханасы

1

Қарағандыжолзертханасы

1

Қызылордажолзертханасы

1

Қостанайжолзертханасы

1

Маңғыстаужолзертханасы

1

Павлодаржолзертханасы

1

Солтүстікжолзертханасы

1

Оңтүстікжолзертханасы

1

Астанақалалықжолзертханасы

1

Алматықалалықжолзертханасы

1

                                                                 »;

      көрсетілген қаулымен бекітілген арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі»;
      «Арнайы су көлігін пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер» деген бағандағы «Көліктік бақылау комитетінің инспекциялары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік комитетінің инспекциялары:».
      2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«

5

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2762


Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

386

1)

Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты
(Орал қаласы)

203

2)

«Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы

71

3)

Ақмолажолзертханасы

7

4)

Ақтөбежолзертханасы

7

5)

Алматыжолзертханасы

7

6)

Атыраужолзертханасы

7

7)

Батысжолзертханасы

7

8)

Жамбылжолзертханасы

7

9)

Шығысжолзертханасы

7

10)

Қарағандыжолзертханасы

7

11)

Қызылордажолзертханасы

7

12)

Қостанайжолзертханасы

7

13)

Маңғыстаужолзертханасы

7

14)

Павлодаржолзертханасы

7

15)

Солтүстікжолзертханасы

7

16)

Оңтүстікжолзертханасы

7

17)

Астанақалалықжолзертханасы

7

18)

Алматықалалықжолзертханасы

7

                                                                  »;

      3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
      «6. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» деген бөлімде:
      «Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Астанақалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      16) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».