"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 386 қаулысы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 227-құжат. Басуға қол қойылған күні 21.07.2016 ж. жарияланды

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      5-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын, корпоративтік кепілдікті және бұрын ұсынылған жылжымайтын мүлік кепілдіктерін ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 60 %-нан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Бәйтерек девелопмент" АҚ СОО-ны үлестік меншігіне алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде сатып алу-сату шартына сәйкес өз үлесін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен сатады:

Шарттың нысанасы

-

"Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның

СОО-дағы үлесін бөліп төлеу мүмкіндігімен сату;

Шарттың бағасы

-

"Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның СОО құрылысына инвестицияларының құрылыс кезеңінде жиналған пайыздар ескерілген мөлшері;

Бөліп төлеу кезеңі

-

инвестициялау шартына қол қойылған күннен бастап 19 жыл 10 ай;

Төлем тәртібі

-

кестеге сәйкес;

Үлесті сатып алу бойынша бірінші төлем күні

-

2018 жылғы 1 желтоқсан;

Бөліп төлеу кезеңіндегі сыйақы

-

2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін:

- жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады;

- жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді, 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап:

- жылдық 3 % инвестицияланған қаражат құнының қалдығына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Қамтамасыз ету

-

СОО ғимараты, СОО бойынша жобалау компаниясының жарғылық капиталындағы СОО бойынша жобалау компаниясы қатысушыларының қатысу үлесінің 100 %;

Айрықша шарттар

-

СОО бойынша жобалау компаниясының СОО қызметінен алған таза табысы "Бәйтерек девелопмент" АҚ үлесін сатып алуға жұмсалады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов